ҰБТ тестер: ҰБТ- ға әзірлік — sabaq.kz
Ақжайық ауданАқжайық аудандық білім бөлімі
Аудандық әдістеме кабинеті
Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің биология – география пәндерінің мұғалімі Мұхтарова Лаззат Тельманқызының және биология – химия пәндерінің мұғалімі Аманағали Асыл Өмірзаққызының іс-тәжірибесінен
Мұхтарова Лаззат Тельманқызы
География – биология пәні мұғалімі
Проблемалық тақырыбы: «Биология сабағында жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық жұмыстануға баулып, салауаттылық тәрбие беру»
Аманағали Асыл Өмірзаққызы Биология – химия пәндерінің мұғалімі
Проблемалық тақырыбы: «Биология сабағында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру »
Мазмұны:
- Кіріспе …………………………………………………………………………………………………
- Өсімдіктердің вегетативті мүшелері ………………………………………………….
- Тамыр……………………………………………………………………………………………………
- «Тамыр» тақырыбына арналған бекіту тест сұрақтары………………………….
- Сабақ…………………………………………………………………………………………………….
- «Сабақ» тақырыбына арналған бекіту тест сұрақтары……………………………
- Жапырақ………………………………………………………………………………………………..
- «Жапырақ» тақырыбына арналған бекіту тест сұрақтары………………. Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………………
Кіріспе
Білімнің қайнар көзі сарқылмайды,білім жолында адамзат
қандайлық зол табыстарға ие болса да,адамдар ізденуден
ақиқатты ашудан және танып білуден еш айнымайды.
И.А.Гончаров.
Қазіргі ғылыми- техникалық өрлеген заманда білім жағынан алға өрлемесек болмасы анық.ҰБТ –оқушының нағыз білім нәтижесін бәйгеге қосатын сынағы.Жылма-жыл ҰБТ тапсырмалары күрделеніп,жаңарып,ауқымды тақырыптарды (пәні бойынша) қамтып түрленуде.Оқушы ҰБТ-ні тапсыруы үшін әрине жан-жақтылық танытып,өз таңдаған пәнің жетік меңгеруі тиіс.Биология пәні айтарлықтай таңдау пәні ретінде жылда көп таңдалады.Себебі,биология қызғылықты ерекше жан-жақты пән.Сондықтан біздер сіздерге өзіміздің «Өсімдіктер» бөлімі бойынша «Өсімдіктердің вегетативті мүшелері» тарауына қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімізді өз іс-тәжірибемізден ұсынып отырмыз.Оқушылардың тарау бойынша білімді толық игеріп шығуына мүмкіндік жасауға баса назар аударамыз.Сабағымызда да, ҰБТ-ға әзірлікте де оқуышалардың білімін көтеру мақсатында оқытудың жаңа технологияның әдіс тәсілдерімен түрлендіріп өткіземіз.
Сыни тұрғысынан ойлау әдісі бойынша «Түртіп алу» стратегиясын қолдана отырып,оқушының нені білетінің,нені білуді қажет ететінің біле аламыз.Бұл стратегия бойынша оқушы жұмыстанғанда тақырыптың меңгерілмей,қаралмаған тұсы болмайды.Түгел тақырыпты оқып,қарастырады,оқулықпен етене жұмыстанады.Болашақта оқушы қай тақырыпта не жазылғаның оңай тауып ала алады.СТО жобасының стратегияларын қолдану оқушылардың ізденушілік,зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруына жол ашылады. «Қарлы кесек» стратегиясын қолданып,оқушыларды топтастыра жұмыстандырып,оларды шапшаңдыққа,дәлдікке үйретіп қана қоймай, жауап бергенде оқушы сасқалақтамай,ойын тез жинақтап ала алуына дайындаймыз.Бұл стратегияны қолданғанда оқушы психологиялық жағынан сабырлыққа үйренеді.Мысалға:
А тобының сұрақтары В тобына:
- Жуашығымен көбейетін өсімдік: Қызғалдақ
- Бейорганикалық заттарды сіңіріп,органикалық зат түзетін ағзалар: Өсімдіктер
- Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі: Бегония
- Тамырдың қай аймағында митоздық бөліну жүреді?Бөліну аймағында
В тобының сүрақтары А тобына:
- Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратың тамырдың қай бөлімі? Сору аймағы
- Жапырақ тақтасын сабақпен жалғастырады: Сағақ
- Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдік: Бақ-бақ
- Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы: Тамыр оймақшасы
- Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр: Негізгі тамыр
Оқушыларды былай топтастырып, тақырыптарға бөліп сұрақ-жауаптармен алмастыру олардың тақырыпты қайталатып,бекітіп,тест тапсырмаларын есте сақтауларына да жақсы көмегін тигізеді.Бұл әдісті сонымен қатар қарама – қарсы сұрақтармен алмастыруғада болады,мысалға:
1-2. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі.
Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі.
3-4. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ
Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз
5-6. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну
Қалың түктері бар тамыр бөлімі:
а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору
7-8. Күрделі жапырағы бар өсімдік: Асбұршақ
Жай жапырағы бар өсімдік: Алма,алмүрт
- Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратың тамырдың қай бөлімі? Сору аймағы Органикалық заттар сабақтың қандай ұлпасы арқылы қозғалады? Сүзгілі түтіктер
«Топтастыру » стратегиясы бойынша оқушылардың ойын жинақтап алуға болады.
Осылай топтастырып әрбір вегетативті мүшенің қызметін немесе маңызын,түрөзгерістерін немесе түрлерін талдауға болады.
Кесте құрастыру арқылы мұғалім өзі сабағына жете дайындалып қана қоймай,кесте арқылы оқуышлардың теориялық білімін тереңдете түседі.Оқушыларға бірінші кестені толтыру тапсырмаларын беремін.Кестені толтыруда оқушылар түгел тақырыптармен жұмыстанады,қосымша ізденеді.Өсімдік мүшелерінің ереікшелітерін тез айыруға үйренеді.
Мысалға «Тамыр бөлімдері» тақырыбы бойынша бірінші кестені тапсырамын
№ | Тамыр аймақтары | Құрылысы |
Қызметі |
|
Жасушалары | Ұлпалары | |||
1 |
Артынан дұрыс кестені көрсетіп, талдау,өз кестелерін толықтыру жұмыстарын жүргіземіз.
Биология пәнінен сонымен қатар В.Ф. Шаталовтың тірек-сызба белгілерін қолдана білген де жақсы нәтижеге жүйелі түрде жетелейді.Тірек сызба әрі көрнекілік,әрі көмек нұсқау қызметін атқарып қана қоймай,оқушылардың алған ибілімдерін іс-жүзінде қолдануымен бірге дүниетаным көзқарасын қалыптастырады.
Тірек –сызбаның мұғалімдер тарапынан көп қолдау тауып,оқыту үдерісінде кеңінен қолданыста жүреді.Өйткені тірек – сызба оқушыға тиянақты білім беруге бағытталған белгілі бір жүйесі бар,қарапайымнан күрделіге қарай оқушының ой-өрісін дамытатын бірден –бір әдіс кешені.Кестемен жұмыстанғанда оқушылардың өздері жаппай жұмыстанатының, тақырыптан ең негізгі жерлерді таңдап алуларына үйрететінін байқадық,әрі кестелерді салыстыру жұмыстарын жүргізгенде білім қысқаша әрі жинақы берілетін,уақыттын үнемделетін артықшылығы бар.
Жеке пәннен тест әдісін тақырыптық тест ретінде тақырып соңында алған білімді қайталап-бекітіп өткізіп отырамыз.Қазіргі таңда оқушының алған білімі тест арқылы тексерілетіні бәрімізге аян.Осы тарау бойынша құрастырған тақырыптық тест топтамасын ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар мүшелердің ішкі құрылысын талдату жұмыстарын да жүйелі жүргізіп отырамыз.Себебі оқушы теориялық оқығаннан көзбен көрген анағұрлым түсінікті. Әрине бұл әдіс-тәсілдерді мұғалім өз ыңғайына қарай қажетті програмаларына енгізіп,ИТ (интерактивті тақта) арқылы немесе қағаз түрінде (дидактикалық материал),кодоскоп арқылы оқушыға ұсынуына болады.Бұл әрекеттердің барлығы ұстаз шеберлігіне қарай.
