Туризмдегі туристік нарық пен сұраныс туралы қазақша
Туристік өнімдер мен қызметтерді біреу сатады, біреулер алады. Бұл алым-берім туристік нарықта сатушы мен алушының тікелей қатысынсыз да жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, телефон, телекоммуникациялық байланыс арқылы, телефон қоңырауы немесе чек арқылы жүргізіледі. Туристік нарықтың географиялық шекарасы болмаса, ұлттық мүдделері болмайды. Сондықтан мемлекеттер туристік нарық саласын өз пайдасына қарай реттеп, өзінің туристік саясатын қалыптастырады.
«Нарық» ұғымы туризм экономикасында үш түрлі мағынада қолданылады:
а) экономиканы жүргізу тәсілінің сипаттамасы ретінде. Нарықтың бөлу, әкімшіл-әміршіл жүйеден айырмашылығы – орталықсызданған, баға сигналдарының жалқыланбаған механизмдерге негізделген өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекеттесу тәсілдері. Аталмыш контексте қоғамдағы экономикалық қатынастар жүйесін сипаттайтын базалық экономикалық түсінік ретінде көрінеді.
ә) дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың қалыптасқан жүйесі ретінде. Мұнда туристік өнімнің ақшаға және керісінше ақшаның туристік өнімге айналу процесі жүзеге асады.
б) туристік өнімді сатушылар мен алушылардың өзара әрекеттесуінің экономикалық механизмі ретінде. Бұл ретте осы механизм сатушылар мен алушылардың өздерін емес, олардың арасында туатын экономикалық қатынастарды сипаттайды.
Туристік нарық – төрт негізгі элементтер – туристік сұраныстың, туристік өнімді ұсынудың, баға мен бәсекенің өзара әрекеттесуінің экономикалық механизмі.
Туристік сұраныс – адамдардың белгілі бір бағамен сатып ала алатын, белгілі бір мөлшерде көрінетін туристік өнімдер мен қызметтер түріндегі төлем қабілетімен расталған рекреациялық қажеттіліктері.
Туристік өнімнің ұсынысы – белгілі бір баға деңгейінде нарыққа шығарылған туристік өнім мен қызметтердің мөлшері.
Баға – туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өлшемі мен реттегіші. Нарықтағы баға ұдайы өзгерісте, бірақ сұраныс пен ұсыныс теңелгенде, туристік өнімің пайдалылығы мен оны өндіруге кететін шектік қалдықтарбір-біріне тең болғанда тепе-теңдік баға орнайды.
Бәсеке – кәсіпкерлердің туристік нарықтағы монополиялық немесе ең жақсы жағдайға ие болуы үшін өзара күресі. Бәсеке кәсіпкерлердің туристік өнім артық ұсынылған жағдайда оны өткізу үшін жүргізілетін күресін сипаттайды. Алайда туристік өнім жетіспеген жағдайда бәсекеге тұтынушылар түседі. Туристік нарықтың тепе-теңдіктің жаңа жағдайын іздегенде бағаның өзгерісіне әкелетін осы бәсеке болып табылады.
Туристік нарықтағы бәсеке туристік өнімнің бағасында сұраныс пен ұсынысындағы тұрақты толқуларға әкеліп қана қоймай, нарықтың өзге қызметтерінде де көрініс табады:
- өндірістің негізгі факторларының бөлінуі;
- техникалық прогресті стимулдау мен қызмет көрсету технологиясын дамыту;
- нарық субъектілерінің табыстарын дифференциациялау.
Өндірістің негізгі факторларын бөлу қызметі факторлық нарықтарда: еңбек нарығында, капитал нарығында, жер нарығында, рекреациялық ресурстар мен кәсіпкерлікте жүзеге асырылады. Осыдан соң іле-шала мұнда өндірістің негізгі факторлары, яғни осы өнімді өндіруді дамытуға қажетті жаңа ресурстар құйыла бастайды.
Техникалық прогресті стимулдау бұл тұрғыдағы еңбек өнімділігін арттырып, өндіріс дағдарыстарын азайтуға мүмкіндік берсе, бәсеке кәсіпкерлерді жаңа технологияларға, ғылымға, білім беруге ресурстар салуға итермелейді, себебі осы факторлар өндірістің дамуына айтарлықтай әсер береді.
Нарық субъектілері табыстарын дифференциациялау туристік нарықтың айқындалмауы факторына сай жүреді. Бәсекеде нарық коньюктурасын дәл бағалаған кәсіпкер ғана жеңіске жетеді. Нарық өзгелерді кедейлендірген кәсіпкерді ғана бай етеді. Нарықтағы іс-әрекет өзге де көптеген ойындардағыдай тәуекелге толы.
Туристік нарық ұдайы динамикалық тепе-теңдікте, ол циклдік сипатқа ие. Нарық циклі оның құрылымдарының бірін қозғасақ, өзге бөліктері де қоса қозғалысқа келетіндігімен анықталады. Туристік нарықтың циклділігі оның барлық элементтерінің: сұраныстың, ұсыныс пен бағаның бәсеке арқылы қозғалысқа келіп өзара әрекеттесу сипатымен анықталады. Сондықтан ұсыныс сұраныстан асып кетсе, туристік өнімнің бағасы түседі. Бұл аталмыш туристік өнімді өндірудегі кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе баға өседі, бұл фирманың осы туристік өнімді көптеп өндіруіне әкеледі. Бағаның белгілі бір ауытқуынан соң сұраныс пен ұсыныс теңесетін кезең туып, осы уақытта нарық тепе-тең қалыпқа келеді. Осылайша туристік нарықта баға туристік өнімнің айырбас құнын білдіруші ретінде көрінеді. Туристік нарық та өзге нарықтар секілді сұраныстың заңына сәйкес тұрақтанады. Дәлірек айтсақ «қажеттілік», «қорғаушы күш», «құндылық бағыттар» терминдері – психологиялық категориялар. Олар туристің экономикалық мүмкіндіктері мен талғамдарынан гөрі туристің жеке тұлғасын сипаттайды. Бұл ұғымдардың экономикалық эквивалент болып «сұраныс» категориясы табылады. Сұраныс деп екі нақты өзгермелі: баға мен сұраныс арасындағы байланысты айтамыз. Экономикалық механизмнің барлық компоненттері арасында нарықты тепе-тең жағдайға әкелетін қатынастар жүйесі орнайды.
Туристік экономикадағы сұраныс көлемі белгілі бір бағамен туристік өнімді сатып алушылардың санымен анықталады. Сұраныс көлемін үздіксіз сұраныс қисық сызығымен шатыстыруға болмайды. Ол жөнінде кейінірек айтамыз. Оған екі экономикалық әсер: табыс әсері мен орнын басу әсері тән.
Табыс әсері бағаның төмендеген кезінде табысы бар тұтынушы сұранысы қалай өзгеретінін көрсетеді. Мәселен, тур күнінің бағасын 2 есе төмендетсек, онда сіз осы табысқа саяхатыңызды 2 күнге дейін ұзарта аласыз, себебі сіз сұраныс көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша табысқа ие боласыз.
Туристік сұраныс бұл тұтынушының белгілі бір баға деңгейінде сатып алғысы келетін тауарлардың механизмі ғана емес, саны да. Сұраныс қатаң сақталатын ретпен көрінетін элементтерге жіктелуі мүмкін:
- саяхатқа даярлану;
- демалыс орнына бару;
- тұру мен тамақтану;
- сатып алулар мен жеке таңдаулары;
- саяхаттан алған әсерлер.
Сұраныстың әр кезеңінде тұтынушының мінез-құлқында белгілі бір себептер болады. Мәселен, «саяхатқа даярлану» кезеңінде сұранымның негізгі элементі: кездесуі мүмкін туристік орталықтар туралы мәлімет алу, турлар мен билеттер сатып алу, визалар алу, т.б. болып табылады. «Демалыс орнына бару» кезеңінде сұраныстың элементтері жол шығындарымен байланысты. «Тұру мен тамақтану» кезеңінде туристік сұраныстың негізгі элементтері қонақ үйде тұру мен қосымша қызметтер алумен байланысты. «Сатып алулар мен жеке таңдаулары» кезеңінде туристік сұраныстың негізгі элементтері туристік орталықтағы қосымша туристік қызметтерді тұтынумен байланысты. Соңғы «Саяхаттан алған әсерлер» кезеңінде алған әсерлерді репродукциялаумен байланысты қызметтерге деген сұраныс артады.
Туристік өнім мынадай түрліше факторлардың әсерімен қалыптасады және өзгереді:
- рекреациялық ресурстардың дифференциациялауға;
- әлеуметтік-саяси ахуалға;
- демографиялық ахуалға;
- маусымға;
- тұтынушылардың қашықтығына;
- туристердің рекреациялық қажеттіліктерінің құрылымына;
- халықтың сатып алу қабілеттілігіне;
- туристік ұсыныстың құрылымына;
- әлеуметтік-мәдени ахуалға.
