ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҚОҒАМ | туралы қазақша
Тұлға қалыптасуының әлеуметтік факторлары. Әлеуметтік мінез-құлық. Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.
Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.
Енді тұлға туралы әңгімелейік. Әрбір заманауи, ересек, психикалық жағынан қалыпты адам тұлға бола ала ма? Бола алмайтыны түсінікті. Кез келген әлеуметтік жағдайлардағы істің мәні де осындай. Тұлға — бұл нақты қоғамдық тарихи қатынастардың жай ғана тасымалдаушысы емес, оларға өзінің жеке-дара қабілеттерімен және бейімділіктерімен, саналылығымен және ұйымшылдығымен, еңбектік және саяси-қоғамдық белсенділігімен елеулі ықпал ететін адам.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың, бәрінен бұрын философияның, психология мен әлеуметтанудың зерделеу объектісі болып табылады.
Философия тұлғаны іс-әреткеттің, таным мен шығармашылықтың субъектісі ретіндегі дүниедегі орны тұрғысынан қарастырады. Психология тұлғаны психикалық үдерістер, қасиеттер мен қатынастар: темперамент, мінез, қабілеттер, еріктік қасиеттерінің және т.б. біртұтастығы ретінде зерделейді.
Әлеуметтану болса тұлғадан әлеуметтік-типтік нәрсені бөліп көрсетеді. Тұлғаның әлеуметтанулық теориясының негізгі проблематикасы тұлғаның қызмет етуі және оның қажеттіліктерінің дамуының үдерісімен, тұлға мен қоғамның, тұлға мен топтың заңды байланысын, тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеу мен өздігінен реттелуін зерттеумен байланысты.
Америкалық әлеуметтанушы-теоретиктер Т.Знанецкий мен Ч.Томас тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының өздігінен реттелуінің диспозициялық (лат. disposito – орналасу) теориясын жасап, ұсынды. Бұл теория әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мінез-құлық арасындағы байланысқа негізделген.
Тұлға диспозициясы дегеніміз – тұлғаның қызмет жағдайларын белгілі бір қабылдауға және бұл жағдайларда белгілі бір мінез-құлық танытуға бейімділігін білдіреді.
Шындығында, адам мінез-құлқының нәтижелері тұлға мен жағдаят арасныдағы туындайтын шиеленістерді дәйекті шешумен анықталады. Тұлғаның өзіндік санасы өмірлік позицияға айналады. Ол дүниетанымдық нұсқамаларға, әлеуметтік құндылықтарға, тұлға мұраттары мен нормаларына, әрекет етуге дайындығына негізделген мінез-құлық принципі болып табылады.
Жоғарыда атап өтілген диспозициялар жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Жоғарғылары мінез-құлықтың жалпы бағытталғандығын реттейді. Олар өзіне:
- өмір тұғырнамасы мен құндылықтық бағдарларды;
- типтік әлеуметтік объектілер мен жағдаяттарға деген жалпыланған әлеуметтік нұсқаларды;
- белгілі бір нақты жағдайлардағы, белгілі бір пәндік және әлеуметтік ортадағы қабылдау мен мінез-құлыққа бейімділік ретіндегі жағдаяттық әлеуметтік нұсқаларды қамтиды.
Әлеуметтік мінез-құлықтың төменгі диспозициялары – типтік жағдаяттарда көрініс табатын қызметтің белгілі бір салаларындағы мінез-құлық.
Белгілі бір адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын алдын ала болжап айту мүмкін емес дерлік. Алайда бұл мінез-құлықтың барлық нұсқалары абден зеттелуі мүмкін. Егер де бұл істелмейтін болса, онда адам мүмкіндіктері не жете бағаланбайды, не асыра бағаланады. Бір нәрсе ақиқат – болашақ адамдардың жобасы болып табылады және де оның қандай дәрежеде жүзеге асырылуы адамдардың шығармашылығына, құзіретіне, жауапкершілігі мен мінез-құлқына тәуелді.
Әлеуметтік рөл
Әлеуметтік жүйеде әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын мәртебесі немесе позициясына орай айқындайтын нормалар жиынтығы және бұл нормаларды іске асыратын мінез-құлықтың өзі әлеуметтік рөл деп аталады.
