Түсті металлургия | Скачать Реферат

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА және МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Дүниежүзілік өнеркәсіп

ОРЫНДАҒАН:БАЙТУҒАНОВА АРАЙ

ТОБЫ:П және МФ 06-9К2

ҚАБЫЛДАҒАН: БУГЕНБАЕВА САНИЯ

ШЫМКЕНТ-2009
Дүниежүзілік өнеркәсіп

Жоспар

1.Кіріспе
А)Дүниежүзілік өнеркәсіп туралы жалпы түсінік
2.Негізгі бөлім
А)Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары
Ә)Металлургия және машина жасау өнеркәсіптері
Б)Өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салалары
Г)Өсімдік және балық шаруашылығы
3.Қорытынды

Өнеркәсіптің құрылымы және орналасу заңдылықтары.

Өнеркәсіп – бұл өндірістік сала. өйткені кез келген дайын бұйым
міндетті түрде азды-көпті өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. өнеркәсіптің
қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Оған негіз болған қолөнер орта
ғасырларда мануфактуралық өндіріске, ал ол өз кезегінде сан салалы
өнеркәсіпке ұласты. Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп
өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және
тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі
заманғы индустрия алуан түрлі өндірістерді жиынтығы болып табылады.
өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты,
энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы
(өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші
кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (тас көмір,
қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий
өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салалары
(микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және
аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
өнеркісіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және
орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. өнеркәсіптің орналасуына
әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы
өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан
айқын көрінеді.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық
көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық
жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы
және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті.
Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей,
Орал) көмір алаптары мен метеллургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты.
Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның
орналасуына ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған
инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің
орналасуына астаналық фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар
өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда
болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске
қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де
бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық
зоналарда және шекаралық аудандар көбірек орналасады, бұл аумақтарда
халықаралық экономикалық аудандар қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жа теңіз
жағалауларына ығысуы да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты
қалалар маңындағы сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін
ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.
Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт
түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру
негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық
тиімділік факторы негізінде бір салалардағы кәсіпорындар шашырата
орналастыру байқалады.

Отын-энергетика кешені
Отын-энергетика кешен отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын
біріктіреді. Оның негізгі міндеті – халықты, шаруашылықтың барлық салаларын
қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару. Отын-
энергетика кешенінің отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр
энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі мен
құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.

ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІНІҢ ҚҰРАМЫ

Отын-энергетика кешенінің еліміздегі барлық шаруашылық жұмыстарын
қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2000 жыл (кВтсағ)

Кен өндіретін елдер Мөлшері Аз өндіретін елдер Мөлшері
Норвегия 31852 Конго Дем.Респуб. 109
Канада 19019 Ангола 85
Швеция 17865 Судан 67
АҚШ 14400 Танзания 62
Аустралия 11003 Эфиопия 20

Металлургия және машина жасау өнеркәсіптері.
Металлургия

Бұл жүйеге біріккен салалар кен өндіру, өңдеу және одан металл алуды
іске асырады. Металлургия зауыттары мүмкін болғанша шикізат көздеріне жақын
орналасады. Қара металдар да, түсіт металдар да басты конструкциялық
материал ретінде кеңінен қолданады.
Металл – машина, үйлер мен құрылыстар қаңқасы. Халық шаруашылығының
көптеген салалары металлургиямен құрамдасады.Металлургия өнеркәсібі
электр энергиясы, көмір, табиғи газ, әктас,отқа төзімді материалдар,
түсті металдар, ферроқорытпалар алу және ьолаттың сапасын арттыру
үшін су, көлік құралдарын көп тұтынады.Көріп отырғанымыздай,
металлургия өнеркәсібінің байланыстары өте көп.
Қара металлургия металдар мен қорытпалар өңдеуде жетекші
орын алады. Қара металдарға темір, болат, шойын жатады.Қара
металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Қалған металдар
хром,никель, ванадий, кобальт,маргенец т.б. сапалы болат түрлерін алу
үшін қоспа ретінде пайдаланылады.
Темір және оның басқа элементтері мен қорытпалары қара
металлургияның негізін құрайды.
Түсті металлургия кұрылымы жағынан күрделі өнеркәсіп саласына жатады.
Түсті металлургия табиғи касиеті және атқаратын қызметі тұр-ғысынан шартты
7 топқа бөлінеді:
1) негізгі немесе ауыр түсті металдар (мыс, корғасын, калайы, мырыш,
никель);
2) жеңіл түсті металдар (алюминий, магний, титан, натрий, калий т.б.);
3) сирек кездесетін түсті металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышь-як,
кобальт, сынап);
4) қоспаға тиімді түсті металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий,
ванадий);
5) асыл металдар (алтын, күміс, платина мен платиноидтар);
6) шашыранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галлий,
индий, таллий, германий, стронций, селен т.б.);
7) радиоактивті металдар (уран, бериллий, осмий, радий).
Түсті металлургия кұрамына мыс, мырыш-корғасын, никель кобальт,
алюминий, титан-магний, вольфрам-молибден, асыл металдар өндіру, қатты
қорытпалар, сирек кездесетін металдар өндіру салалары, сонымен бірге уран
мен алмаз өндіру, байыту, өңдеу кіреді. Технологиялық өндірістік цикл
мынадай стадиялардан (сатылардан) түрады:
— бастапқы табиғи шикізатты өндіру мен байыту;
— металл қорыту;
—түсті металдарды өңдеу және әр түрлі формадағы бұйымдар шығару
(прокат, сым, қалыптық формалар т.б.)
Дүние жүзі нарығында шикізат пен жартылай фабрикаттармен салыстырғанда
дайын өнімдер жоғары бағаланады. Мысалы, 1 т глиноземнің (А!2О3) бағасы
1500-2000 АҚШ долл. болса, одан алатын 1 т таза алюминий прокаты 4000-5000
долл. дейін бағаланады. 2003 ж. дүние жүзі рыногында 1 т мыс металының
бағасы 1647-2178 АҚШ долл., мырыш — 819-914, алюминий — … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz