Home Білім «Ү дыбысы мен әрпі» – Ашық сабақтар – Bilim

«Ү дыбысы мен әрпі» – Ашық сабақтар – Bilim

0
246

1.Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды түгелдеп,назарларын іс-әрекетке аудару.


-Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?


-Аптаның қай күні?


-Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?


-Оқушылар, біз сауат ашу оқу іс-әрекетінде қандай әріптермен таныстық?


-Дыбыс дегеніміз не?


-Әріп дегеніміз не?


-Дыбыстар нешеге бөлінеді?


-Ее дыбысы қандай дыбыс?


-Ее дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?


Мысалдар келтір (сөздің басында, ортасында, соңында)


«Сөз ойла, тез ойла» ойыны


Үй тапсырмасын сұрау.


Ее дыбысын оқыту


ІІ.Негізгі бөлім


Жаңа сабақ


Жаңа тақырыпты хабарлау


-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.


-Үү дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы.


1.Үркітпе, атпа, абай бол сөздерін пайдаланып, сурет бойынша әңгімеле.


Баланың қолындағы айыр ағаш қандай әріпке ұқсайды?


2.Ормандағы дауыстарды ажырат.Дыбыстарды ым-ишарамен бейнелеп, дауыс ырғағымен айт.


«Түк-түк», «Ү-ү-ү»,


«Қар-қар-қар», «Тырау-тырау», «Бақ-бақ», «Барқ-барқ!»


Суреттен Ү дыбысы бар сөздерді тап.


Үү-жіңішке дауысты дыбыс


3. Үү әрпімен таныс бол.


Ү-ешкім де қолдан жасамай,


Қос біткен айыр, ашамай.                   М.Әлімбаев


4.Ү әрпін ермексаздан жаса


5.Таяқшалардан ү әрпін құрастыр.Қолдарыңның көмегімен ү әрпін бейнеле.


Жаңа тақырыпты хабарлау


-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.


Тіл ұстарту жаттығуы:


Үз-үз-үз,


Суда еркін жүз.


Оқу-іс-әрекетін қорыту.


Бүгін қандай әріппен таныстық?


Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.


Күтілетін нәтиже:


Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады


Үү дыбысы және  әрпімен танысу..


Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену


Дереккөз: Bilim All