Тұтынушылардың мінез-құлқы слайд,презентация

0

Тұтынушылардың мінез-құлқы слайд,презентация

 

 

 

Тұтынушы– қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы. Тұтынушылардың іс-әрекеті маркетинг  бағыттарының  бірі.Оның әдісімен  зерттеу мен  коммерциялық кәсіпорындар үшін ғана, сондай-ақ  жалпы мемлекетке қызмет жасауға ықпал етеді.Тұтынушылардың іс-әрекеті – салыстырмалы түрде жас  ғылым саласы.  «Тұтынушылар іс-әрекеті» пәні  экономика,  маркетинг және психология пәндерінің  ұштасуы  негізінде  қалыптасқан  және  бірте-бірте  басқа  да   көптеген   білім   салаларынан   әдістер   жиынтығын  қамтыған. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!