Туысқан елдер достығы балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
Пәні:Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:  Туысқан елдер достығы
Мақсаты:      1.Оқушыларға Қазақстанға көршілес жатқан мемлекеттермен таныстыру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа  көршілес елдерге туысқандық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
  -Балалар бүгінгі сабақта туысқан елдер достығы туралы оқып білеміз.
V Жаңа сабақ
 -Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?
 -Қазақстан
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана
Қазақстаннан басқа тәуелсіз мемлекеттер бар екенін айтып,солармен қазақстан достық қарым-қатынаста екенін түсіндіру.
Көрші мемлекеттер:Өзбекстан,Қырғыстан,Тәжікстан,Түркіменстан,Ресей,Украина
Олардың астанасы:
Өзбекстан-Ташкент
Түркменстан-Ашхабат
Тәжікстан-Душанбе
Қырғыстан-Бішкек
Сергіту сәті: :          Секең-секең ей лақ 
                               Жүрмін саған келіп –ақ
                               Тыным тапсаң болмай ма
                               Секірмей-ақ кей уақ

Әліппе дәптермен жұмыс:Б.Ысқақов «Достық космодромы»
Мақтанышы даламның-
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады.

Байқоңырдан ұшқанға
Барлық әлем қарады.
Дос құшақтар аспанға
Көтеріліп барады.
VI Пысықтау
          -Қазақстанмен қандай көршілес мемлекеттерді білесіңдер?
VII Бекіту
       Көршілес мемлекеттердің астанасын ата ?
VIII Бағалау           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!