«Ү дыбысы мен әрпі» — Ашық сабақтар — Bilim
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп,назарларын іс-әрекетке аудару.
-Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Аптаның қай күні?
-Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?
-Оқушылар, біз сауат ашу оқу іс-әрекетінде қандай әріптермен таныстық?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Ее дыбысы қандай дыбыс?
-Ее дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Мысалдар келтір (сөздің басында, ортасында, соңында)
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Үй тапсырмасын сұрау.
Ее дыбысын оқыту
ІІ.Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты хабарлау
-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.
-Үү дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы.
1.Үркітпе, атпа, абай бол сөздерін пайдаланып, сурет бойынша әңгімеле.
Баланың қолындағы айыр ағаш қандай әріпке ұқсайды?
2.Ормандағы дауыстарды ажырат.Дыбыстарды ым-ишарамен бейнелеп, дауыс ырғағымен айт.
«Түк-түк», «Ү-ү-ү»,
«Қар-қар-қар», «Тырау-тырау», «Бақ-бақ», «Барқ-барқ!»
Суреттен Ү дыбысы бар сөздерді тап.
Үү-жіңішке дауысты дыбыс
3. Үү әрпімен таныс бол.
Ү-ешкім де қолдан жасамай,
Қос біткен айыр, ашамай. М.Әлімбаев
4.Ү әрпін ермексаздан жаса
5.Таяқшалардан ү әрпін құрастыр.Қолдарыңның көмегімен ү әрпін бейнеле.
Жаңа тақырыпты хабарлау
-Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Үз-үз-үз,
Суда еркін жүз.
Оқу-іс-әрекетін қорыту.
Бүгін қандай әріппен таныстық?
Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Күтілетін нәтиже:
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады
Үү дыбысы және әрпімен танысу..
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену
Дереккөз: Bilim All