Бүгінгі ғылыми – техникалық прогресс дәуірінде оқушы қиялына қозғау салып,қанат бітіріп, ой – өрісін ұштай отырып, дамыту – білім берудің алғы шарты. Ендеше сіздерге ұсынып отырған іс – тәжірибеміздің кішкене болса да ұстаздар қауымына көмегі тиер деген үміттеміз.
ІІ. Өсімдіктердің вегетативті мүшелері
Мүше
1-тірек сызба. Өсімдіктердің вегетативті мүшелері
2.1.Тамыр.
Тамырлар- өсімдіктердің топырақ астында өсетін негізгі бөліктері.Негізгі міндеті – топырақ бетіндегі өсімдікті қоректендіру.
2-тірек сызба. Тамыр жүйесі.
3- тірек сызба. Тамырдың түрөзгерістері
№ | Тамыр аймақтары | Құрылысы |
Қызметі |
|
Жасушалары | Ұлпалары | |||
№ | Тамыр аймақтары | Құрылысы |
Қызметі |
|
Жасушалары | Ұлпалары | |||
1 | Тамыр оймақшасы
1 см |
Тірі,жұқа қабықшалы жасушалар | Жабын,
түзуші (меристема)ұлпалар |
Нәзік жасушаларды қажалудан қорғайды,тамырдың топырақта қозғалуын жеңілдетеді |
2 | Бөліну аймағы | 1.Сыртқы:
А) мөлдір өң; В) оймақша.
А)алғашқықабық.
А)орталық цилиндр түзіледі. |
Түзуші ұлпа | Тамырды ұзартып өсіреді |
3 | Өсу аймағы | Созылыңқы, жас жасушалары бөлінбейді | Өткізгіш ұлпа | Тамыр ұзыннан созылып ұзарады.Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді |
4 | Сору аймағы | Тамыр түкшелері, 1 мм2 бетінде 200- 400 дейін болады.10-20 тәулік тіршілік етеді. | Өткізгіш, тірек ұлпа | Су мен онда еріген минералды тұздарды сорады.Тірек қызметін атқарады. |
5 | Өткізу аймағы | Жанама тамырлар көп болады | Өткізгіш ұлпа | Қоректік заттарды жер үсті мүшелеріне өткізеді |
- Кесте. Тамыр бөлімдері. (Алдымен кесте оқушыларға толтыруға беріледі.)
2.2 «Тамыр » тақырыбына арналған бекіту тест сұрақтары
- Өсімдіктіңжерастықоректенумүшесініңеңұшы:
- A) Жанаматамыр
- B) Тамыроймақшасы
- C) Қосалқытамыр
- D) Негізгітамыр
- E) Тамыртүкшесі
- Жуашығымен (пиязшығымен) көбейетінөсімдік
- A) Көктерек
- B) Қызғалдақ
- C) Картоп
- D) Шегіргүл
- E) Мойыл
- Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдік:
- A) Пияз.
- B) Жүгері.
- C) Күріш.
- D) Бидай.
- E) Бақ-бақ.
- Тамыры жеміс болатын өсімдік
А) Пияз
Б) Сарымсақ
С) Сәбіз
Д) Картоп
Е) Укроп
- Қосалқы тамырлар жүйесі қандай құрылысты болады?
А) Кіндік
Б) Шашақты
С) Тамыртүйнекті
Д) Тамыр жемісті
Е) Дұрыс жауабы жоқ
- Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры:
А) Жанама
Б) Кіндік
С) Негізгі
Д) Қосалқы
Е) Шашақ
- Ұрық тамыршасынан пайда болған тамырды қалай атайды?
А) Жанама тамыр
Б) Қосалқы тамыр
С) Негізгі тамыр
Д) Кіндік тамыр
Е) Тамыр түктері
- Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдік:
- A) Пияз. B) Жүгері. C) Күріш. D) Бидай. E) Бақ-бақ.
- Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратын тамырдың –
- A) Өткізу аймағы.
- B) Оймақшасы.
- C) Бөліну аймағы.
- D) Өсу аймағы.
- E) Сору аймағы.
- E) Жүгері.
- Тамыр қалемшесі арқылы көбейе алады
- A) Ақжелкен
- B) Тобылғы
- C) Топинамбур
- D) Үйеңкі
- E) Бидай
- Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратын тамырдың –
- A) Бөліну аймағы.
- B) Сору аймағы.
- C) Оймақшасы.
- D) Өсу аймағы.
- E) Өткізуаймағы.
- Негізігі тамыр неден дамиды?
А) сабақтан;
в) жанама тамырдан;
с) қосалқы тамырдан;
д) ұрық тамыршасынан.
12.Тамыр жүйесін не құрайды?
А) өсімдіктің барлық тамырлары;
В) жанама тамырлар;
С) қосалқы тамырлар;
Д) негізгі тамырлар.
- Берілген өсімдіктердің қайысысына кіндік тамыр жүйесі тән?
А) асбұршаққа;
В) бидайға;
С) пиязға;
Д) самырсаққа.
- Қандай өсімдіктерге шашақ тамыр жүйесі тән?
А) асбұршаққа;
В) асқабаққа;
С) бидайға;
Д) қауынға.
- Қосалқы тамыр неден тарайды?
А) сабақтан;
В) жапырақтан;
Д) жанама тамырдан;
С) сабақ пен жапырақтан.
- Тамырдың бөліну аймағында қандай ұлпа орналасқан?
А) түзуші;
В) өткізгіш;
С) фотосинтездеуші;
Д) тірек;
- Тамырдың қай аймағындағы жасушалары әрдайым бөлініп, өсіп отырады?
А) өсу аймағындағы;
В) бөліну аймағындағы;
С) сору аймағындағы;
Д) өткізу аймағындағы.
18.Тамыр түктері қай аймақта орналасады?
А) өсу:
В) бөліну;
С) өткізу;
Д) сору.
- Тамырдың түзуші ұлпасы қандай аймақта орналасқан?
А) бөліну;
В) өткізгіш;
С) өсу;
Д) сору.
- Жас тамырда қандай аймақтарды ажыратуға болады?
А) бөліну;
В)өткізгіш;
С) өсу;
д) барлық жауаптар дұрыс.
- Топрақтағы су және минералды заттар не арқылы өтеді?
А) тамыр өсінділері арқылы
в) жанама тамырлар арқылы
с) қосалқы тамырлар арқылы
Д) негізгі тамыр ақылы
22.Түктер арқылы…..өтеді.
А) органикалық заттар;
В) су мен минералды заттар;
С) су мен органикалық заттар;
Д) су.
- Шашақ тамыр жүйесі қай өсімдікке тән:
а) сәбіз; ә) ламинария; б) күріш.
- Қосалқы тамырлар өсіп шығады;
а) өркеннен; ә) негізгі тамырдан; б) екеуінен де.
- Бидайдың тамыры қаншалықты тереңге барады:
а) 20см; ә) 1м; б) 2м.
- Тамыртүйнек қай тамырдың түр өзгерісі:
а) негізгі тамырдың ; ә) қосалқы тамырдың; б) дұрыс жауабы жоқ.
- Жанама тамырлар негізгі тамырдың қай аймағына тарайды:
а) тамыр аймақшасынан; ә) өсу аймағынан; б) өткізу аймағынан.
- Өсімдіктің тамыр жүйесін құрайтын тамырлар-
A) Ұрық тамыршасы.
B) Негізгі.
C) Бір өсімдіктегі тамыр жиынтығы.
D) Жанама.
E) Қосалқы.
25.Пияз, сарымсақ,қызғалдақ көбейеді:
А) Түйнек арқылы.
В)Тамырсабақ арқылы.
С) Мұртшалар арқылы.
Д) Пиязшықтары арқылы.
Е) Қалемше арқылы.
26.Тамыр ұшы аймақтарының дұрыс реті:
А) Өсу аймағы, бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы.
В)Бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы, өсу аймағы.
С)Бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы,өткізу аймағы.
Д)Өткізу аймағы, бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы.
Е) Сору аймағы, өсу аймағы, бөліну аймағы, өткізу аймағы.
