ҰБТ тестер: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау

0

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологы Уджукулова Анар Давлеткановна
Сабақ тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау
Мақсаты: Оқушы бойындағы үрей мен қорқыныш сезімдерінен арылту. Өзін-өзі бағалауын арттыру.

Көрнекі құралдар: Қанатты сөздер, үйлестірмелі карточкалар.
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Оқу жылының аяғында барлығымыздың алдымызда үлкен сынақ тұр Ұлттық Біріңғай Тесттілеу. Ол сендердің 11 жыл бойы алған білімдеріңді тексеретін сынақ. Сонықтан сендерге ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттеріңді дамыту және үлкен шыдамдылық, батылдық және сенімділік керек болады. Бүгінгі сабағымызда сол батылдық, сенімділікті бойымызға сіңіре отыра есте сақтау, ойлау, қабылау қабілеттерімізді дамытуға тырысамыз.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

1 жаттығу
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен, баспен
1) Ойын сендерге ұнады ма?
2) Күнделікті амандасудан басқа ым-ишарамен адамдасудың ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

2 жаттығу
«Жұлдыздар» ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір 4 түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер жазасыңдар.
Әрқайсымыз ЖҰЛДЫЗБЫЗ. Енді қасымыздағы балалардың жұлдыздарына қараңдар. Ұқсас жұлдыздар бірігіп, топ құрады. Бәріміз 4 топқа бөлінеміз.

3 тапсырма
4топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ «Жоғарғы балл аламай қалсаңдар не істейсіңдер?»
2-топ «Жоғарғы оқу орына түсе алмай қалсаңдар не істейсіңдер?»
3-топ «Өзің қаламаған мамандық иесі болсаңдар не істейсіңдер?»
4- топ «Өздерің қалаған мамандыққа баллдарың жетпей қалса не істейсіңдер?»
ҰБТ өмірдің соңы емес, ҰБТ-ден кейінде өмір жалғаса береді. Естеріңде болсын әр уақытта кез-келген мәселенің шешімін таба білу керек. ҰБТ кезінде сасқалақтамай, бар білетінімізді дұрыс белгілеп жауап беруге тырысу керек.

4 жаттығу
«Көпір» ойыны
Мынау бір адамдық көпір, сендер екі топтың оқушылары бір-бірлеріңізге қарама-қарсы сол көпірден өтулеріңіз керек. Көпір биік екі таудың ортасында орналасқан. Екі таудың арасынан ағысы қатты өзен ағып жатыр. Сол өзенге құлап кетпеулерің керек.
1) Ойын сендерге ұнады ма?
2) Сендерге бұл ойын қиынға соқты ма?

5 жаттығу
Аутотренинг
Бөлмеде тыныштық сақтап, ыңғайлы отырып, өздеріңізді еркін ұстаңыздар. Ақырындап көзімізді жұмамыз. Көк шалғайлы көкалда тұрмын деп елестетіңдер, аспанда күн жарқырап тұр. Күннің сәулесі басымыздан, ақырындап бетімізге, кеудемізден өтіп, барлық денемізден өтуде. Бір уақытта алыстан өте әдемі, әсем бір құс ұшып келді. Құстың сулулығына сөз жетпейді. Ол жай құс емес ғажайып құс, ол тілек орындайтын құс. Сол құсқа бар тілектеріңізді, бар армандарыңызды айтыңыздар. Ғажайып құс міндетті түрде сіздің араманыңызды, тілегіңізді орындайды. Терең дем аламыз, көзімізді ақырын ашамыз.
1) Өзіңіздің құсыңызды көре алдыңыз ба?
2) Ол құс қандай түсті болды?
3)
6 жаттығу
«Әрқашан күн сөнбесін» ойыны
Тақтада ілініп тұрған күнді бұлттар жауып алыпты. Сендер күннің көзін ашуларың керек. Әр бұлтта тілектер жазулы сол тілек жазулы бұлттарды алып, күннің көзін ашайық. Тілекті менің нұсқауымен ғана оқисыздар.
1) Бұлтта қандай тілек бар екен?

7 жаттығу
«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.

Қорытынды
1) Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
2) Қай жаттығу ұнады?