Рекреациялық ресурстардың дифференциациясы – рекреациялық ресурстардың аумақ бойынша және тұтынушылар арасында бөлінуі.
Әлеуметтік-саяси ахуал сұраныс динамикасының маңызды факторы ретінде көрінеді. Туризм тұрақсыздық жылдары құлдырауға ұшырайды, керісінше экономикалық өсу мен тұрақтану туризмнің тез қарқынды өсуіне әкеледі. Белгілі бір аймақтағы әскери жанжалдар дүниежүзінде туризмнің өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.
Демографиялық ахуал. Елдегі және аймақтағы жас және жыныстық құрылымының өзгеруі сұраныс көлемінің ғана емес, сұраныстың өзінің де өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Тұтынушылардың қашықтылығы экономикалық түрдегі тасымалға байланысты. Ол бұл факторлардың физикалық параметрлеріне байланысты туристер шығындарының құрылымында 20-50%-ды құрайды (ұшу сағаттары, қашықтық шақырымдары).
Туристердің рекреациялық қажеттіліктерінің құрылымы – бұл сұранысты сандық сипаттама ретінде сипаттайтын басқа категориялардың келіп туатын сұраныстың базистік факторы.
Халықтың сатып алу қабілеттілігі – әдетте отбасылық табыс мәліметтермен сипатталады. Орта тапқа жататын отбасы бюджетінде туризмге 8-12% бөлінетіні белгілі, бұл тамаққа, киімге, жиһазға кететін шығындардан артық, ол тек тұрғын үйге кететін шығынға ғана орын береді. Кей кезде отбасылардың сатып алу қабілеттілігін табыс көрсеткіші емес, үй мүлкімен қамтамасыз етілуі сипаттайды. Расында да адамдардың ақшаны қалай жұмсайтындығы, оны қалай табатындығына қарағанда маңыздырақ.
Туристік ұсыныстың құрылымы туристік нарықта ұсынылған туристік өніммен сипатталады. Әлеуметтік-мәдени ахуал сұраныс коньюктурасына табысты ықпал етеді. Әдетте туроператорлар белгілі бір елдегі барлық елеулі мәдени оқиғалар туралы мәліметтер алады (музыкалық концерттер мен фестивальдардың, көрмелер мен жәрмеңкелердің, спорттық жарыстар мен маскарадтардың, мейрамдар мен мерекелердің болу уақытын) – мұның барлығы тартымды сәттер боп табылады және осы оқиғалар болатын елдерге туристік сапар шегуге деген сұранысты күрт өсіреді.
Туризм секілді көп қырлы сала үшін дағдылар мен біліктерді, нақты білімдер мен нақты тәжірибелерді қалыптастыру кәсіптік туристік білім берудің педагогикалық және туристік практика сынынан өткен стандарттарға, тұжырымдамалар жүйесіне, модельдер мен көрсеткіштерге сүйеніп, олар біртұтас ұғымды – туристиканы құрау керек. Ғылым ретінде туризмге туризмнің экономикасы мен әлеуметтану; туристік менеджмент (оның ішінде құқықтық, қаржылық-экономикалық, кадрлық, экологиялық және технологиялық); туристік ресурстану; аймақтық саясат; туристік іс-әрекеттің теориясы мен практикасы; туризм индустриясы мен туристік инфрақұрылым; туристік мониторинг пен ақпараттық технологиялары.
Қазіргі туристика – бұл қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық параметрлердегі туризмнің жүйелі дамуының төрт құрамдас бөлігінің өзара байланысы:
- туризм адамның әртүрлі құқықтары мен қажеттіліктерін іске асыру саласының ұлттық құбылысы ретінде (денсаулық сақтауға, дем алуға, еркін жүріп тұруға, т.б. құқықтары);
- туристік іс-әрекет қажеттілік пен сұранысты қанағаттандыру технологиясы ретінде (туристік индустрия, ұйымдастыру формалары, туринформатика, кадрлар даярлау, т.б.);
- туристік экономика қазіргі ұлттық және аймақтық экономиканың ерекше секторы ретінде (туристік нарық, кәсіпкерлік, бизнес, өнім т.б.);
- туристік саясат туризм мен туристік іс-әрекетті реттеуге бағытталған мемлекеттің, оның субъектілері мен аймақтарының әлеуметтік және экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде.
#Туризмдегі #туристік #нарық #пен #сұраныс
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз