Үй печенесі, технологиядан күнделікті сабақ жоспары
Қызыл — төбе елді мекені, №2 орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Утегенова Жибек Жаналиевна
Сабақтың тақырыбы: «Үй печенесі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс — тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын білуге, үй печенесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқанды әзірлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек — сызбалар, сурет, журналдар, дастарқан жабдықтары, т. б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі
— Оқушылармен сәлемдесу.
— Сабаққа қатынасын анықтау.
2. Ұннан жасалған кондитер тағамдарын әзірлеу үшін бір — бірінен рецептурасы, консистенциясы және дайындау тәсілі бойынша ерекшеленетін қамырдың әр түрлісі пайдаланылады. Консистенциясы жағынан қамыр сұйық, дайындау тәсілі бойынша ашытқылы және тұщы болады. Ашытқылы және тұщы қамырлар рецептурасына байланысты тоқаштық және тоқаштық емес болып бөлінеді. Тұщы қамыр үгілмелі, қаттамалы, бисквитті болады. Тағамның әр түрі үшін қамыр белгілі бір рецепт бойынша иленеді.
Үгілмелі қамыр илеуді, жасауды, печенье үлгілерін жасауды және пісіруді үйрету.
Ыдыс — аяқ, құрал — жабдықтар: тостақ, ас қасығы, ас тақтайшасы, металл қалыптар, тәрелкелер, пышақ.
Азық — түлік: ұн — 2, 5 стақан, құмшекер — 1стақан, сары май — 100 г, жұмыртқа 2 дана, тұз, сода.
Сабақты бекіту. Үй печенесі туралы нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: «Үй печенесін әзірлеу»