ҰБТ-ны ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкер “Болашақпен” шетелге грантқа оқуға түседі
ҰБТ-ны ағылшын тілінде үздік тапсырған студент “Болашақ” бағдарламасы арқылы шетелге оқуға жіберіледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 18 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында ақылы бөлімге түсушілер үшін тестілеу өтіп жатыр. Оған 35 838 үміткер қатысып, олардың 61-ағылшын тілін таңдаған.
“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ жеңілдік мақсатында шетелге грантқа оқуға түсуге мүмкіндік береді. Ұйым жетекшісі Жанболат Мелдешов үздік талапкерге грант бөлінуге дайын екенін мәлімеді. Бұл мүмкіндік ағылшын тілінде ең максималды балл жинаған талапкерге берілмек.
“Шетелде оқығысы келетіндер үшін мүмкіндік көп. Биыл шетелдік оқу орындары біздің азаматтарымызға 40 мың грант бөлуге дайын. Бұл дегеніңіз әрбір талапкердің грантқа түсуге мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп бітірушілер ҰБТ сертификатымен Қазақстан оқу орындарына ғана емес, өзге де елдерге оқуға тапсыра алады. Мәселен, Түркия біздің сертификат бойынша қабылдайды”, – дейді Мелдешов.
Айта кетейік, соңғы жылдары ағылшын тілі үлкен қолданысқа ие. Кейбір қазақстандық мектептерде ағылшын тілі пәні енгізілді.