Туған жер (Туған жерім тамаша) туралы балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Туған жерім тамаша
Мақсаты: 1. Туған өлке туралы мәлімет беру.Сурет арқылы әңгіме құрауға үйрету.
2.Оқушылардың ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Балаларды имандылыққа ,туған жердің табиғатын,табиғатын қалаларын,көлдерін,өзендерін білуге үйрету, тәрбиелеу
Көрнекілігі:Мақал-мәтел, сурет үлгілері,нақыл сөздер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Енді еркін демалайық
Ғажап қана ұйықтасақ,
Көз алдымызға туып өскен,
Жерімізді елестетеміз.
Аула толған гүлдерге
Гүлдерді иіскеп,
Таза ауамен демаламыз.
Қолымызды жоғары көтеріп,
Керілеміз.
Бүгін туған жеріміз жайлы әңгіме айтамыз.
V Жаңа сабақ
-Туған өлке үлкен Отанға жатады.Себебі оған туған жер,оның табиғаты кіреді.
-Жазира сен қайда тудың?
-Алинур сенің нағашыларың тұратын жерде қандай өзен бар?
Балалар сендерге туған жер несімен ұнайды?
Туған жерім тамаша!
О,алақай туған жер!
Жақсы-ау,бақша бауларың.
Көзге ынтық көрінер,
Сенің асқар тауларың.
Туған жердің жырлары,
Қызғалдақтай терейік
Кең өлкенің қырларын,
Жүр аралап келейік!
М.Әлімбаев
Сергіту сәті: Қара жорға әніне билеу.
VII Қорыту
-Балалар қандай тақырыпта әңгіме айттық?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Туған жердің табиғатына не жатады?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!