Рөлдік сипаттамада қоғам немесе кез келген әлеуметтік топ белгілі бір әлеуметтік позициялардың (қызметші, ғалым, кәсіпкер, мектеп оқушысы әскерилер және т.б.) жиынтығы түрінде ұсынылады. Қоғамда немесе әлеуметтік топта болатын адам бұл позициямен байланысты басқа адамдардың күтулеріне немесе «әлеуметтік тапсырысқа» бағынуға міндетті. Бұл «әлеуметтік тапсырысты» орындай отырып, адам әлеуметтік рөлді орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларының бірін (мысалы, жалқау немесе ынталы оқушы) жүзеге асырады.
Әлеуметтік рөл түсінігін америкалық әлеуметтанушылар Р.Минтон мен Дж.Мид бір-біріне тәуелсіз ұсынған болатын. Оның үстіне олардың біріншісі әлеуметтік рөлді адамға берілген нормалар жүйесі түрінде сипатталатын қоғамдық құрылымның бірлігі ретінде, екіншісі – адамдардың тікелей өзара әрекеті, «рөлдік ойын» тұрғысынан түсіндірді. Ойын барысында адам өзін басқаның рөлінде ұсынады. Соның арқасында әлеуметтік нормаларды меңгереді және тұлғаның әлеуметтігі қалыптасады.
Барлық айырмашылықтары мен бірге бұл екі тәсілді тораптық нүкте ретіндегі әлеуметтік рөл туралы түсінім біріктіреді. Бұл нүктеде индивид пен қоғам түйіседі, мінез-құлық әлеуметтік мінез-құлыққа айналады, ал адамдардың жекедаралық қасиеттері мен бейімділіктері қоғамда өмір сүретін нормативтік нұсқаулармен салыстырылады. Осыған байланысты адамдарды қандай да бір әлеуметтік рөлдерге іріктеу орын тебеді. Әрине, шынайы өмірде рөлдер ешқашан да бірмәнді болмайды. Бұған қоса, адам өзінің әлеуметтік рөлі нашар үйлестірілген жағдаятқа жиі душар болады.
Әлеуметтік рөл ұғымының пайда болуы тұлғаны жекедаралық түсіндіруден оны әлеуметтік феномен ретінде түсінуге өту үдерісін бейнеледі.
Заманауи теорияларда әлеуметтік рөлге тән «роботтәрізділікті» адам туралы мәдени және әлеуметтік бағдарланған жаратылыс ретіндегі түсініммен алмастыруға деген ұмтылыс байқалады. Осыдан адам мінез-құлқының субъективтік аспектілерін, оның «ішкі мәнін» түсіну келіп шығады.
Өз негізінде қоғамның статикалық моделін иелене отырып, рөлдік тәсіл қоғамдық даму мен оның негізінде жатқан адамдардың шығармашылық қайта құру қызметін сипаттау үшін жеткіліксіз.
Адам іс-әрекеті рөлдік, яғни қалыптасқан мінез-құлықпен сарқылмайды. Әлеуметтік рөлдің шектерінен тыс мінез-құлықтың сан алуан түрлері, оның ішінде, адамның жаңа нормалар мен жаңа әлеуметтік рөлдер жасайтын жаңашылдық қызметі сақталады. Бұған қоса тұлға құрылымы әлеуметтік рөлдердің жиынтығына телінбейді: оларды меңгеру мен салыстыру әрқашан индивидтің өн бойында қалыптасатын және асқан орнықтылығымен ерекшеленетін нақты дарашылдықты анықтайды ұйғарады.
Жасөспірім шағындағы әлеуметтік рөлдер
Өзінің әлеуметтік орнын іздестіру тұлға үшін әлеуметтік рөлдерді орындау мен әлеуметтендіру үдерісінің негізгі мағынасы болып табылады. Бұл үдерістегі негізгі тірек нүктелер:1) өз «Мен-ін» сезіну; 2) өз «Мен-ін» ой елегінен өткізу.
Өз «Мен-ін» сезіну мен ой елегінен өткізу – бұл тұлғаның дерьестігін иеленуі, «мен – бейненің» қалыптасуы үдерісінің әртүрлі екі сәті. Өз «Мен-ін» сезіну ерте балалық шақта болып өтеді. Өз «Мен-ін» сезінудің негізгі сатылары: жүру мен сөйлеуді меңгеру, ерте балалық шақтағы (2-ден 5 жасқа дейінгі) ойлау мен сананың дамуы, күрделі дағдыларды (сурет салу, таным, еңбек) меңгеру, ең ақырында, балалық шақтың ортасы мен соңында мектептегі оқу.
Өз «Мен-ін» ой елегінен өткізу – бұл тұлғаның құндылықтық өзегінің орнығу үдерісі. Ол балалық шақтың ортасында басталады және өзін «Мен сияқты» басқа адамдармен салыстыруда тұрақты бағалаудың негізінде өтеді. Бұл арада жамандық пен жақсылық, өмірдің мақсаттары мен мағынасы туралы түсінімдер мен басқа да рухани-адамгершіліктік және дүниетанымдық нұсқалар қалыптасады.
