Түзу деген не? Жазықтықтағы түзу

0

Түзу деген не? Жазықтықтағы түзу дегеніміз екі жаққа шексіз созылған геометриялық фигура:


Түзу


Түзулерді латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді, мысалы a, b, c, d,… деп.


Түзудің үстінде жататың нүктелерді түзуге тиісті немесе түзу осы нүкте арқылы өтеді дейді. Мысалы мына а түзуі бойында екі нүкте жатады (A және B нүктелері):


Түзу және нүкте


Сонымен қатар түзуді осы түзуде жататын екі нүкте арқылы да белгілеуге болады, мысалы жоғарыдағы a түзуің AB деп те белгілеуге де болады.


Түзуде жататың және түзуде жатпайтың нүктелер бар болады:


Нүкте және түзу


Осы суреттегі А нүктесі түзудің үстінде жатады, ал B нүктесі осы түзуде жатпайды. B нүктесі осы түзуге тиісті емес.


Түзулердің қасиеттері


Қандай түзуді алмасақ та, осы түзуге тиісті және тиісті емес нүктелер бар болады. Кез келген екі нүкте арқылы түзу өткізуге болады, және бұндай түзу тек бір ғана.


Мысалы жоғарыдағы мысалдағы суреттегі екі A және B нүктелері арқылы а түзуі өтеді:


Түзу


Және бұндай түзу тек бір ғана!


Түзулердің қиылысуы


Мына суретте a және b түзулері және осы екі түзуге тиісті D нүктесі көрстеліген:


Түзулердің қиылысуы


D нүктесі екі түзуге ортақ, бұл нүкте екі түзудің қиылысу нүктесі деп аталады. Түзулердің қиылысуы деген осы.

Пән: Геометрия