» Тұздың адам өміріне пайдасы мен зияны»
Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын. Ауырған кезде анамның емдікшараларының бірі – тұзды қолданады. Анам тұзды суға араластырып аузымды,тамағымды шаяды. Тісім ауырса да, тұзды тісіме салып, емдейді.Кішкене кезімде анамның «тұзды төкпе, тұз – қасиетті зат» деген сөздерін жиі еститінмін. Осындай кезде маған мынадай бір ой келді: « Тұз деп нені айтады? Оның қолданылуы қалай? Табиғаттан оны қалай өндіреді?» Менің ойымша тұз – ол тағамға қосатын, дәм беретін «ащы зат» деп есептеймін. Бірақ менің сыныптасым Ерасыл, бұл әрі тағамға қосылатын зат және дәрі деп есептеймін деді.Осы сұрақтарға жауап іздеп, ең алдымен энциклопедияны ақтарып, мынадай анықтама таптым: «Тұз деген – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент » Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін, сұраққа нақты жауап алу үшін мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім.Біздің жобамыздың басты мақсаты – тұздың адам өміріндегі атқаратын ролін зерттеуМіндеттері:
Зерттеу нысаны— адамЗерттеу заты- тұз
Зерттеудің өзектілігі-Адам өмірінде түрлі тағам, түрлі дәм бар. Қазіргі ғылым мен техниканың жедел дамыған кезінде ненің жақсы, ненің жаман екенін аңғармаймыз. Бұрынғы тамақтану ғылымы дамымаған кезде тұздың зияны байқалған жоқ. Ол кезде тұзды әр түрлі емдік шараларға қолданып, тек пайдалы жақтары айтылатын. Ғылым қарқынды дамып, экология бұзылған кезде ас экологиясы да бұзылды. Қазіргі кезде тұзға деген көзқарасымыз анық емес.Бүгінгі оқушыға экологиялық апатта тұрған заманда не айту керек екендігін үлкендер де біле бермейді. Біз жас ұрпақ та бұл мәселеге көп мән бермейміз. Біз тұзды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,зиянын өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Сондықтан да өз құрбыларымның тұз туралы көп білгендігін қалаймын.Зерттеудің болжамы-егер біз тұз жайлы көбірек оқып білсек, онда тұздың көптеген сырларын ашар едік. Зерттеу әдістері— ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;— бақылау;-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу
Негізгі бөлім2.1 Тұз туралы Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар ағзасында кездеседі. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді.Қазіргі таңда экологияның бұзылуына байланысты табиғи тұздың сапасы төмен.Сондықтан біз жасанды тұзды пайдалануға мәжбұрміз. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз — Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. 2.2 Тұздың түрлеріжәне олардың пайдасы.Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Менің байқауымша қазіргі кезде балалардың да, үлкендердің де жүйкесі әлсіз, ашуланшақ екенін жиі байқаймын.Мұның себебі адам ағзасындағы табиғи тұздың жеткіліксіздігі. Тұздың ағзаға жеткіліксіздігінен миға ауа жетіспей түрлі ауруға шалдықтырады. Тұздың йодталған тұз, теңіз тұзы. қара тұз т.б.түрлері бар. Олардың әрқайсысының адам денсаулығына пайдасы бар. Йодталған тұздың пайдасыӘркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады. Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Бүгінгі таңда табиғи йодталған тұздың жетіспеушілігінен, тұзды жасанды йодтап пайдалануға мәжбүрміз.Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.Теңіз тұзының шипасыӨмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.2.3 Тұздың өндірілуі мен қолданылуыТұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес.Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.2.4 Тұздың адам өміріндегі маңызы, пайдасы. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайды. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады. 2.5 Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құралҚазіргі кезде тәтті тағам түрлері көп және сапасыз. Жас нәрестелердің тістері шыққанан бұзылып жатады. Себебі тістің бұзылмауына әсер ететін кальций, магний, натрий т.б. заттар жетіспейді. Себебі табиғи тұздың жетіспеуінде.Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 рет тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.Қуық ауруына тұз шипаАяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды.Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз. Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. .Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен…1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.• Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса,май ерімейді.• Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.• Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.• Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.• Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.• Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.• Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.• Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім. Зерттеу бөліміМен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Жібек апаймен кездесіп сұхбаттастым. Ол кісінің айтуы бойынша:Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уды қайтарады, ауырған жерді басады.4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны «сорбақта» деп атайды.5. Іш ауырғанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді. Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз — астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды.2.6. Тұздың денсаулыққа зияныМен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым.Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтырады.2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді. 3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады. Тұз ағзаңыздағы кальцийді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.Тұз қан қысымына қалай әсер етеді? Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма? Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий — жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған. Денеге тұз жиналса… Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс — жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады. Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егерде арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қозғалысыңыз едәуір жақсарып, денсаулығыңыз түзеледі2 Менің тәжірибелерім 2.1.Адамға күніне қанша тұз керек? / чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау/Осы жөнінен зерттеулер аз емес. Ғалымдардың пайымдауынша: тәулігіне 0,5-1 г аралығында тұзды ағза осы мөлшерде ғана сіңіре алады. Тұзға құмар орташа американдық 15 — 30 есе артық жейді. Бүл қорқынышты керсеткіштің себебі, «дайын» тағамдардағы тұздың мөлшерімен тығыз байланысты. Бұл нанда, еттен жасалған, қалбырланған т.б. жүздеген тамақ құрамындағы тұзда. Американың оңтүстік штатында тұратын негрлердің қан қысымдары өте жоғары, себебі олардың тамағының негізі тұздалған шошқа еті. Енді өзім сияқты балалардың күнделікті өмірдегі кириешки және чипсы тағамдарындағы тұздың мөлшерін қалай анықтағанымды айтып кетейін.Дүкеннен сатып алғанда осындай тағамдардың сыртқы қаптамасында яғни этикеткаларында көрсетілген тұз мөлшерінің айырмашылықтары әртүрлі болуы мүмкін.Бірқатарында натрийдің мөлшері ғана көрсетіледі.Мұндай жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болды.2.2. Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар, тыйымдар,аңыз әңгімелер Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар. Мысалы, «Еңбегі – еш , тұзы-сор», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса» т.б. Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзді төгіп қойсан, өмірін ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласын деген ырым – тиымдар бар. Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласын деп жатады.Тұзды сатып беру деген қазақтың ырымында бар ғой негізі. Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды.
ҚорытындыТамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұздыкөлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік.Ұсыныстар:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1.Дүниетану : жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Қ.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова.-Алматы : Алматыкітап баспасы,2014.-132б.,сур. ISBN 978-601-01-1710-52.Ғаламтор материалдары: Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет, Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997, Қазақ энциклопедиясы I том3. Мұхиттар мен өзендер –Алматы: «Аруна » баспасы.-32 бет.-Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» ISBN 9965-26-441-44. География және табиғат /Ғылыми педагогикалық журнал/қаңтар-ақпан 2012,№15.Зердеңізге тоқыңыз. Жинақ. /Құрастырушы:Т.Б.Әділжан- Көкшетау 2011ж264б ISBN 978-601-80159-8-46.Оқушылардың қысқаша анықтамалығы.5-11 сынып.Авторлар мен құрастырушылар: П.И.Алтынов, П.А.Андреев, А.Б.Балжи және басқалары.
«Тұздың құпиясы» тақырыбында жоба жұмысына қатысушыА.Өтепбергенов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Мұратбай Моншақтың жұмысына берілген
Түсініктеме хатЗерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.Моншаққа бұл жұмысты таңдап алуға анасының емге тұзды көп пайдаланатыны себеп болған. Тұздың түрлері мен емдік қасиеттері және зиянды жақтары, сонымен қатар еліміздегі тұзды көлдердің игерілмей жатқандығы оқушы қызығушылығын туындатқан.Зерттеу жұмысында Моншақ әр түрлі ақпараттар жинай отырып, ғаламтордан қызықты мәліметтер алып, тұзға қатысты ырымдар мен тыйымдар, аңыз-әңгімелер іздеген. Іздену барысында өз оқушымның көптеген қызықты ақпараттарға тап болып, тұздың денсаулыққа тигізетін әсерін нақты айқындай білгені мені қатты қуантты.Болашақта ол осы ғылыми жұмысты әрі қарай дамытып, ізденіп әлі талай қызықты дүниелердің құпиясын ашатындығына сеніммен қараймын.Жоба жетекiшісі: Нурбосинова Акмарал
АбстрактЗерттеудің мақсаты:Қазақстан өңіріндегі өзен, көлдердің құпиясын , адам денсаулығынапайдасы мен зиянын насихаттау.Әрбір зерттеулер арқылы оқушының ой-толғанысын арттыру, білімге құштарлығын ояту.Зерттеудің болжамы: Тұздың құпиясын зерттей отырып оқушының қызығушылығын арттыру.Зерттеу кезеңдері: Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтау, саралау, жазу. Жұмыс бағыты айқындалып, жоспар құрылды.Зерттеу әдістері: Жұмысты зерттеу және жинақтау.Зерттеудің жаңалығы:Елімізде игерілмей жатқан тұздарды игеріп, халықтың игілігіне жұмсау.Зерттеудің нәтижесі:Тұздың құпиясын зерттеп. Тұздың адам денсаулығына пайдасы мен зияны туралы мағлұмат алдым.Зерттелген жұмыс қорытындысы:Тұздың көптеген құпияларын ашып, ұрпаққа насихаттау. Ұрпақ денсаулығын жақсартуға үлес қосу.
Ұсыныс1.Тұздың құпиясын жас жеткіншектерге насихаттау, елімізде игерілмей жатқан тұз қорларын пайдаланып, халық игілігіне жұмсау.2. «Тұздың құпиясы» атты кітапша шығару, оны дүниетану, биология пәндеріне қосымша пайдалану.3.Тұздың пайдасын келешек ұрпаққа дәріптеу, болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығының мықты болуына үлес қосу.
АннотацияҒылыми жоба «биология» саласы бойынша зерттеулер жасауға дайындалған. Тұздың адам ағзасына пайдалы және зиянды жақтарын қарастырған.Талдау-Тұздың құпиясын зерттеу барысында оқушы тұздың шығу тарихы мен тұзға қатысты ырымдар, мақал-мәтелдер, мәліметтер жинақтап ізденген.