Тура және кері ретпен санау

0
Пән: математикаҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Сынып: Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Турданова СалтанатҚатысқандар саны:Қатыспағандар саны: Сабақтақырыбы Тура және кері ретпен санау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 натурал сандардың жəне нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.4.3.110-ға дейінгі сандар тізбегін құру Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:натурал сандар мен нөл санының құрылуын біледі.Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;Кейбір оқушылар: 10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырады. Бағалау критерийлері 10 көлеміндегісандардыңқұрылужолын түсіндіреді.10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.Сандардың натурал сандар қатарындағы орнынанықтайды. Тілдік мақсаттар Тірексөздертура ретпен санау; кері ретпен санау. Құндылықтарды дарыту Шығармашылық пенсыни тұрғыдан ойлауға баулу Пәнаралық байланыстар Дүниетану,бейнелеу өнері. АКТ қолдану дағдылары АКТ арқылы суреттер және сергіту сәтін өткізу Бастапқы білім 10 санының құрамын біледі Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 7 мин Сабақбасында:Ұйымдастыру кезеңіБіздің күлкіміз көңілдіЖеткізсін жылу мен шаттықтыБөліскен жақсы ғой өмірдеҚуаныш мейірім бақытты«Құпия сан» әдісі бойынша топқа бөлу.Өткен сабақты пысықтау.1.Үй тапсырмасын тексеру.2.10 санының құрамы3.«Бір дұрыс,екі бұрыс» әдісі1.Өрнектің бірінші қосылғышын тап:5+2=7

  • 2 ә)6 б)7 в)5
  • 2. Өрнектің мәнін тап: 9-1 a) 7 ә)9 б)6 в) 8

    Сабақта«Домино» әдісі арқылы оқушылар санның ретімен шеңберболыптұрады.

    Түрлі түсті қарындаштар;Он заттан тұратын санау материалдары. Сабақтың ортасы 5минут

    4 минут

    4 минут

    5минут

    5минут

    6 минут

    7 минут

    Ұжымдық жұмыс ретінде оқушылармен он көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санаймын. Ол үшін тақтаға он оқушыны шақырып, 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратамын. Оқушыларға бір қатарға ретпен тұруды ұсынамын. Қандай ретпен тұруды өздері аңдауға мүмкіндік беремін. Олар 1-ден 10-ға дейінгі сандармен ретпен тұрады.

    Оқушылар 10-ға дейін есептік санау түсініктерін бекіте отырып, 20 көлеміндегі сандарды санау дағдыларын кеңейтеді. Олар тура және кері ретпен санауды қолданып, 20 көлеміндегі сандарды ретімен атауды үйренеді.

    Шығарып көр.

    Оқушылардан парақшаларға мұқият қарауды өтінемін. Парақшалар көлденең және тігінен орналасқан. Оқушылар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды танып, жоқ парақшаларды анықтауы қажет. Егер оқушылар қиналатын болса, онда оларға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қағазға жазып, олардың арасынан бар сандарды белгілеу арқылы табуды ұсынамын.Жоқ парақшалардағы сандар: 5, 6, 9.

    Орындап көр. Оқушыларға ауызша 4-тен 10-ға дейін, кейін 1-ден 8-ге дейін санауды ұсынамын. Оқушылардың кез келген саннан бастап санай білу дағдысы қалыптасады. Содан кейін оларға керісінше 8-ден бастап 1-ге дейін санатамын. Егер оқушылар қиналатын болса, онда аталған сандарды қағазда жазуын сұраймын. Тапсырманы қиындату үшін бір саннан тастап, керісінше 10-нан 1-ге дейін санатамын.

    Баспалдақтар. Тапсырманы жұппен «Кім жылдам» әдісі арқылы жүргізіледі.Әр оқушыға сандарды атай отырып, баспалдақпен көтерілу керек екенін түсіндіремін.Баспалдақ шыңына жеткен соң, ол оның басқа жағымен түсуі тиіс.Кейін оқушылар ауысып көтерілу мен төмен түсуді баспалдақтың басқа жағынан бастайды. Осылайша, жұптағы әрбір оқушы 1-ден 20-ға дейін тура және кері ретпен санайды.

    Іздер «Санды тап» әдісі бойынша топпен жұмыс жүргізіледі.

    Іздер мен есіктердің қандай ретпен нөмірленгенін және кейіннен түсіп қалған сандарды анықтайды.Жауабы: Іздерді кері ретпен санауды түсіп қалған сандар:8,7,6,5.Есіктерді тура ретпен санауды түсіп қалған сандар: 6,8

    Жеке жұмыс жазылым ретінде жүргізіледі. Дәптермен жұмыс.

    1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар Сабақтың соңы

    2мин

    Бағалаудескриптор

    Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Ұжымдық жұмыста барлық оқушы натурал сандар мен нөл санының құрылуын білді.«Кім жылдам» әдісінде көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтады.«Санды тап» әдісі бойынша топпен жұмыста кейбір оқушылар: 10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырды. Тапсырмаларды орындау барысында ұшы үшкір оқу-құралдарынан абай болу керек. Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болған жоқ. Белсенді оқу әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, әр сабақты тиімді әрі ұтымды өтуіме ізденушілік пен табандылық қажет деген тұжырымға келдім.

    03.10.2017 ж. Тексерілді: