Home›Білім›ҰБТ тапсырушы 11 — сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез
ҰБТ тапсырушы 11 — сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез
1 Ақпан, 2019, 13:01
0
ҰБТ тапсырушы 11 — сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез — құлық дамыту тренингі.
Автор: Есімжанова Ақбота Сәбидоллақызы
Бағыты: Психология Бөлімі: Оқушылар жұмысы Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар шеңбер бойына тұрып, көздерімізді жұмамыз, өз түйсігіңізбен, ойымызбен іштей бір — бірлеріңе, әр қатысушыға сәлем жолдаймыз. Енді көзімізді ашып, барлығымызбен қол алысып шығамыз. Әркім өз есімін айтып, өзіне мінездеме береді. Өзіне берген мінездемесі тест тапсырғанда немесе емтиханда өзіне қолдау көрсететіндей болуы керек.
Тренинг — сабақтың мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11 — сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімдімінез — құлық дамыту.1 — жаттығу.Мақсаты: Психологиялық қысымнан арылту.Барлық оқушылар шеңбер бойына тұрып, көздерімізді жұмамыз, өз түйсігіңізбен, ойымызбеніштейбір — бірлеріңе, әр қатысушыға сәлем жолдаймыз. Енді көзімізді ашып, барлығымызбен қол алысып шығамыз. Әркім өз есімінайтып, өзіне мінездемебереді. Өзіне бергенмінездемесі тест тапсырғанда немесеемтиханда өзіне қолдау көрсететіндей болуыкерек.2 — жаттығу. «Оқуда кездесетінкедергілерді жеңу»Мақсаты: Оқуда кездесетінкедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары.Қатысушылар қолдарын тесесінің үстіне қойып, ыңғайланып отырады. (баяу әуен ойнап тұрады) оқушылар көздерін жұмып, 3 рет терең демалып, демімізді сыртқа шығарып, денемізді бос ұстаймыз.Көз алдымызға елестетеміз, Сендербіркісілікжолмен қалың ну ормандакележатып, қандай да біркедергіге тап болдыңдар. Олкедергініжан дүниеңмен сезінуің керек, олкедергі қандай, не нәрсе? Сендергекедергіжасап тұрған не? Мұқият қарап, жақынырақ танысуға, білуге тырысыңдар. Енді мұқият қарап болсаңдар осыдан өтуге сендерде 1 — ақ минут уақыт бар.Кедергіден өтіп болсақ, жан — жағымызға мұқият қарап шығамыз. Осы кедергіден шығу кәзіргі жағдайларыңа қандай көмек немесе қолдау берді. Өз істеріңді мұқият түсінуге тырысыңдар, нақты не саған керек, нақты не саған көмектесе алады? Өз іс — әрекеттеріңді бақылаңдар, естеріңе сақтаңдар. Кедергіден қалай өткендеріңді естеріңе сақтап, жаңа бір қадаммен, құлшыныспен, жаңадан бір тәжірибемен артқа қайтуларыңа болады.Рефлекция: қандай әсер алғандарыңмен шеңбер бойыайтып шығыңдар. Қандай кедергіге тап болдыңдар, ол не нәрсе, оны қалай жеңдің? Қолыңда қандай да бірзатболдыма? Немен шықтың?3 — жаттығу. «Поезд» жаттығуы.Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңіл — күйлерін көтеру.Шеңбер бойымен 1, 2 — гесаналамыз. 1нөмірлер — 1 шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер — 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін жаттығуды жасайды.Психолог: — Адамның өз — өзіне, өзгелерге сенімбілдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне — өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат — мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенімбілдіруі адамның жауапкершілігінарттырып, өз мүмкіндіктеріне мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.