Туризм индустриясының дамуына әсер етуші факторлар туралы қазақша
Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін, осы факторларды есепке алған өте қажет. Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:
- сыртқы (экзогенді);
- ішкі (эндогенді).
Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.
Туризм дамуына әсерін тигізетін, маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:
- табиғы-географиялық;
- мәдени-тарихи;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- демографиялық;
- саяси-құқықтық;
- технологиялық;
- экологиялық.
Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте – табиғи-географиялық. Табиғи-географиялық (теңіз, тау, орман, флора, фауна, климат және табиғат ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристтің белгілі бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.
Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, табиғи құбылыстар туристік белсенділіктің артуына әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж.) Румыния аумағында жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық компания, 1999 ж. бұл елге келген туристер санының 1998 ж. салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен Чехия аумағында болған су тасқыны (1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді мекендерге туристік белсенділікті тежеді. Туркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж.) 1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын 2 млн-дай адамға және әлемдік туризмнан түсетін табыстың 3 млн-дай АҚШ долл. төмендеуіне әкелді.
Тұтас алғанда табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар туризмның дамуына зор мүмкіндіктер тудырады және өзгермейтін құндылыққа ие. Адам оны тек өз қажеттілігіне орай бейімдеуі және туристік мақсаттарда қолдануда қолайлы етуі мүмкін.
Экономикалық факторлардың туризмге әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының бағыттары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Елдің экономикалық дамуымен, оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады. Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық базасы және туризм инфрақұрылымы да тәуелді. Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты ақша айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.
Туризмнің дамуы тек ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономикалық циклдың қай фазасында – өркендеу немесе құлдырауда болуы да әсер етеді. Бұған мысал ретінде, айтып өтетін жайт XX ғ. 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.
Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте атап өтетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір сүру деңгейінің артуына байланысты жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.
Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық төңкеріспен байланысты, мұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық мәселелер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.
Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі бағыт байқалды: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарлардың ұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралық саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғысымен саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмнің ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.
“Аралық сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтік фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін әлемдегі 18 елдің демалыс кезеңі динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғ. туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.
Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрпы және өнерімен танысуға жұмсайды.
Соңғы кезде, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен Батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазір адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззат алуға талпынады. Осыдан шығар қорытынды, қоғамның тұтынушылық құрылымындатуризмнің орны және рөлі өзгерді. Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.
“Үш S” (Sea – Sun –Sand; теңіз – күннің көзі – жағажай) қағидасы бойынша белсенді емес демалыс орнын “Үш — L” формулалы (Lore – Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер – пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты (1.1-кесте).
Туризм дамуына әрдайым әсерін тигізетін фактор – демографиялық. Ол халық саны, олардың әр ел және аймақ бойынша қоныстануы, жыныстық-жастық құрылымы, еңбекке қабілетті халық, оқушылар мен зейнеткерлер, отбасылық жағдай және оның құрамы. Әлемдегі тұтасымен және кейбір жеке аймақтарда халық санының артуы, туристер санының артуына тең әсер етеді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, халық тығыздығы жоғары елдердің туристік ағымы халық тығыздығы төмен елдердегіден гөрі қарқынды. Бұдан басқа, туристік қозғалыстың жасқа, жынысқа және отбасылық жайға байланысты өзгерісі байқалады. Өйткені туризмнің белсенді түріне18-30 жас аралығындағы адамдар қызығушылық білдіреді. Бірақ, жалпы адамдардың туристік қозғалысы 30-50 жас аралығында өз өрлеу шыңына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасы құрмаған адамдар, отбасы құрған адамдардан гөрі мобильді, ал әйелдер ерлерден гөрі туризмге көп қызығушылық білдіреді.