Психология мен әлеуметтануда балалрдың әлеуметтенуі құндылықтық бағдарларды қалыптастыратыны тұжырымдалады. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуі көп дәрежеде мінез-құлықтың уәждемесімен байланысты.
Америкалық әлеуметтік психолог Ч.Кули «айналық Мен» теориясын жасады. Онда тұлғаның рөлдік тұғырнамасы шеңберінде топ тәжірибесі арқылы әлеуметтену тетігі ашылады. Ч.Кулидің пікірінше, айнадағы бейне физикалық «Мен» бейнесін беретіні сияқты, менің мінез-құлқым мен сырт тұрпатыма басқалардың реакцияларын қабылдау әлеуметтік «Мен» бейнесін береді.
Бастапқыда әлеуметтік айна рөлін ата-аналар, туыстар, достар, құрдастар, мұғалімдер, жаттықтырушылар, жастар топтарының көшбасшылары мен индивидтің тікелей немесе жақын айналасындағы басқа тұлғалар атқарады.
Тұлға дами отырып, топты таңдау кезінде неғұрлым талғамды бола бастайды және оны ықпал ететін үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асырады.
«Айналық Мен» теориясын одан әрі дамытқан Дж.Мурдың «жалпыланған басқа» тұғырнамасы болды. Бұл тұғырнамада «жалпыланған басқа» әлдебір топтың жалпылама құнылықтары мен мінез-құлық стандарттары болып табылады, олар бұл топтың мүшелерінде индивидтік «Мен-бейнесін» қалыптастырады. Бұл ретте индивид қарым-қатынас үдерісінде басқа индивидтердің орнына тұрады және өзін басқа тұлға ретінде көреді. Ол өз әрекеттері мен сырт тұрпатын оның «жалпыланған басқасы» ұсынатын бағаларға сәйкес пайымдайды. «Жалпыланған басқаны» бұлайша тану «рөлдік қабылдау» және «рөлді ойнау» үдерістері арқылы дамиды.
Рөлді қабылдау – бұл тұлғаның өзіне басқа жағдаяттағы мінез-құлықты немесебасқа рөлді қабылдау әрекеті. Рөлді қабылдау ойынға үміт артады. Балалардың ойындарында оларға қатысушылар өздеріне әртүрлі рөлдерді қабылдайды.
Рөлді орындау нақты рөлдік мінез-құлықпен байланысты.
Осыған ұқсас үдерістер барысында индивид басқа рөлдерге енудің барлық кезеңінен дәйекті түрде өтеді. Өзінің мінез-құлқын басқа индивидтермен өзара байланыста көру және басқа рөлдерді ұғыну арқылы олардың реакцияларын, сондай-ақ басқа адамдардың сезімдері мен құндылықтарын сезіну қабілетін дамытады. Нәтижесінде тұлғаның санасында «жалпыланған басқа» қалыптасады. «Жалпыланған басқа» рөлін қайталай және қабылдай отырып, индивид біртіндеп өз «Мен-і» бейнесін қалыптастырады.
Дж.Мурдың тұғырнамасын нақтылау А.Талердің «маңызды басқа» тұғырнамасы болып табылады. «Маңызды басқа» — бұл индивидтің өзіне қолдау көрсететін және нұсқаулары көбінде қабылданатын тұлға. «Маңызды басқа» ретінде ата-аналар, сүйікті мұғалімдер, тәлімгерлер, жолдастар, танымал тұлғалар әрекет ете алады.
Әлеуметтану үдерісі тұлға әлеуметтік кәмелетке толған кезде белгілі бір аяқталу дәрежесіне қол жеткізеді. Ол тұлғаның басты, интегралды мәртебесін иеленуімен сипатталады.
Жастар субмәдениетінің ерекшеліктері
Қоғамда үстемдік етуші мәдениет шеңберінде әртүрлі қабаттарды – «жоғары» және «төмен», элиталық және бұқаралық мәдениетті ғана емес, сондай-ақ көптеген топтардың – демографиялық, кәсіптік, әлеуметтік – жекелеген мәдени ұнатушылықтарын бөліп көрсетуге болады. Олардың әрқайсысында біртінедеп өз мәдениеті, яғни құндылықатр мен мінез-құлық ережелерінің жүйесі қалыптасады, оларды субмәдениеттер деп атайды. «Суб» қосымшасы «қосалқы» дегенді білдіреді.
Әлеуметтанушылар субмәдениетті белгілі бір әлеуметтік топқа тән құндылықтар, дәстүрлер, салттардың жүйесі ретінде анықтайды.
Бұл — мәдениеттің бір бөлігі, бірақ ол жалпы қабылданған мәдени нормаларға қайшы келмейді. Кәсіптік, жасқа қатысты, этникалық және басқа субмәдениеттер болады. Адам өз өмірінде бірнеше субмәдениеттерді бастан кешіруі мүмкін: аулалық жасөспірімдік субмәдениетті, жастық субмәдениетті, одан соң ол кәсіптік субмәдениетке (программистің, суретшінің, әскери адамның не менеджердің, т.б.) енеді. Жасы ұлғайған шағында зейнеткерлер субмәдениетіне жетуі мүмкін.
Заманауи жастар субмәдениеті өзінің сөз саптауымен, өз ойын-сауықтары, әуестіктерімен ерекшеленеді, онда топтық конформизм мен көшбасшыға бағдарлану кең тараған. Бұқаралық мәдениеттің көптеген өнімдері нақ осы жастардың еліктеушілік қабілеттеріне есептеліп өндіріледі.
Конформизм терминінің өзі (кейінгі лат. conformis – ұқсас, бейнелес) бейімделушілікті, орын алған тәртіпті, үстемдік етуші пікірлерді енжар қабылдауды, өз позициясының жоқтығын, қысым жасаушы зор күшке ие болған адамдардың соңынан приципсіз, сыни көзқарассыз ілесуді білдіреді.
Жастар субмәдениетінің шеңберінде тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, сондықтан ортаны таңдаудың маңызы ерекше. Бұл – жасөспірім күн сайын қарайтын «айна», бұл – олар ойсыз, санасыз еліктейтін достар, бұл – көбінесе олардың бұдан кейінгі өмірін анықтайтын таныстықтар, оқиғалар, қызығушылықтар мен талғамдар.
Жастардың кәсіптік және әлеуметтік өзін-өзі анықтауы
Қоғамдық ортамен белсенді араласа отырып адам біртіндеп тұлғаға айналады. Әлеуметтану деп аталатын бұл үдерісте жиынтық қоғамдық тәжірибе игеріледі және қоғамның өзін одан әрі жетілдіру мақсатымен оны қайта өңдеу жүзеге асырылады.
Әлеуметтану индивидтің қызметтің алуан түрлеріне, бәрінен бұрын еңбек пен қарым-қатынасқа енуімен байланысты, оларда тұлғалық қасиеттер неғұрлым қарқынды қалыптасады және әлеуметтік тәжірибе жиналады.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың реалды өмірінің үдерісі қарапайым еңбек іс-әрекеттері, бірінші кезекте өзіне-өзі қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп және жоғары оқу орны жүйесінде қызметтің жетекші түрі өндірістік еңбекпен ұштастырылған оқу еңбегі (жалпы білім беру мен кәсіптік дайындық ерекшелігінің есепке алынатыны түсінікті) болып табылады.
Ең соңында, қандай да бір кәсіптік қызметте еңбектің басымдыққа ие түрі оқумен ұштастырылған өндірістік еңбек болып табылады, өйткені ғылымның дамуы мен жаңа технологияларды енгізу үздіксіз білімді толықтыруды және кәсіптік шеберлікті жетілдіруді талап етеді.
Сонымен оның барлық формалары мен көріністеріндегі еңбек қызметі әлеуметтік тәжірибені беру мен оны кеңейте қайта өндірудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Оның үстіне әртүрлі үлгідегі оқу орындарындағы оқытуды еңбек қызметіне дайындық кезеңі ретінде емес, оның тікелей ерекшелік формасы ретінде қарастыру қажет.
Тұлғаны еңбекке баулу бірқатар аспектілерді (кәсіптік, адамгершіліктік және т.б.) қамтиды. Қоғам экономикалық, құқықтық, идеологиялық және өзге де құралдармен тұлғаны жетілуге ынталандыруы тиіс. Алайда бұл серпіндердің қалай жұмыс істейтіні (жалпы олардың жұмыс істеуі мен істемеуі) индивидке – оның психологиялық жай-күйіне, ерік-жігерлік қасиеттеріне, жалпы мәдениетіне шешуші дәрежеде байланысты.
Тұлғаны еңбекке баулу – жүйелік үдеріс және бұл жүйелілік бүгінгі күні өндірістің жаңа, ақпараттық-компьютерлік технологиялық тәсіліне өтумен байланысты неғұрлым айқын бедермен көріне бастады.
Қазіргі кезде еңбекшіден, атап айтқанда, бұрын-соңды болмаған жалпы білімділік деңгей (11-12-сынып), оған қоса кәсіптік дайындық (5-жылға дейін) қана емес, сондай-ақ жоғары адамгершілік те талап етіледі.
Мәселенің бұлай қойылуы көпшілікте түсінбеушілік туындатуы мүмкін: өнімді, тиімді, еңбекті таза экономикалық немесе тіпіті болмағанда, құқықтық шаралармен ынталандыруға болмас па екен? Және де бұл істе адамгершіліктік бастамасының мәнділігі соншалықты зор ма?
Бұл сұрақтарға дұрыс жауаптар заманауи еңбектің ерекшелігі есепке алынған кезде ғана мүмкін болады, бұл еңбек шығармашылық мазмұнмен бұрынғыдан да көбірек толықтырылуда. Бұндай жағдайларда сырттан қолдау жасалынатын тәртіп (өнімді қабылдау жөніндегі инспекциямен) өзіндік тәртіппен, өзін-өзі бақылаумен алмасуға мәжбүр болуда. Бұл ретте басты бақылау ретінде тұлғаның ар-ұжданы, басқа да адамгершіліктік қасиеттері әрекет етеді.
Әлеуметтік-тұрмыстық мүдделер
Тұрмыс – бұл әлеуметтік өмірдегі адамдардың тамаққа, киімге, баспанаға, денсаулық сақтау мен емделуге деген қажеттіктерін, сондай-ақ адамның рухани игіліктерді, мәдениетті игеруін қанағаттандыруды қамтитын өндірістік емес сала. Бұл салаға, сондай-ақ қарым-қатынас, демалыс, адамдардың көңіл көтерулері, ойын-сауықтары да кіреді.
Кең мағынасында тұрмыс – күнделікті өмір салты. Тұрмыс әлеуметтік өмірдің басқа салаларына, бәрінен бұрын адамдардың қоғамдық қызметіне, көңіл-күй мен мінез-құлқына орасан зор ықпал етеді.
Тұрмыс қоғамдық, қалалық, ауылдық, отбасылық, жеке болып ажыратылады.
Тұрмыс құрылымы:
- материадық және рухани жақтардың;
- әлеуметтік және жекелеген аспектілердің;
- әлеуметтік бірлесулер мен қарым-қатынас типтерінің (отбасы, көршілік, жолдастық топтар, жастар топтары) арақатынасы тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.
Адамдар өміріндегі тұрмыстың маңызы кенттену үдерісі және бос уақыттың артуына байланысты өсе түсті. Бұқаралық қажеттіктер мен бұқаралақ қызмет етуге (материалдық, сондай-ақ рухани тұтыну салалсында) есептелген тұрмыстық кәсіпорындар желісінің кеңеюі отбасылық және жеке тұрмысқа ықпал етеді. Еңбек адамдарды өздерінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын, медициналық қызмет көрсету мен демалыс сапасын жақсартуға мүдделі. Олар мұның бәрі қоғамдық өндірісте өздерінің кәсіптік еңбектік өнімділіктерін арттыруға септігін тигізетінін жақсы түсінеді. Мемлекеттің өз азаматтарының тіршілік қарекетінде тұрмыстық жағдайларды барынша жақсартуға ұмтылуы тиіс екендігі де түсінікті.
Тұрмыстық қатынастар мәдениеті
Әлеуметтік, сондай-ақ географиялық жағдайлардың әсерімен әртүрлі халықтарда тұрмыстағы тіршілік қарекетіне байланысты дәстүрлер, салттар, ғұрыптар кешені жасалып шығады. Бұл ретте әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтарда, қала мен ауылда тұрмыстың осы қоғамға тән әлеуметтік қайшылықтарын білдіретін әртүрлі формалары қалыптасады.
Индустриялану мен жаһандану жағдайларында тұрмысты бірегейлендіру үдерісімен қатар әртүрлі халықтар мен әлеуметтік топтрада ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктер де сақталуда.
Тұрмыс саласында өтіп жатқан үдерістер оның кейбір элементтерін стандарттауға әкеледі. Алайда бұл белгілі бір кәсіптік және әлеуметтік топтар мүшелерінің өмірінде ұқсас стиль туындаса да, адамдардың қажеттіктері мен талғамдарын теңестіруді білдірмейді.
#ТҰЛҒА #ЖӘНЕ #ҚОҒАМ
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз