Туыстық атаулар толық нұсқа

0

Ер адамның өз жұртының атаулары

Ата – әкенің әкесі, бергі ата
Арғы ата – атаның әкесі
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Апа – өзінің туған шешесі (анасы)
Әпке – өзінен жасы үлкен қыз (әйел)
Қарындас – өзінен жолы кіші қыз (әйел)
Аға – өзінен үлкен ұл бала
Іні – өзінен кейінгі ұл бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Баба – арғы ата, үлкен ата
Жеңге – ағаның әйелі
Келін – інінің әйелі
Жиен – күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Жезде – әкесінің күйеуі
Күйеу – қарындасының күйеуі
Немере – ата-ананың ұлынан туған баласы
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала

Ер адамның нағашы жұртының атаулары

Нағашы ата – шешенің әкесі
Нағашы әже – шешенің шешесі
Нағашы аға – шешенің аға-інілері
Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері
Нағашы іні – шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала
Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз
Нағашы жеңге – шешенің апа-сіңлілері күйеуі
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Ер адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – әйелінің әкесі
Қайын ене – әйелінің шешесі
Қайын аға – әйелінің ағасы
Қайын бике – әйелінің әпкесі
Қайын іні – әйелінің інісі
Балдыз – әйелінің сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Әйел адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – күйеуінің атасы
Қайын ене – күйеуінің шешесі
Қайын аға – күйеуінің ағасы (жақын ағалары)
Қайын бике – күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері)
Қайын іні – күйеуінің інісі (жақын інілері)
Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары)
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Жезде – қайын бикесінің күйеуі
Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы

 

Адамның жасына байланысты атаулар

• 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
• 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
• 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
• 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған
• 6 жастан 7 жасқа дейін – сәби
• 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы
• 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала
• 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала
• 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт
• 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт
• 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі
• 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы
• 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал
• 80 жастан жоғары – шал, қарт, қария

Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау)
2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4-мүшел – 49 жас (орта жас)
5-мүшел – 61 жас (орта жас)
6-мүшел – 73 жас (қарттық)
7-мүшел – 85 жас (кәрілік)
8-мүшел – 97 жас (қалжырау)
9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10-мүшел – 121 жас (немене сүю)

Ер адамның өз жұртының атаулары