Үй құстары балабақшадағы ашық сабақтар
Кіріспе бөлім
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
Ендеше қонақтармен амандасып алайық..
Үлкенге де,сіз
Кішіге де, сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Шеңбер бойында тұру .
Қолды алға созу.
Қолды кеудесіне қою
Басты төмен ию.
Аралық бөлім
Күтпеген сәт: « Құстардың дыбысы »
Сурет арқылы балаларды үй құстарымен
таныстырамын . Үй құстарына тауық, қаз ,әтеш , үйрек жатады. Құстардың пайдасы туралы айту
Тауық: қыт-қыт
Әтеш: ку ка – ре- ку
Қаз : қаңқ –қаңқ
Үйрек : быт –быт деп дыбыстайды
Балалардан құстардың атын сұрап , дыбысын тыңдатып балаларға қайталатамын
Дыбыстарды қайталайды.
Қорытынды бөлім
Сергіту сәті :
Тауық тары жинапты
Оны ешкімге қимапты
Бөтекесін толтырып
Қамбасына құймапты
Қыста тауық қыт-қыттап
Тары іздеп жүр тақылдап
Жұмыртқа жарылады
Балапан шығады
Ойын «Құстарға жем жинаймыз»
Шарты: балалар жемді жинап тауыққа береді .
Балалар жарайсындар, енді барлығымыз бірге тауық пен оның балапандарына би билеп берейік.
Би: «Шөжелерім»
Тары іздеу қимылын жасайды.
Қолдарын айқастырады
Бүйірлерін ұстайды
Басын шайқайды
Тауық сияқты дыбыс шығарады
Тауыққа ұқсап жүреді
Балалар құстарға жем жинайды .
Балалар би қимылдарын жасайды