Түркия туралы
Осман империясы— Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері оған алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл деген атпен белгілі Константиние қаласын өзінің елордасына айналдырған Османлы мемлекеті көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Шығыс Рим империясының ислами мұрагері деп атауға болады.
Құрылуы (1299-1402)Османлылар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолы жеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады.
Өркендеуі (1413-1453)I Мехмет (1387-1421) өзін күллі Османлы мемлекетінің сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. I Мехмет 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады.
II Мұрат (1404-1451) 1422 жылы Константинопольды қоршайды. II Мұрат Константинополь қоршауын тоқтатады. Бүліншіліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Қожа Мұрат Эдирне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы әйгілі әскербасы әрі саясаткер II Мехмет ізбасары болады.
Бұл османлы сұлтаны II Махмұт тұғрасы. Онда былай делінген: Махмұт хан Әбділхамит ұлы мәңгілік жеңімпаз.
Зончио шайқасы — кемелерден зеңбірек атылған алғашқы теңіз шайқасы
Мохач шайқасындағы османлылардың жеңісі — өз заманындағы ең жылдам жеңіс (2 сағат)
Түркия-қызғалдақтар отаны. Шын мәнінде қызғалдақтың баданасы 1554 жылы Стамбулдан Венаға әкелінген және Еуропа бойынша тез тарап кеткен. Қазірде қызғалдақтар Голландияда өте танымал.
Туркия Еуропа елдеріне кофені ашты. Кофе Түркия XV ғасырдың ортасында пайда болды. Екі ғасырдан кейін кофе дәндері Италияны, одан кейін бүкіл Еуропаны жаулады
Түркиядағы «Ван» тұзды көлі «Ван» тұзды көлінде судан қорықпайтын, жүзуді және балық аулап, қармен ойнағанды ұнататын мысықтар бар. Олардың тағы бір ерекшелігі: бір көздері көгілдір, ал екіншісі ашықсары түсті.
Ең қымбат кілем Әлемдегі ең қымбат жібек кілем Түркияның Конья қаласындағы Мелвана мұражайында сақталған. Ол кілемнің 1 шаршы сантиметрінде 144 түйіншек бар
Соңғы жаңалықтар
-
Жетісу облысы инвесторлар үшін қандай мүмкіндіктер береді? — Бейбіт Исабаев жауап берді
19 Желтоқсан, 2024, 17:20 -
Сәтпаевтағы ереуіл: «Қазақмыс» кеншілермен әлі келісе алмай жатыр
19 Желтоқсан, 2024, 16:10 -
Щучинск: Қысқы спорттың орталығы ма, әлде тоқыраған құрылыс алаңы ма?
19 Желтоқсан, 2024, 15:58 -
«Ұлымды әскерге жібермеймін»: Әсел Асқар әскерге жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқандарға ашуланды
19 Желтоқсан, 2024, 15:14
Бізбен байланыс
Мекен-жай: ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон: +7 702 6094955
E-mail: aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp: +7 702 6094955