Ү ү дыбысы мен әрпі балабақшадағы ашық сабақтар
-Балалар, үйрек дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
— Үү дыбысы қандай дыбыс?
— Қандай текшемен белгілейміз?
Ү әрпі туралы тақпақты 4 топқа айтқызу.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.
Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсетемін.
Ү дыбысын хормен айтқызамын.
— Ү дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында
кездеседі.Сөздерді буынға бөлгізу.
Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
Әр топқа тапсырма беремін.1- топқа суреттерден сөйлем құрау керек. 2- топ сөздерді буынға бөледі. 3- топ дыбыстық талдау жасайды. 4-топ сөздерді, буындарды оқыту.
Дәптерлерді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемілеп жазайық.
Дәптерімізге Ү әрпін жазу.
(элементтерін салу )
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Үйрек , үкі, күшік , үйшік.
Сергіту сәті
Таң атты, күн шықты,
Аспанды бұлт жапты.
Жел тұрды, жаңбыр жауды.
Найзағай сарт етті
Біз бұға қалдық.
«Кім шапшаң сөйлем құрайды?»
ойыны (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.)
-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?
— Ү әрпі қандай дыбыс?
— Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? (көк текшелерін көрсетеді )
— Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамын.
Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып Ү әрпіне байланысты сөз айтып шығамыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар Ү дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады.
Тақпақты хормен айтады.
Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.Тыныс белгілеріне назар аударады.
Ү дыбысының баспа , жазба түрін көреді.
Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтады.
Әліппе- дәптермен жұмыс жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Қарындаштарын алып, әріпті дәптерге жазады.
Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
Суреттерден сөйлем құрап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Смайликтер арқылы көңіл – күйлерін білдіру.