Тұтынушының мінез-құлқы теориясы слайд,презентация

Тұтынушының мінез-құлқы теориясы слайд,презентация
Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары.Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады.