Тұңғыш Президент күні

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тұңғыш Президент күні

Автор: Мухаметжанова Эльвира Асылбековна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-24


Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларға, тәрбиешілерге, ұстаздарға




Тақырыбы: «Тұңғыш  президент»Мақсаты :Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың Тұңғыш президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру.Дамытушылық: Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.Тәрбиелік: Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту.Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңбаБилингвальды компонент: Отан-родина, елбасы — президент, ту-флаг,елтаңба- гербӘдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіруСабақтың барысы:Шаттық шеңбер:Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Барша жанды құрметтеп,Бас иеміз бізТәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді айтайық.

Тәрбиеші:

  • Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

Балалар:

  • Тұңғыш Президент күні
  • Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

  • Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

  • Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:Ол біздің президентіміз!

  • Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Тәрбиеші: 1991 жылы  1-желтоқсанда халық өз таңдауымен  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан

  • Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?Балалар:Астанада!Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағы да не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар!Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.

Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы — президент – President Тәрбиеші:

  • Ал, балалар, сендер біздің еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.

Тәрбиеші:

  • Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?

Балалар:Күн, бүркіт, ою.Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?Балалар:Көк!Тәрбиеші:Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесінқараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

  • Ал, туымыздың жанында не бар екен?
  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
  • Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:Тәрбиеші:

  • Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.

— Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз  қалай  аталады? —  Ұлтымыз  қазақ.Ана  тіліміз  қай тіл? 

  • Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг — flag

Елтаңба – герб — emblem

  • Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?

Отан туралы мақал – мәтел:

  • Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
  • Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
  • Отан отбасынан басталады.
  • Отанын сатқан оңбас
  • Ел іші – алтын бесік

Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін кім туралы айттық?

Балалар:

  • Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:Балалар:

  • Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:Тәрбиеші:

  • Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
  • Жарайсыңдар, балалар!

(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін үш тілде айтқызу)

МКҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып өткізілген іс-шара10 топ

Өткізген: Мухаметжанова Э.А.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.