Түлкінің кебісі балабақшадағы ашық сабақтар
Балалар менің алдымда қиылған суреттер жатыр.Бұл суреттерді құрастырмас бұрын мына жұмбақтың шешуін табуымыз керек.
Жұмбақ
Қырда жүрер ол жортып
Іні де жоқ бармайтын
Құйрығымен бұлаңдап
Қандай аң ол алдайтын
-Жұмбақтың шешуін таптыңдар
Тапсырма: жұмбақтың шешуін дұрыс па бұрыс па қиылған суретті құрастыру арқылы білеміз.
-Тамаша,дұрыс құрастырдыңдар.Міне жұмбақтың дұрыс шешуі шықты.
-Енді бәріміз сиқырлы суреттерге назар аударайық.
Презентация:
Түлкі туралы суреттер көрсетіледі.
-Түлкі орманда тіршілік етеді.Ол жабайы аңдарға жатады Түлкінің баласын «Түлкішек деп атайды.
Қысы-жазы далада жүретін аң болғандықтан
Мезгілге байланысты жүні түлейді,яғни өзгереді.
Қыс мезгілінде жүнднрі қалыңдап,тұяқтары қатаяды.Қыста жүндері қызыл –сары түске өзгереді.Сондықтан халық оны қырдың қызыл түлкісі деп атайды.
-Енді бәріміз түлкінің қыста тамағын қалай тауып жейтінін көрейік.
Бейнесюжет
Бейнесюжеттен кейін балаларға сұрақтар қойылады.
-Ал, балалар сендер түлкі туралы не білесіңдер?
Қандай жануарларға жатады?
Түлкі қайда мекендейді?
Түлкінің түсі қандай?
Түлкі туралы тағы не білесіңдер?
Үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар? Сергіту сәті «Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?»
Түлкі келеді рөльде- бала/
-Сендер мені неге жамандай бересіңдер ,түлкі қу,түлкі айлакер дейсіңдер мен ондай емеспін.
Тәрбиеші: -Онда сен өз көзіңмен көр жаныңдағыларды қалай алдайтыныңды.
Ал, біздің балалар түлкі жүрген жерде не болатынын көрсетеді.
Сахналау «түлкінің кебісі»
Осыдан кейін түлкі өз кінәсін мойындайды
-балалар кешіріңдер,мен енді ондай болмаймын
Мен өз кінәләрімді білмеппін.мен сендермен дос болып,балабақшаға бірге барғым келеді.
-түлкіжан өз қателеріңді түсінгеніңе рахмет,балалар түлкіні кешіреміз бе?
-Ендеше түлкіні ортамызға отырғызайық.
Күннің суреті көңілді –көңілсіз
Күннің суреттерін балалар қалағанын алып сұрақтарға жауап береді.
Саған ертегі ұнады ма?
Ертегі қалай басталады?
Ертегі не туралы?
Түлкі не істеді?
Ертегі қалай аяқталады?
-Ал,балалар ендеше сендер өскенде мейірімді тәрбиелі жақсы азамат болып шығасыңдар деп сенемін
Жылулық шеңбері
Жабырқауды білмейміз,жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,үлгі аламыз жақсыдан
Біз өнерлі баламыз,көрсін ата-анамыз
Риза болсын қонақтар,қош сау болыңыздар.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
-түлкі
Суретті құрастырады
Суретке назар аударады
Мұқият тыңдайды.
Бейнесюжетті қызығып көреді.
Сұрақтарға жауап береді.
Бойларын сергітеді
музыка ырғағымен қимылдар жасайды.
Түлкі ренжиді
Ертегіні сахналайды
Өз кінәсін мойындайды
Берілген сұрақтарға жауп береді
Бірге қайталайды.