Демографиялық фактор тобына, сонымен қатар урбандалу (қала халқының үлесі өсуі) да жатады. Урбандалудың ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка елдері (74%) және Еуропада (71%), бұлар туристермен “жабдықтаушы” болып табылады. Бір ел ішінде туристік белсенділік деңгейі ауылдық мекендерден гөрі қалаларда жоғары болады. Әрі қала қанша ірі болса, сонша оның тұрғындары туристік сапарларға көп аттанады. Бұның себебі, адамға көп салмақ түсуден және жүйкенің шаршауынан демалысқа деген қажеттілік туындауы. Қала халқының жоғары мәдени және білім деңгейі, оның танымдылық мақсатта сапар шегуіне әсер етеді.
Дамыған елдер халқының демографиялық құрылымында төмендегідей өзгерістер орын алуды:
- халық қартаюда (туу деңгейінің төмендеуі жасы үлкен адамдардың үлесінің артуына әкелуде, ал жасы 15-тен 24-ке дейінгі аралықтағы жастардың саны төмендеуде);
- қызмет етуші әйелдер саны артуда (бұл отбасыны кеш құруға, тууды кейінге қалдыруға және баласыз отбасылардың көбеюіне әкелуде);
- жалғыз басты адамдардың саны өсуде (ірі қалаларда олар жарты халықтың жартысына жуығын құрайды).
Туризмнің дамуына әсер етуші демографиялық факторлар екі бағытты анықтайды: біріншісі – әлеуетті туристер шеңберінің ұлғаюы, яғни адамдардың көбінде саяхатқа деген ынтасы және мүмкіндігі, екіншісі – адамдардың үлестік салмағының артуы (қазіргі кезде ол 40%-ға тең).
Туризм дамуына маңызды ықпал ететін фактор – саяси-құқықтық: әлемдегі және әр елдегі саяси жағдай, ашық шекара саясаты, туризм саласындағы әкімшілік бақылауды бәсеңдету, салықтық және ақша саясатының унификациясы. Туристік белсенділік саяси жағдайға тәуелді болады. Тұрақты саяси жағдай туризм дамуына оң ықпал етеді, ал керісінше, тұрақсыздық оның дамуын бәсеңдетеді. Израиль-Палестина шиеленісі Таяу Шығыстың көптеген елдерінде туризм дамуына кедергі келтіруде. Саяхатқа зор қауіпті терроризм мен экстремизм тудырады. АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террорлық актілер.
Технологиялық факторлар – техника және технология дамуымен тығыз байланысты. Олар туризмде жаңа қызмет көрсету түрін қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызмет көрсетудің бұқаралық өндіріс құралдарының жетілдіруіне әкеледі. Ыңғайлы, жылдам әрі салыстырмалы түрде қол жетерлік көлік құралдары (алдымен әуе көліктері) туризм дамуына зор ықпал етті. Мамандар айтуы бойынша, көліктің әрі қарай дамуы, екі негізгі бағыт бойымен дамиды: сандық даму (әртүрлі көлік түрлерінің өсуі); сапалық даму (жүру жылдамдығының өсуі, тасымалдаудағы қауіпсіздік және жолаушыларға барынша ыңғайлылық). Басты назар аударатын мәселе, туризм индустриясына компьютерлік техниканы енгізу, онсыз бұқаралық туристік сапарды ұйымдастыру мүмкін емес.
Туризмде ғаламтор тек қана ақпаратты беру мен алмасу қызметін атқарып қоймай, сонымен қатар өткізудің жаңа жүйесін құрайды. Ол туристік қызметті тұтынушыларды жабдықтаушылармен тілдестіреді.
Экологоялық фактор туризмға зор ықпалын тигізеді. Себебі қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті. Туризм табиғи ресурстарды қолданады. Табиғи ортаның бұзылуы туристік ұсыныстың құлдырауына әкеледі.
