тұсау кесу тойы, тұсаукесер

0

Тақырыбы: Тұсау кесу тойы.
Мақсаты:
1. Ұлттық салт — дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру.
2. Оқушыларды ұлттық салт — дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп ұдайы сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету.
3. Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Тәрбие сағатың барысы:
Қазақ халқы тойшыл, ырымшыл халықпыз. Біздің ерте кезден келе жатқан әр түрлі салт дәстүрлеріміз бүгінгі күнге дейін жетіп жатыр.
Қане, балалар өзіміз білетін салт дәстүрлерімізді атап шығайықшы?
Жақсы балалар, енді біз бүгін тәрбие сағатымызда тұсау кесу салтына тоқталамыз.
Тұсау кесу салты туралы не білеміз? (оқушылармен әңгімелесу)
Жақсы, енді қазір «Тұсау кесу» салты туралы толық мағлұмат алу үшін мына бейне роликті көрейік.
Бейнероликті тамашалау

Ал енді өзіміздің сыныбымызда тұсау кесу салтын көрсетпекпіз.
Тәрбиеші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
Тәрбиеші:
Тәрбиеші: Тұсау кесер рәсімі дегеніміз не?
Кім айтады?

Индира:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.

Тәрбиеші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні әжеміз өзінің немересінің тұсау кесер тойын қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Назерке әже:
Алғашқы немерем жер — Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай немеремді ортаға әкел.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Зере Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй — тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Қаз — қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз — ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Қасиет:
(әже қолына ала жіпті алып жатып)
Тәрбиеші:
Ала жіппен тұсайын
_______ аяғын
Тұсау жібін кесейік
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі).
Тұсау кесу тойы. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!