Туынды сөз слайд,презентация
Туынды сөз слайд,презентация
Сөзжасамның зерттеу нысаны. Сөзжасам – тіл білімінінің, соның ішінде қазақ тіл білімінің дербес саласы ретінде өзінің жеке зерттеу нысаны бар грамматикалық категория саласына енеді. Сөзжасамның зерттеу нысанына, ең алдымен, сөз жасаушы тәсілдер мен сөз жасаушы тілдік нұсқалар, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері т.с.с. мәселелер жатады. Осыған байланысты “сөзжасам” деген грамматикалық категория туынды сөздердің түрлері мен сөз жасаудың ішкі заңдылықтарын, сондай-ақ сөз жасаудың сөз таптарына қатысының қандай болатыны сияқты күрделі мәселелерді қамтиды. Сөзжасамның жеке сала болып танылуы, әрине, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Тілдің табиғатында бірімен-бірі байланыспайтын ешбір тілдік құбылыс жоқ. Сондықтан да сөзжасамның бірде лексикология, бірде морфология саласында қаралып келуі де, түптеп келгенде, осыған байланысты.