Ішкі факторлар – бұл сала ішінде тікелей әсерін тигізетін, басты құбылыстар мен бағыттар. Оларға ең біріншіден, орналастыру құралдарының, көліктің, тамақтандыру кәсіпорындарының, тұрмыстық қызмет көрсетудің, рекреациялық саланың, бөлшектік сауданың дамуымен байланысты, материалды-техникалық факторлар жатады. Бұдан басқа туристік қызметтің сұранысымен және ұсынысымен тікелей байланысты, төмендегідей факторларды атап өтуге болады:
- тұтынушылардың ақпараттанғандығының артуы және олардың қалауларының өзгерісі, бұл стандартты көпшілікті туризмнің, қызмет көрсетудің әртүрлілігімен сипатталатын туризмге ауысуы;
- туризм саласындағы қызметті координациялау рөлінің артуы (ірі фирмалардың орта және кіші бизнеспен серіктес қарым-қатынасы; туристік одақтар құру; туристік бизнеске зейін қою және ғаламдандыру);
- туризм саласын мамандармен қамтамасыз ету (жұмысшылар санын арттыру; еңбекті ұйымдастыруды жақсарту; кәсіби даярлықтарын жоғарылату);
- жеке меншіктегі туристік бизнестің дамуына қолдау көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарының жарнама және туристік өнімді жылжытудағы маңызын арттыру.
Туризмның дамуына әсерін тигізетін басты факторлардың бірі маусымдылық. Маусымдылықтың ерекшелігі – туризм түрлері бойынша ерекшеленеді. Танымдық туризм рекреациялық туризмнен гөрі маусымдық өзгерістерге көңіл бөлмейді. Түрлі туристік аймақтарда маусымдылық әр түрлі болып табылады. Туризмдегі маусымдылық негізінен климаттық, әлеуметтік және психологиялық факторлармен сипатталады. Климаттық факторлар әлемнің көп аймағында саяхатқа, демалысқа, емделуге, спортпен айналысуға қолайлы ауа-райы жылдың айлары бойынша ерекшеленетініне байланысты.
Психологиялық факторлар көбіне жаз айларында саяхаттың артуымен сипатталады, себебі оқушылар жазда демалысқа шығады да, сол кезде отбасымен бірге болу мақсатында, ата-аналары өз демалыстарын алады.
Туризм дамуына әсерін тигізетін факторлар сан алуан, сондықтан да болар, оған әсерін тигізетін факторлар жіктемесі де сан алуан. Оң әсер ететін факторлардың көптігі әлемдік туризмде жекелеген аймақтың алға шығуына әкеледі, ал керісінше теріс әсер етуші факторлар туристік ағымды төмендетеді. Туризм дамуына әсер ететін негізгі факторларды екі топқа бөлуге болады: статикалық және динамикалық.
Статикалық факторлар уақытқа, мерзімге байланысты мәні өзгермейді. Бұл топқа табиғи-климаттық, географиялық, мәдени-тарихи факторлар кіреді. Демалыс орындарының тартымдылығын ең бірінші, осы шарттар анықтайды. Сондықтан да климаты ыстық оңтүстік аймақтардың айырымы оң мәнді. Табиғи-мәдени ресурстар білім деңгейі және адамдардың танымдылық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты зор мәнге ие болуда. Динамикалық факторлар төмендегідей:
- саяси;
- әлеуметті-демографиялық;
- қаржылық-экономикалық;
- материалдық-техникалық.
Негізінен елдегі саяси жағдайға барлық динамикалық факторлар тәуелді болып келеді. Күйзеліс, саяси тепе-теңдіктің болмауы, жұмыссыздық, рәсімдеулердің қатаңдығы, валюта курсының өзгерісі және тағы басқа жағдайлар – бұл мемлекет жүргізген саясаттың нәтижесі.
Әлеуметтік-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы, баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық ерекшеліктер, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбандалу және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды.
Қаржылық-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: мемлекеттегіэкономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.
Материалды-техникалық факторлар туристік индустрия базасының жағдайы мен мүмкіндіктерін көрсетеді: орналастыру орындары, тамақтану, көлік, рекреациялық сала, сауда және тағы басқалары.
Шет елде туризмның дамуына әсер ететін факторлардың маңыздысы деп, мына төмендегі топтаманы атауға болады:
- мемлекеттік органдардың қолдауы;
- қоғамдық байлық және тұрғындар табысының өсуі;
- жұмыс уақытының қысқаруы;
- көлік және коммуникация құралының дамуы;
- урбандалу;
- қоғамның рухани байлық жүйесіндегі үстемдігі.
