Түйсік қабылдау, анықтамасы слайд,презентация — Аралас
Түйсік қабылдау, анықтамасы слайд,презентация
Адамның жан-жағында толып жатқан заттар бар, үнемі түрлі құбылыстар болып тұрады. Олардың жеке қасиеттерін бейнелендіретін қарапайым психикалық процесті мамандар түйсік, кейде түйсіну деп атайды.
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады:
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар.
2)Орталыққа баратын нервтер.
3)Мидағы нервтер.
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып дамиды.
Сезгіштік арқылы түйсіну
Адамның түйсіне алу қабілеті – сезгіштік болса, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп- жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы – оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштік те, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгеру лер үш себептен:
Сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке
бейімделуіне қарай.
Бір мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай.
Адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай.
Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы – адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы – сексибилизация.