- Тамыр жүйесінің сипаттамасы:
7.1 Шашақ тамыр жүйесі немесе тамырсабақ.
7.2 Тамырсабақ ,тамыртүйнек немесе пиязшық.
7.3. Кіндік тамыр жүйесінде азот бактериялары шоғырланған түнекшелері бар.
7.4. Кіндік тамыр жүйесі
- Өсімдік мүшелерінде түзуші ұлпаның болатын жері:
а) тамыр, өркен ұшында;
ә) сүрек пен қабық арасында;
б) тамыр, өркен ұшында, сүрек пен қабық арасында.
29.Қосалқы тамырлар өсіп шығады:
а) өркеннен;
ә) негізгі тамырдан;
б( екуінен де.
- Бидайдың тамыры қаншалықты тереңге барады:
а) 20 см; ә) 1 м; б) 2 м.
- Тамыртүйнек қай тамырдың түр өзгерісі:
а) негізгі тамырдың ;
ә) қосалқы тамырдың;
б) дұрыс жауабы жоқ.
- Жанама тамырлар негізгі тамырдың қай аймағынан тарайды:
а) тамыр аймақшасынан;
ә) өсу аймағынан;
б) өткізу аймағынан
- «…» -бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі:
А) жапырақ; б) ризоид;
ә) тамыр; в) тамырсабақ.
- Тамырын өзгерткен өсімдік:
А) пияз;
В) сарымсақ;
С) Сәбіз;
Д) картоп;
Е) аскөк
- мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында құртқашашты көбейтеді:
А) тамырсабақтарынан
В) мұртшаларынан;
С) түйнегінен
Д) жапырағынан
Е) сабақтарынан
- шығу тегіне қарай тамырлар бөлінеді:
А) негізгі,кіндік,шашақ
В) қосалқы,кіндік,шашақ
С) қосалқы,негізгі,шашақ
Д) негізгі,жанама,қосалқы
Е) негізгі,кіндік,қосалқы
- тыныс алу қызметін атқаратын тамыр … өсімдікке тән:
А) нарғызгүл
В) сәбіз
С) орхидея (сүйсін)
Д) саңырауқұлақ
Е) үнді фикусы
- шашақ тамыр жүйесі бар өсімдік:
А) үрмебұршақ
В) қауын
С) күнбағыс
Д) пияз
Е) бақ-бақ
- тамырдың сору бөлімінің орналасуы:
А) өткізгіш аймақтан жоғары
В) бөліну аймағынан кейін
С) өсу аймағының астында
Д) өсу аймағының үстінде
Е) тамыр оймақшасының астында
- минералды тыңайтқыш:
А) қи
В) азот
С) қарашірік
Д) құс саңғырығы
Е) шымтезек
- кіндік тамыр жүйесінде жақсы дамыған тамыр:
А) ауа тамыр
В) негізгі
С) тек қосалқы тамыр
Д) тірек тамыр
Е) емізік тамыр
- жемтамыры бар өсімдік:
А) батат
В) арамсояу
С) үнді фикусы
Д) қызылша
Е) мангр ағашы
- қосалқы тамырлар өсіп шығады:
А) негізгі тамырдың жан-жағынан
В) ұрық тамыршасынан
С) сабақ пен жапырақтан
Д) ұрық бүршікшесінен
Е) тұқым жарнағынан
- емізік тамырлы:
А) фикус
В) қызылша
С) сұңғыла
Д) батат
Е) сүйсін
- өсімдіктің тамырынан сабаққа судың көтерілу себебі:
А) судың көптілігіне
В) тамыр қысымына
С) диффузияға
Д) ауаға
Е) минералды тұз мөлшеріне
- тамырдың ұшынан өсуін қамтамасыз ететін ұлпалар:
А) бөліп шығарушы
В) негізгі
С) өткізгіш
Д) тірек
Е) түзуші
- мына өсімдікте кіндік тамыр жүйесі кездеспеййді:
А) асқабақ В) күнбағыс С) бидай
Д) қайын Е) үрмебұршақ
- Тамырдың қарқынды өсу мезгілі:
А) қыста В) жазда
С) күзде Д) көктемде Е) барлық мезгілде
- Ең маңызды органикалық тыңайтқыш:
- A) Құс саңғырығы
- B) Қарашірік және құс саңғырығы
- C) Көң D) Ағаш шірінділері E) Күл
- Картопқа ерекше көп қажет тыңайтқыш
- A) Фосфор
- B) Азотты
- C) Калий
- D) Натрий
- E) Селитра
Сабақ – өсімдіктің көрініп тұратын бөлігі,сабақтан өсімдіктің басқа бөліктері – бұтақтары, тамырлары, гүлдері мен жапырақтары өсіп жетіледі.Өсімдіктің сабағы су мен қоректік заттарың өсімдіктің өң бойында жылжу процесіне қатысады.
4- тірек –сызба. Сабақ.Сабақтың түрлері.
Сабақтың түрлері | Сипаты мен қызметі | Мысал |
Сабақтың түрлері | Сипаты мен қызметі | Мысал |
Тік | Өте мықты болады, қатты желдерге төтеп береді | Жүгері,бидай,терек,емен,қайың,қараған,тал,жөке,тобылғы,
ұшқат,күнбағар,т.б. |
Жатаған (желі) | Мұртшалары арқылы ұзарып өсіп,одан қосалқы тамырлар дамиды.Өте әлсіз болады. | Асқабақ,қауын,қарбыз,қияр,
құлпынай,қой бүлдірген |
Шырмал ғыш | Әлсіз,мұртшалары болмайды,бір нәрсеге шырмалып өседі,майысқақ | Шырмауық,құлмақ,лианалар |
Өрмелегіш | Өте жіңішке болғанымен үзілмейтін мықты,мұртшалары бар,өрмелеп өседі | Асбұршақ, жабайы бұршақ |
Қысқарған | Сабағы өте қысқа,жапырақтары сабақтарын айнала дөңгелектене орналасады | Бақбақ,жолжелкен,пияз,ақ қауданды қырыққабат |
2-кесте. Сабақтың түрлері. (Алдымен кесте оқушыларға толтыруға беріледі.)
Сабақтың түрөзгерістері |
Түрөзгеріске ұшырау себебі | Мысал | Сабақтың түрөзгерістеріске ұшыраған бөлігі |
Сабақтың түрөзгерістері | Түрөзгеріске ұшырау себебі | Мысал | Сабақтың түрөзгерістеріске ұшыраған бөлігі |
Сояу | Ылғал жетіспегендіктен жабайы өсетіндіктен қолайсыз жағдайға бейімделуі | Долана,жабайы алма,жабайы алмұрт,т.б. | Бұтақ – жер үсті сабақ |
Шырынды сабақтар | Ылғал жетіспегендіктен ылғалды қорға жинайды | Кактус,сүттіген,т.б. | Бүршік – жер үсті сабақ |
Тамырсабақ | Қоректік зат қорға жиналады,суыққа төзімді | Бидайық,қоңырбас,бетеге,бүлдірген,шыршай,қырлышөп,құрқашаш,риян,кендір,т.б. | Бүршік – жер асты өркен |
Түйнек | Көбеюге қатысады, Қоректік зат қорға жинайды | Картоп,жер алмұрты | Бүршік – жер асты өркен |
Пиязшық | Қоректік зат қорға жинақталады,қолайсыз жағдайға бейімді | Пияз,сарымсақ,сүмбілшаш,жабайы жуа,лалагүл,бәйшешек,қазжуа | Өркен- жер асты өркен, жер үсті өркен |
3-кесте. Сабақтың түрөзгерістері. (Алдымен кесте оқушыларға толтыруға беріледі.)
3.2. «Сабақ.Өркен.Бүршік» тақырыбына арналған тест сұрақтары
1.Су мен минералды заттар сабақтың қандай ұлпасы арқылы қоғалатынын көрсетіңіз.
А)Сүзгілі түтіктер. В)Сүрек. С)Түтіктер. Д)Камбий. Е)Өзек.
2.Сабансабақ бұл:
А) буын аралығының іші бос (қуыс), ал буындары ұлпаға толы болатын сабақ
В)буынаралығы ұзын тік сабақ
С) мұртшасы бар көлбей сабақ
Д) жуан, қысқарған сабақ.
Е) түрі өзгерген түйнек.
3.Сыртқы құрылысы тамырға ұқсас түрі өзгерген өркенді көрсетіңіз.
А) Түйнек. Д)Столон.
В) Пиязшық. Е) Бүршік.
С) Тамырсабақ.
4.Сүрек қандай элементтерден құралатындығын көрсетіңіз.
А) Қабық өңінен. В)Тоздан . С)Түтікшелерден. Д) Сүзгілі түтіктерден . Е) Камбий.
5.Сабақтың өзегі ұлпаның қай тобына жататындығын көрсетіңіз.
А)Түзуші. В)Жабын. С)Ассимиляциялық. Д)Қоржинаушы. Е)Қоректенуші
- Сүрек болады:
А) жапырақта. В) жемісте С) гүлде Д) сабақта Е) тұқымда
7.Сабан сабақ деп қандай сабақты айтады?
А) Іші бос ұлпаға толы болады. В) Ұзын тік сабақ. С) Мұртшасы бар көлбеу сабақ. Д) Жуан қысқы сабақ. Е) Түйнек сабақ
8.Сабағына камбий қабаты жоқ өсімдік:
А) банан; В) эвкалипт; С) терек.
- Су және онда еріген минералды заттар сабақтың қандай ұлпалары арқылы жылжиды?
А) Сүзгілі түтіктер. В) Түтікшелер. С)Талшықтар. Д) Камбий. Е) Өзек.
- Сабақтың өзегі ұлпаның қай тобына жатады?
А) Жасаушы. В) Жабынды. С)Ассимиляциялы. Д) Қоржинаушы. Е)Қоректенуші.
11.Сабақтың ұзарып өсуі қай бөлік жасушаларының бөлінуіне байланысты:
А) алғашқы меристемаға; В) төбелік мирестемаға; С) камбий жасушаларына.
12.Бидайық тамырсабағының жоғарғы жағынан нені көруге болатындығын көрсетіңіз.
А) Тамыр оймақшасын. Д) қосалқы бүршігін. В) Төбе бүршігін. Е) Қолтық бүршігін. С) Бүйірлік бүршігін
13.Буын дегеніміз:
А) Бастама өркен. В)түбіртек. С) өсу конусы. Д) қабықтың жуандаған жері. Е) жапырақ өсетін сабақ бөлімі.
- Бүршік дегеніміз-
А) бастама өркен В) өсу конусы С) жапырақтың сабаққа бекінетін орны Д) түбіртек Е) сору аймағы
- Бір буынмен екінші буынның аралығы:
А) буын В) өркен С) бүршік Д) буынаралық Е) жапырақ қолтығы
- Бүршік қабыршағы ненің түр өзгерісі:
А) өркеннің; В) жапырақтың; С) дұрыс жауабы жоқ.
17.Қандай жасушалардың бөлінуінің есебінен сабақ жуандап өсетіндігін көрсетіңіз.
А) Өсу конусының жасушалары. В) Камбий жасушалары. С) Буынаралықтар негізін құрайтын жасушалар. Д) Сүрек жасушалары. Е) Өзек жасушалары.
18.Қандай құрылымдық компонент арқылы сабақтан жапыраққа су жеткізілетіндігін көрсетіңіз.
А) Саңылау С) Түйістіргіш жасушалар. В)Сүрек Д) Тін.
19.Қандай ұлпаның есебінен сабақ ұзыннан бойлап өсетіндігін көрсетіңіз.
А) Негізгі. В)Өткізгіш. С) Түзуші. Д) Дұрыс жауабы жоқ. Е) Механикалық.
- Қандай өсімдіктердің сабақтарында жылдық сақиналар болатындығын көрсетіңіз:
А) Шөптесін. В) Шала бұта. С)Ағаш тектес. Д) Көпжылдық шөптесін. Е)Бұта.
20.Қандай өсімдіктер сабақтарына жылдық сақиналар тән екендігін көрсетіңз.
А)Шөптесін. В) Астық тұқымдастар С)Ағаш тектес. Д) Лала гүлді тұқымдастар Е) Дара жарнақтылар.
- Қысқарған сабағы бар өсімдік:
А) қияр. В) айұйырық С)қарбыз Д) шырмауық Е) бақбақ.
23.Қандай жасушалардың бөлінуінің есебінен сабақ ұшынан ұзарып өсетіндігін көрсетіңіз.
А) Өсу конусының жасушалары. В) Камбий жасушалары. С) Буынаралықтар негізін құрайтын
жасушалар. Д) Сүрек жасушалары. Е) Өзек жасушалары.
24.Картоп түйнегі қай мүшенің түр өзгерісі екендігін көрсетіңіз:
А)Тамыр. В) Гүл. С)Сабақ. Д) Буынаралығы. Е)Жапырақ
25.Көктемде қайың сабағының бойымен шырын қозғалуының физиологиялық маңызы:
А) артық суды шығару; В) минералды затты сыртқа бөлу; С) қант пен басқа қоректік затты бүршікке жеткізуде.
- Камбий дегеніміз не?
А) Тамыр ұшын қорғап тұратын аймақша В) Жасушалары үнемі бөлініп тұратын түзуші ұлпа С) Қорек заттар өтетін сүзгіш түтікшелер Д) Жасушаларында хлоропластары бар негізгі ұлпа
- Қандай ұлпалар сабақтың ұзын болып өсуін қамтамасыз етеді?
А) Негізгі В) Түзуші С) Механикалық Д) Өткізгіш Е) Жанама
- Қандай жасушалардың бөлінуінің есебінен сабақ жуандап өседі?
А) Өсу конусының жасушалары В) Буынаралықтар негізін құрайтын жасушалар С) Камбий жасушалары Д) Сүрек жасушалары Е) Өзек жасушалары
- Тін орналасқан қабат:
А) тоз В) камбий С) сүрек Д) қабық Е) өзек
Сабақтың орталық бөлігі: А ) тоз В) камбий С) сүрек Д) қабық Е) өзек
- Бұтақтың түптенуі:
А) гүл бүршікке В) бұйыққан бүршікке С) барлық бүршікке Д) қосалқы бүршікке Е) қолтық бүршікке - Қызғалдақтың түрін өзгерткен жер асты өркені:
- A) Түйнек B) Сояулар C) Пиязшық D) Шырынды сабақ E) Тамырсабақ
32.Органикалық заттар сабақтың қандай ұлпасы арқылы қозғалатынын көрсетіңіз:
А) Өзек. В) Камбий. С)Сүзгілі түтіктер. Д) Сүрек. Е) Түтіктер.
33.Өркен неден дамитынын анықтаңыз:
А) жанама бүршіктен. В) тұқым бүршігінен С) жапырақ бүршігінен Д) төбе бүршіктен Е) гүл бүршігінен
34.Өркеннің өсу нүктесі орналасқан орын:
А) қолтық бүршігінде. В) буынаралығында. С) жапырақ қолтығында. Д) төбе бүршігінде
Е) Қосалқы бүршікте.
- Өсімдіктің қай бөлігінде ксилема (сүрек) болатынығын көрсетіңіз.
А) Жапырақта. В) Тамырда С) Сабақта. Д) Дұрыс жауабы жоқ. Е) Сүрек сабақта.
- Өсімдіктің өркендеуге болатын бөлігі:
А) сабағындағы екі буын арасындағы бөлігі: В) бегонияның қосалқы тамыр шығаратын жапырағы; С) бірнеше жапырағы бар қалемше.
37.Өсімдіктерде қыстырма бой қай бөлігінде орналасқандығын көрсетіңіз:
А) Сабақтың төбесінде. В) Жапырақтың үстінгі жағында. С) Өсу конусы. Д) Қабықтың жуандаған жері Е) Буынаралықтардың түбірінде.
- Өркен мен тамырлардың бойлай өсуiн тоқтату үшiн –
- A) Қалемшелеу әдiсiн қолданады. B) Шырпу әдiсiн қолданады. C) Телу әдiсiн қолданады. D) Қопсыту. E) Түптеу әдiсiн қолданады
- Өркен неден дамиды?
А) Бүйірлі бүршіктен В) Төбе бүршіктен С) Тұқымның ұрық бүршігінен Д) Қосалқы бүршіктен Е) Гүл бүршіктен
40.Тамырсабақты өсімікті белгілеңіз:
А) Картоп; В) Інжугүл; С) Батат
- Түрі өзгерген өркеннің қайсысының сыртқы құрылысы тамырға ұқсас?
А) Түйнек В) Пиязшық С) Тамырсабақ Д) Столон Е) Мұртшасы
- Тірі жасушалардан тұратын саңылаулар – жасымықшалар ағаш сабағының … орналасқан
- A) Тоз қабатта B) Өзекте C) Камбийде D) Сүректе E) Тін қабатта
- Түйнек деген не?
А) Түрі өзгерген жер асты өркен В) Түрі өзгерген тамыр С) Түрі өзгерген жапырық Д) Түрі өзгерген жер үсті өркен
44.Төменде атлғандардың қайысысы сабақтың қызметін атқармайтындығын көрсетіңіз.
А) Жапырақтарды ұстап тұру . В) Минералы тұзарды топырақтан сору. С) Фотосинтез. Д) қоректік заттарды жинау. Е) Жапырақ пен тамырды жалғастыру
45.Тамырсабақтары арқылы көбейетін өсімдік:
А) Қарабидай. В) Меруертгүл (інжір гүлі) С) Пияз Д) Картоп. С) Қызғалдақ.
46.Тұшаланы сұлатпаөркендер арқылы көбейткен кезде қандай тамырлар өсіп шығатындығын көрсетіңіз.
А) Бүйірлі В) Тамыржеміс. С) Қосалқы. Д) Түйнек Е)Негізгі тамыр
- Пиязшығымен көбейтеді:
А) алма ағашын. В) қашқаргүл. С) сарымсақты. Д) үрме бұршақты. Е) құлпынайды
- 15 жылдық алма ағашының сабағында камбий сақинасы болады:
А) 15. Д) 1.
В) 5. Е) 10.
С) 8.
49.Ұшында түйнек дамып жетілетін картоптың ұзын өрмелегіш өркені:
А) түйнек. В) столон. С) пиязшық Д)бүршік Е) тамырсабақ.
- Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік:
А) Күріш В) Шие С) Сәбіз Д) Картоп Е) Лалагул
51.Егер бүршікті кесетін болсақ, ішінен бастама сабақта ораласқан бастама гүлшанақты көруге болады.. Осы бүршіктің атауын көрсетіңіз:
А) Вегетативті бүршік. В) Генеративті бүршік. С) Қолтық бүршігі. Д)Төбе бүршік. Е)Қосалқы бүршік.
- Аталған өсіміктердің қайысысында түйнек түзілетіндігін көрсетіңіз:
А) Нарғызгүл. В) Меруертгүл (інжір гүлі)
С) Сәбіз. Д) Қызылша Е) Жер алмұрты.
- Долана ағашының түрін өзгерткен сабағының атауы:
A) Шырынды сабақ
B) Пиязшық
C) Сояулар
D) Тамырсабақ
E) Түйнек - Шыршаның биіктігі A) 50-100 м B) 50-60 м C) 15-20 м D) 30-40 м E) 10-15 м
- Минералды тыңайтқыштарға жататындар-
- A) Селитра. B) Шымтезек. C) Көң. D) Саңғырық. E) Қарашірік.
56.Інжугүлдің түрі өзгерген жерасты өркені:
- A) Пиязшық. B) Сояулар. C) Түйнек. D) Тамырсабақ. E) Шырынды сабақ
- Дәнді өсіәмдіктердің өсуі … меристемасының көмегімен қамтамасыз етіледі
А) қабырғалы, В) ендірмелі, С) үстіңгі, Д) үстіңгі және ендірмелі.
- 58. Сабаққалемшесіненкөбейетінөсімдік: A) Балдырлар B) Традесканция C) Бегония D) Итмұрын E) Мүктер
- Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік: A) Күріш B) Шие C) Сәбіз D) Картоп E) Лалагүл
- Жас өркеннің сыртқы қабаты: A) Өң. B) Өзек. C) Сүрек. D) Тоз. E) Тін
- Жуашығымен(пиязшығымен) көбейетін өсімдік A) Көктерек B) Қызғалдақ C) Картоп D) Шегіргүл E) Мойыл
- Тамырсабақ дегеніміз –
A) Түрі өзгерген тамыр.
B) Вегетативті көбейтуге болатын тамыр аймағы.
- C) Өсімдіктің ең ірі тамыры.
D) Тін талшықтары.
E) Көлбей жататын жер асты өркен - Тамырсабақ дегеніміз А) өткізгіш қызмет атқаратын түрі өзгерген тамыр В) көлденең жер асты өркен С) вегетативті көбейтуге болатын тамыр аймағы Д) өсімдіктің ең ірі тамыры Е) басқа вегетативті мүше
- Хризантеманы көбейтуге болады
A) Мұртшасымен
B) Гүлімен
C) Тұқымымен
D) Қалемшесімен
E) Жемісімен
65. Түтікті- талшықты шоқтар орналасқан сабақтың қабаты: А) Қабық. В)Камбий. С) Өзек. Д) Тін. Е) Сүрек - Түйнек арқылы көбейеді: А) Бүлдірген. В) Құлпынай. С) Картоп. Д) Қарағай. Е) Гиацинт (сүмбілшаш)
- Бүлдіргеннің түрі өзгерген жер асты өркені- тамыр сабағы: А) жатаған. В) Шырынды. С) Бұршақ тәріздес. Д) Қысқарған. Е) Түйнек тәріздес.
- Пияз, сарымсақ,қызғалдақ көбейеді: А) Түйнек арқылы. В)Тамырсабақ арқылы. С) Мұртшалар арқылы .Д) Пиязшықтары арқылы. Е) Қалемше арқылы.
- Бүршік қабыршағы ненің түр өзгерісі: А) Өркеннің; В) Жапырақтың; С) Дұрыс жауабы жоқ.
- Жер үсті түйнегі болатын өсімдік: А) Пияз В) Гиацинт С) Сүттіген Д) орамжапырақ Е) нарғызгүл
- Тыныштық күйге ауысқан бүршік:
А) Төбе В) Бұйыққан
С) Жанама Д) Қолтық
- Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік: А) Қолтық В) Қосалқы С) Жанама Д) Төбе
- Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік: А) Қосалқы В) Төбе С) Бұйыққан Д) Жанама
- Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері: А) Жуандап өседі В) Ұзарып өседі С) Гүлдейді Д) Жапырақ шығарады
- Тік сабақты өсімдіктер:
А) Қайың В) Жүзім С) Бидай Д) Қауын
- Шырмалған сабақты өсімдіктер: А) Жөке В) Шырмауық С) Бақ-бақ Д) Құлмақ
- Қысқарған сабақты өсімдіктер: А) Жолжелкен, бақ-бақ В) Пияз С) Жүзім Д) Жүгері
- Сабақты жуандатып өсіретін қабат: А) Камбий В) Сүрек С) Қабық Д) Өзек
- Органикалық заттар қорға жиналатын қабат: А) Сүрек В) Қабық С) Өзек Д) Тін талшығы
- Су мен минералды заттар қозғалатын қабат: А) Қабық В) Сүрек С) Тоз жасушалары Д) Тін талшықтары
- Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат: А) Өзек В) Камбий С) Сүрек Д) Қабық
- 8 Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын қабат: А) Камбий В) Сүрек С) Өзек Д) Тоз қабаты
- Буын және буынаралығынан тұрады: А) Тамыр В) Тамырсабақ С) Түйнек
- Сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар: А) Түйнек В)Тамыр С) Тамыр
- Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік: А) төбе В) жанама С) қолтық Д) қосалқы
- Өсімдіктің төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік: А) қосалқы В) бұйыққан С) төбе Д) қолтық
- Гүл бүршігінің орналасқан орны: А) қысқарған өркен В) ұзарған өркен С) төбе бүршігінде Д) қолтық бүршігінде
- Өсу бүршігінің орналасқан орны: А) қосалқы бүршік В) қысқарған өркен С) қолтық бүршік Д) ұзарған өркен
- Жатаған сабақты өсімдік: А ) құлпынай В) құлмақ С) пияз Д) қияр
- Өрмелегіш сабақты өсімдіктер: А) тырбық аңдыз В) қарағаш С) асбұршақ Д) жүзім
- Тін талшықтары орналасқан қабат: А) камбий В) қабық С) сүрек Д) өзек
- Қабық пен сүректің арасындағы қабат: А) сүрек В) камбий С) өзек Д) қабық
- Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты А) өзек В) камбий С) қабық Д) тін талшығы
- Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі: А) түйнек В) тамырсабақ С) тамыр
- Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен: А) тамырсабақ В) пиязшық С) түйнек
- Пиязшықты өсімдіктер: А) Сарымсақ В) Картоп С) Лалагүл Д) Бетеге
- Түйнекті өсімдіктер:
А) орамжапырақ В) жер алмұрты С) картоп Д) пияз
- Тамырсабақты өсімдіктер: А) бидайық В) қызанақ С) бетеге Д) қызғалдақ
- Қыстырма бой – А) сабақтың бойлап өсуі В) сабақ жасушаларының бөлінуі С) әрбір буынаралықтарының түп жағындағы жасушаларының бөлінуі Д) сабақтың көлденең өсуі Е) тамыр мойынындағы жасушалардың бөлінуі
- бірнеше жыл бойы тыныштық күйге ауысқан бүршік: А) қосалқы В) төбе С) гүл Д) бұйыққан Е) өсу
- Орамжапырақтың түрі өзгерген жерүсті бөлігі- А) пиязшық В) сояулар С) тамырсабақ Д) қаудан Е) түйнек
- Өркеннің ұзынынан бойлай өсуін тоқтату үшін: А) өркеннің төбесін кеседі В) бүйір өркендерін кеседі С) бүршіктерін кеседі Д) тамырларын кеседі Е) жапырақтарын кеседі.
- Жүзім көбейеді: А) түйнегі арқылы В) мұртшасы арқылы С) қысқа шыбықтары арқылы Д) сабақтың жас өркендері арқылы Е) тамыр өркендері арқылы
- Ішке күн сәулесін өткізетін қабық қабаты: А) өң В) тоз С) тін Д) өзек Е) сүрек
- Ішке оттегін өткізетін қабық қабаты: А) өң В) тоз С) тін Д) өзек Е) сүрек
- Шырынды сабақты өсімдік: А) жабайы алмұрт С) бүлдірген Д) бүрек Е) бидай
- Қыстық өркендерді дайындайды: А) қыста В) жазда С) көктемде Д) ыстықта Е) күзде
- Тіршшілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап,өте баяу өсетін бүршік:
А) төбе В) бұйыққан С) қолтық Д) жанама Е) қосалқы
Жапырақтар – өсімдіктедің фотосинтез жүретін бөлігі.Өсіміктің осы жалпақ әрі жіңішке бөліктері сабақтың немесе бұтақтарының бүйірінен өседі.Олар өсімдіктің қоректенуін қамтамасыз етіп,оның өсуі мен амуына ықпал етеді.
Қызметі | Түрі | Пішіні | Жиегі | Күрделі жапырақтар | Жапы рақтың өсу ұзақты ғы | Жүйкеленуі | Сабақ та орналасуы |
Қызметі | Түрі | Пішіні | Жиегі | Күрделі жапырақтар | Жапырақ тың өсу ұзақтығы | Жүйкеле нуі | Сабақта орналасуы |
Фото синтез | Жай – алма,шие, үйеңкі | Ине тәрізді-қарағай, шырша | Бүтін – терек,қараған,жүгері,қияқ,жолжелкен, қарғакөз | Үшқұлақты (3 жапырақ тақтасы)- беде,соя,жо ңышқа,жатаған | Қараған қылқаны – 2-4 жыл | Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену- тал,терек, алма,ал мұрт | Кезектесіп –әр буында 1 жапырақ |
Транспирация | Күрделі – асбұршақ, қараған, мия | Таспа тәрізді – бидай,қарабидай,
жүгері,арпа |
Үшкіртісті- қозықұлақ | Саусақ салалы (5-7 жапырақ тақтасы)-атбас талшын,бөрі бұршақ,қарасора | Кавказ самырсыны – 9-13 жыл | Саусақ салалы жүйкелену – үйеңкі,үпілмәлік,бего ния | Қарама – қарсы – әр буында 2 жапырақ |
Газ алмасу | Сағақты – тал,қайың, терек,т.б. | Күрек тәрізді- иісті шөп | Ара тісті – қалақай,көк нәр,шетен | Жұп қауырсын тәрізді –асбұршақ,сарықараған,чина, қоянбұршақ | Тиса қылқаны – 6-10 жыл | Қатарласа жүйкелену – бидай,жүгері,сарымсақ | Топтасып – әр буында 3 немесе көп жапырақ |
Қор жинау | Сағақсыз – бидай,жүгері,алоэ,т.б. | Жүрек тәрізді – гүлшетен,жөке,қоғажай | Дөңес – жалбыз, қауын | Тақ қауырсынды- қызыл мия,итмұрын,шетен,грек жаңғағы | Шырша – 5-12 жыл | Доғалы жүйкелену – інжугүл, жолжелкен | |
Көбею | Қынапты – бидай,күріш,балдыр ған,
қамыс,жүгері |
Жебе тәрізді – шыр мауық | Ойыс- өгейшөп,бақбақ,чайот | Тозды емен – 1-2 жыл | |||
Бөбешік – ақ қараған,қалақай,т.б. | Ромб тәрізді – қара тал, қайың | Қара жидек – 1-4 жыл | |||||
Бүйрек тәрізді – тайтұяқ |
4-кесте. Жапырақты талдау. (Алдымен кесте оқушыларға толтыруға беріледі.)
Жапырақтың түрөзгерістері | Қызметі | Мысал |
Жапырақтың түрөзгерістері | Қызметі | Мысал |
1.Жүйке ұштары тікенге айналған
2.Жапырақ тақтасы түгел тікенге айналған. 3.Тек бөбешік жапырақтары тікенге айналған. 4.Тек жапырақ түктері тікенге айналған. |
Малға жем болудан қорғану,суды аз буландыру. | 1.Түйетікен,шағыртікен.
2.Кактус,сарыағш,кәріқыз,қарлыған. 3.ақ қараған,боз қараған,сарысояу,кеуел. 4.Итмұрын. |
Мұртшаға айналған жапырақ | Әлсіз сабақтарына сүйеніш | Жібілген,настурция,асбұршақ |
Қабыршаққа айналған жапырақ | Қорғаныштық | Пиязшық,бүршік,тамырсабақтың сыртқы қабығы |
Шырынды жапырақтар | Қоректік заттарды қорға жинайды | Пияз,орамжапырақ,сарысалма,түбіртек |
Бунақденелілерді аулау аппаратына айналған жапырақтар | Ұстағыш құрал | Шыбынжұт,шықшылдық,шықжылтыр |
Жетілмеген жапырақтар | Ылғал жетіспегендіктен паразитті өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді | Сексеуіл,жүзгін,қылша,арамсояу,сұңғыла,т.б. |
5-кесте. Жапырақтың түрөзгерістері. (Алдымен кесте оқушыларға толтыруға беріледі.)
5- тірек –сызба. Жапырақтың ішкі құрылысы..
2.5 «Жапырақ» тақырыбына арналған бекіту тест сұрақтары
- Жапырақ тақтасының хлорофилі бар қабаты А) мезодерма; В) мезофилл; С) Мезоглия.
2.Жапырақтың сарғайып түсуінің белгісі? А) t – жоғарлауы; В) t – төмендеуі; С) күн ұзақтығының қысқаруы.
3.Өсімдік тіршілігіндегі ең маңызды процентің бірі – транспирацияның рөлі: А) Су мен минералдық затты сіңіруде; В) минералдық зат ертіндісінің өсімдік бойымен қозғалуында С) еш рөлі жоқ.
- Элодея жапырағының жасушалары қабатының саны: А) 2; В) 4; С) 8;
- 5. Cағақтыжапырақболады
A) Бидайда
B) Алоэда
C) Қайыңда
D) Күріште
E) Жүгеріде
Жапырақтаң түсуінің себебі неде?
А) Температураның жоғары болуы В) Температураның төмендеуі
С) Топырақ құрамының өзгеруі Д) Күннің ұзаруы
- 7. Жапырақтақтасынсабақпенжалғастырады:
- A) Тостағанша. B) Күлте. C) Сағақ. D) Қабық. E) Жүйкелер.
- 8. Жапырақтарыарқылыкөбейетінбөлмеөсімдігі– A) Пеларгония (қазтамақ)B) АлоэC) БегонияD) ТрадесканцияE) Қынагүл
- 9. Қылқанжапырақтыөсімдік– A) ТобылғыB) СексеуілC) ҚайыңD) ТерекE) Арша
- Хлоропластың қызметі: A) Улы заттарды ыдырату B) Өсімдікке жасыл түс беру.C) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру Д) Қор затын жинау.E) Көбеюге қатысу.
- Өсімдікке жасыл түс беретін пластидті көрсетіңіз. А) Лейкопластар. В) Вакуоль С) Хлоропластар D) Хромопластар Е) Грана
12. Жапырақ жүйкесі мына үлпадан тұрады A) Өткізгіш, тірек
B) Қор жинаушы
C) Түзуші
- D) Фотосинтездеуші
E) Дәнекер
Жапырағы үшқұлақты күрделі жапырақ: А) Таңқурай. В)Қазтабан. С)Шие. Д) Итмұрын. Е) Шетен.
14.Алма мен терек жарырақтарының жүйкеленуі: А)Саусақсалалы . В)Параллель. С)Үшқұлақты. Д)Доғалы. Е)Қауырсын тәрізді торлы
- Жапырағы қауырсын тәрізді күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік: А) Таңқурай. В)Қазтабан. С)Шие. Д)Итмұрын. Е) Алма.
16.Сабақтың әр буында екі жапырақтың бір-біріне қарама-қарсы бекініп орналасуы: А) Жұп.. В) Қарама-қарсы. С) Топтанып.Д)Буынды. Е) Кезектесіп.
- Жапырағы саусақ- салалы күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік: А) Таңқурай .В)Шетен. С)Қазтабан. Д)Итмұрын. Е)Құлпынай.
18.Егер бір буында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, онда мұндай орналасу: А) Қарама –қарсы. В)Кезектесіп. С) Үш-үштен. Д)Буынды. Е) Топтанып
- Жапырақ тақтасының хлорофилі бар қабаты: а) мезодерма; в) мезофилл; с) мезоглия
- Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер: а)қарағай в)жүгері с)емен д)шырша
- Бір ғана тақтасы бар жапырақ: а)күрделі жапырақ в)жай жапырақ
- Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы: а)күрделі жапырақ в)жай жапырақ
- Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы: А) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену В) параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену С ) саусақ салалы жүйкелену
- Негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:
а) параллель жүйкелену ә)доғалы жүйкелену в) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену с) саусақ салалы жүйкелену
- Орталық жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:
а)саусақ салалы жүйкелену в)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену с)параллель жүйкелену д)доғалы жүйкелену
- Жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі: а)параллель жүйкелеу в)саусақ салалы жүйкелену с)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену д)доғалы жүйкелену
- Қоректік заттар қорға жиналатын жапырақ:
а)шырынды в)тікенді с)мұртша д)қабыршақ
- Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін жапырақ: а)қабыршақ в)шырынды с)тікенді д)мұртша
- Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ: а)тікенді в)мұртша с)қабыршақ д)шырынды
- Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ: а)мұртша в)тікенді с)шырынды д)қабыршақ
- Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ: а)қабыршақ в)шырынды с)тікенді 32. Қандай құрылымық бөлігі арқылы жапыраққа атмосферадан ауа кіреді? А. саңылау-лептесік; В. сүрек; С.тін; Д. Түйістіргіш жасушалар; Е.өзек;
- Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ: а)қабыршақ в)тікенді с)мұртша д)шырынды
- Тікенді жапырақты өсімдіктер: а)қарлыған в)асбұршақ с)кәріқыз д)ақ қараған
- Мұртшалы жапырақты өсімдіктер: а)үрмебұршақ в)жабайы бұршақ с)асбұршақ д)сарыаға
- Жапырақ тақталарына мықтылық беретін ұлпа: А) жабын В) негізгі С) түзуші Д) өткізгіш Е) тірек
- Жапырақ саңылауы арқылы шығады: А) май,нәруыз В) жылу,энергия С) тыңайтқыш Д) су,оттегі Е) крахмал,ауа
- Жапырақтың жалпақ бөлімі: А) жүйкелері В) алақаны-тақтасы С) сағағы Д) тостағаншасы Е) күлтесі
- Күрделі жапырағыбар: А) қара бидай В) асбұршақ С) терек Д) емен Е) шырша
- Суды аз буландырады: А) тікен жапырақ В) қабыршақ жапырақ С) аулағыш құралына айналған жапырақ Д) шырынды жапырақ Е) мұртша жапырақ
- Жай жапырақты раушангүлділер: А) бүлдірген,құлпынай В) алма,алмұрт,өрік С) итмұрын,шетен,қараған Д) жатаған қазтабан Е) жалбызтікен,асқабақ
- Асбұршақтың жапырақ сағағының ұшындағы мұртшасы басқа өсімдікке оарлады: А) жарыққа қарай жоғары көтеру үшін В) бунақденелілерді еліктіру үшін С) суды қорға жинау үшін Д)сабағына қор жинау үшін Е) сабағын қорғау үшін
- Жапырақтары жетілмей қалған өсімдік: А) шыбынжұт В) сарыағаш С) сексеуіл Д) қырыққабат Е) пияз
- Жапырақтың гомологиясы: А) бидайықтың тамырсабақтары В) картоптың түйнегі С) пияздың пиязшығы Д) қызылшаның жемтамыры Е) асбұршақ мұртшасы
- Жапырақтың сабаққа орналасқан жері: А) өркен В) буынаралық С) ұзарған өркен Д) қысқарған өркен Е) жапырақ қолтығы
- Жапырақтың түсуі: А) түраралық күрес В) түрішілік күрес С) табиғи сұрыптау Д) қолдан сұрыптау Е) өлі табиғатпен күрес
- Транспирация дегеніміз- А. судың булануы; В. Газ алмасу; С.сүрек түтікшелерінің өткізгіштігі; Д. Флоэма түтікшелерінің өткізгіштігі; Е. Крахмалдың пайда болып жылудың бөлінуі;
48.Мына бұршақ тұқымдас өсімдіктердің қай өкілінде күрделі жұпқауырсынды жапырақ бар?
А. беде; В. Акация; С.жантақ; Д. бұршақ; Е. жоңышқа;
- Тітіркендіргішке ереу әсер етіп,сәл тиіп кетсең болғаны,қауырсын тәрізді күрделі жапырақтарының жапырақшалары бір-бірімен қабысып төмен қарай салбырай қалатын құбылыс қандай өсімікке тән? А. ұялшақ мимоза; В. Құм қарағаны; С.кәдімгі үрмебұршақ; Д. аққараған; Е. Терек;
- Жапырақтары параллель (қатар) жүйкелі өсімдік
А) Бұршақ тұқымдастар
В) Раушан гүлділер
С) Мүктер
D)Астық тұқымдастар
E)Алқа тұқымдастар
- Өсімдіктің вегативті мүшесіне жатпайды: а) тамыр в) жапырақ с) гүл д) сабақ
- Саусақсалалы күрделі жапырағы бар өсімдіктер А. қара бидай; В. беде; С.үрмебұршақ; Д. Бөрібұршақ; Е. Терек;
- Қандай құрылымық бөлігі арқылы қоректік заттарды сабақтан жапыраққа су жеткізіледі? А. саңылау-лептесік; В. сүрек; С.тін; Д. Түйістіргіш жасушалар; Е.өзек;
54.Қандай құрылымық бөлігі арқылы қоректік заттарды жапырақтан басқа бөлімдерге жеткізіледі? А. саңылау-лептесік; В. сүрек; С.қабық; Д. Түйістіргіш жасушалар; Е.өзек;
- Фотосинтез процесінің нәтижесінде қандай зат түзіледі? А. май; В. ақуыз; С.крахмал; Д. Минералды тұздар; Е.дәрумендер;
- Күн энергиясының қатысуымен хлоропластарда көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілу процесін қалай атайды? А. тыныс алу; В. булану; С.фотосинтез; Д. өсу; Е.аму;
- Жапырақтың қандай жасушасында крахмал түзіледі? А. барлық жасушасында; В. тозда; С.жасыл жасушасында; Д. Түйістіргіш жасушалар; Е.жасуша аралықтарында
58.Өсімдікке жарықтың қажеті- А. өсуіне; В. Тыныс алуына; С.органикалық заттардың түзілуіне; Д. дамуына; Е.көбеюіне ;
- Жапырақ жүйкесі мына ұлпадан тұрады: А. дәнекер; В. өткізгіш,тірек; С.түзуші Д. фотосинтездеуші; Е.қор жинаушы;
- Жапырақ жүйкесі мына ұлпадан тұрады: А. лептесіктерден; В. өткізгіш,тірек; С.бағаналы ұлпалардані Д. Борпылдақ ұлпалардан; Е.қор жинаушы ұлпалардан;
61.Жапырақ өңі дегеніміз- А. сүзгілі түтіктер; В. Жапырақ алақаны С.жабын ұлпадан тұратын қабықша Д. Жасыл жасушалар қабаты; Е.фотосинтездеуші жасушалар;
- Жапырақтың негізгі ұлпасы- А. түзуші; В. Тірек; С.жабын; Д. Бағаналы,борпылдақ; Е.өткізгіш.
- Лептесік дегеніміз- А. хлоропласт; В. Фотосинтездеуші ұлпа; С.жапырақ өңі; Д. Жасушаралық қуыс Е.жасушамен шектелген саңылау.
- Лептесік қызметі- А. тынысалу су буландыру; В. фотосинтез С.көбею Д. Органикалық зат түзу Е.минералды зат түзу
- Хлоропластың қызметі: A) Улы заттарды ыдырату. B) Өсімдікке жасыл түс беру. C) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру. D) Қор затын жинау. E) Көбеюге қатысу.
66.Жапырақтың өткізгіш шоқтары қандай ұлпадан құралады? А) түзуші В)жабын С) өткізгіш немесе механикалық Д) қор жинаушы
67.Жапырақ сабаққа бекінеді? А) бүршік арқылы В)тамыр арқылы С)сабақ арқылы Д)жүйке арқылы
68.Сағақта жапырақтары бар өсімдік ?
А)қайың В)бидай С)жүгері Д)алоэ
69.Доға немесе параллель жүйкелену ……. тән? А)имеңгер В)үрме бұршаққа С)үйеңкіге Д)пиязға
70.Торлы жүйкелену қандай өсімдіктерге тән? а)құртқашашқа в)арпаға с)үйеңкігн д)пиязға
71.Жапырақ жүйкеленудің қызметі А)тыныс алу В)зат өткізу С)қорғаныш Д)қор жинау
- Өсімдіктердің булануды төмендетуге бейімделуі: А) Өсу В) қоректену С) тыныс алу Д) жапырақ түсіру Е) фотосинтез
- Фотосинтез процесі жүретін пластидтер:
а) лейкопластар в) хлоропластарда с) хромопластар д) пропластидтер
74.Жапырақтың негізгі қызметі?
А)фотосинтез В)транспирация С)газ алмасу Д)булану
- Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған ғалым: а) К.Тимирязев в) Ч.Дарвин с) Л.Пастер д) В.Гельмонт
- Сарыағаштың түрі өзгерген жапырағы а) мұртша в) тікенек с) қылқан д) қабыршақ
- Түссіз үстіңгі,асстыңғы өңімен жұмсақ ортаңғы қабаты бар мүше: А) тамыр В) жапырақ С) жеміс Д) гүл Е) сабақ
78 Жұпаргүлдің жапырақтары: А) Сағақсыз В) сағақты С) жатаған Д) күрделі Е) қынапты
- Жапырақ мезофилін құрайтын юағанлы және борпылдақ ұлпалар ұлпаның қай тобына – А) Өткізгіш В) Негізгі С) Жабын Д) Механикалық Е) Түзуші
- Қандай өсімдіктерде саңылаулар жапырақ тақтасының үстіңгі жағында орналасады? А) асбұршақта В) Шыршада С) тұңғиықта Д) кактуста Е) жоңышқада
- Жапырақ тақтасының екі жағында да саңылау болатын өсімдіктердің жапырақтары орналасады: А) көлденең В) тігінен С) шоғырланып Д) кезекпе-кезек Е) қарама-қарсы
- Жапырақтары доға ,қатар жүйкелінуі тән:
А) В,С жауаптары дұрыс
В) қос жарнақтыларға
С) дара жарнақтыларға
D)Астық тұқымдастар
E)Алқа тұқымдастар - Жапырақта органикалық зат түзілу қажет болады: А) су,минералды тұздар,көмір қышқыл газы,оттегі В) су,көмір қышқыл газы,ауа с) көмір қышқыл газы,су,минералды тұздар,жарық Д) оттегі,су Е) ауа
- Көлеңкеге қарағанда,жарық жақтағы жапырақтарда дамыған: А) бағаналы В) борпылдақ С) механикалық Д ) жабын Е) түзуші ұлпалар.
- Жарықта қандай ұлпада органикалық зат түзілетіндігін көрсетіңіз
А) жапырақтың жұмсақ бөлігінің барлық жасушаларында (негізгі ұлпа)
В) тек бағаналы ұлпа жасушаларында.
С) борпылдақ ұлпа жасушаларында
Д) жабын ұлпада.
Е) өткізгіш ұлпада.
- Өсімдіктің жасыл жасушаларындағы күрделі үдерістің нәтижесінде түзіледі.:
А) қанатқа айналатын крахамал. В) крахмалға айналатын қант.
С) крахмал немесе қант. Д)гликоген
Е) аққуыз.
87.Егер өсімдік бойында су жеткілікті болса, онда саңылау:
А) күндіз ашық, түнде жабық болады
В) күніз-түні ашық болады
С) Үнемі жабық болады.
Д) түнде ашық , күндіз жабық болады.
Е) жауабы жоқ.
- Кактустың тікенектері түрі өзгерген-
А) Өркен. Д)ілінгіш өркен.
В) жапырақ. Е) жапырақ қолтығының бүршігі.
С) Сабақ өңінің ерекше өсінділері.
89.Асбұршақтың мұртшалары-түрі өзгерген.
А) қосымша жапырақша В) күрделі жапырақтың жапырақшасы.
С) жанама өркен. Д) су сақтайтын өркен.
Е) жүзім мұртшасы сияқты.
90.Органикалық заттар өсімдіктердіңқай мүшесінде түзілетіндігін көрсетіңіз.
А) пиязшық. Д) жемісінде.
В) тек жапырағында. Е) тамырында
С) хлоропластары бар жер үсті мүшелерінде
- Жапырақтардың түтікше -өткізгіш шоғы қалай аталатындығын көрсетіңіз.
А) Сүрек. Д) Талшықтар.
В) Тін. Е) Өзек.
С)Жүйке.
92.Мысалға келтірлген жапырақтың қайысысын жай жапырақ деп атайтындығын анықтаңыз.
А) ұшқұлақ жапырақты.
В)Саусақ салалаы жапырақты.
С)Таққауырсынды жапырақ.
Д)Жұмыртқа тәрізді
Е)Жұпқауырсынды жапырақ.
Қолданылған әдебиеттер:
- Биология оқу-әдістемелік құрал. Астана «Ұлттық тестілеу орталығы» 2014ж
- Биология 6 сынып Жүнісқызы К., Әлімұүлова Р., Жұмағұлова Қ. 2011ж.
- Биология 7 сынып. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж:Қожантаева 2012ж.
- «Өсімдіктер әлемі» балалар энциклопедиясы «Фолиант» баспасы 2014 ж.
- «Өсімдіктер әлемі» Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова «Таймас» баспасы 2011 ж.
- Талапкерге 1- бөлім. Л.М.Ақшалова, Т.И.Федорова «Көкшетау» 2013ж.