Әр елдің тәжірибесі көрсеткендей, туризм дамуының жетістігі мемлекетте бұл саланың қалай қабылданатынына және мемлекет тарапынан қандай қолдау табатынына байланысты.
Туристік индустрияға мемлекеттік қолдау көрсетудің төмендегідей түрлері бар:
- субсидиялар;
- жеңілдетілген қарыздар;
- пайыздар бонификациясы;
- салық жеңілдіктері.
Көптеген елдерде келу туризмін ынталандыру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда салық салудағы және шекара тәртібіндегі жеңілдіктер, инвестиция үшін жайлы жағдай жасау, шет ел нарығында жарнамалау, мамандар дайындау көрсетілген. Туркияда барлық жеңілдіктер арнайы сертификатпен анықталады. Туризм саласындағы жергілікті және шетел инвесторларына төмендегідей жеңілдіктер беріледі:
- салық бойынша инвестициялық қолдау;
- кедендік баждан босату;
- жеңілдетілген несиелер;
Салық және алымдар бойынша жеңілдіктер дегеніміз:
- жеңілдік сертификатқа байланысты әкелінетін машина және құралдардың кедендік алымдардан босатылуы;
- жеңілдік сертификатының болу-болмауына байланыссыз кейбір машина және құралдардың кедендік алымдардан босатылуы;
- корпоративтік салыққа жеңілдік (30-дан 100%-ға дейін);
- жоғары деңгейлі үстемдігі бар аймақтарда жұмыс атқарушы жұмысшылардың табысына салық салудан босату.
Туризмді ынталандыру бойынша заңға сәйкес туроператорларға да бірнеше жеңілдіктер беріледі. Олардың туристік қызметтен түскен табысына корпоративтік салық тек оның бесінші бөлігіне салынады.
Шетел валютасымен алынған және түрік лирасына конвертирленген туризмнен түскен табыстың 20%-ы 10 жыл аралығында салық салудан босатылады. Мемлекеттің және жергілікті биліктің қаржылық қолдауынан Түркия соңғы 5 жылда туризм саласында даму үстінде.
Урбандалу. Қалалардағы халықтың концентрациясы, табиғаттан қашық болуы адамдарды өз тұрғылықты мекенінен тыс жерлерге баруға жетелейді. Урбандалудың ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка (77%) және Еуропа (71%) елдерінде. Бұл аймақтар негізгі туристермен «жабдықтаушы» боып табылады). Бір ел ішінде қала тұрғындарының ауыл тұрғындарынан туристік сапарға деген ықыласы жоғары. Қала қаншалықты үлкен болса, соншалықты саяхатқа сұраныс зор.
Қоғамдық сана деңгейі. Соғыстан кейінгі жылдары адамдар еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өз демалыстарын дене және ой күштерін қалпына келтіруге жұмсады, 60-70 жылдары материалдық игіліктерді жинақтау және тұтыну орын алды (жылжымайтын мүлік, байлық заттарын алу), 1980-жылдары материалдық игіліктерді тұтыну орнын адамдардың рухани байлыққа, яғни саяхатқа қажеттілігі артты.
Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмнің әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемдегі зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмге әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының бағыттары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:
- нақты табыстың өсуі;
- табыстың тең бөлінуі;
- валютаның тұрақтылығы;
- тиімді конъюктуралық жағдай.
Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:
- экономикадағы дағдарыс құбылыстары;
- өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау);
- валютаның тұрақсыз болуы;
- тиімсіз конъюктуралық жағдай.
Елдің экономикалық дамуымен, оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады.
Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді. Экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валюта айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағым көлеміне әсер етеді.
Жұмыс уақытының қысқаруы. Көп елдерде кәсіпорындардағы жұмыс уақыты 2350 сағаттан 1950 жылы, 1716 сағатқа дейін 1987 жылы қысқарды. Орташа статистикалық демалыс бұл кезеңде 12 күннен 31 күнге өсті. Сонымен қатар еңбек қарқындылығы артты, бұл стресстық жағдайларға және адам организмінің демалысқа қажеттілігінің артуына әкелді.
#Туризм #индустриясының #дамуына #әсер #етуші #факторлар
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз