Туған Жер!

0
Мотивациялық-қозғаушы

Ұйымдастырушылық- ізденіс

Шаттық шеңберіСәлеметсіңдер ме,ашық аспан!Сәлеметсіңдер ме, алтын күн!Сәлеметсіңдер ме, туған жер!Сәлеметсіңдер ме,қонақтар!

-Балалар,біз бүгінгі сабақты туған жеріміз Қазақстанға арнаймыз.Ол үшін кең байтақ республикамызға пойызбен сапарға шығамыз.Сендер пойыздың қайда баратынын білесіңдер ме?Ол «Қазақстан» деген пойыз екен.Оның ішінде тақпақ та, ән де,ойын да болады.Пойызда «Жолсерік» деген қызметкер бар.Ол жолаушыларға қызмет көрсетеді.Мен бүгін сендерге жолсерікпін.Бүкіл елімізді аралағанда бірнеше бекетке тоқтаймыз.Әр бекетте тапсырмалар болады.Сол тапсырмаларды орындағанда ғана келесі бекетке жолға шығамыз.Балалар,дайынсыңдар ма?

Кәне кімнің бойы ұзын Паровозы ол пойыздыңҚатар-қатар тұралықПойызды біз құралық .

Темір жолда тым ұзын,Мынау менің пойызым.Тақ-тұқ,тақ-тұқ,Шамды жақтық,Тық-тық,тық-тықЖолға щықтық

1-бекет: «Қазақстан картасы,қалалары».-Қазақстан республикасы үлкен мемлекет.Біздің елімізде көптеген қалалар,ормандар,өзен-көлдер бар.Қазақстанның картасынан бәрін көруге болады.

Балалар,еліміздің бас қаласы қай қала?Астанада қандай биік әдемі ғимарат бар?Тағы қандай қалаларды білесіңдер?

2-бекет: «Тәуелсіз мемлекет» деп аталады.-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?-

-Тәуелсіздік туралы қандай тақпақ білесіңдер?Балалар,біздің еліміздің Ата Заңы бар.Заң дегеніміз-барлық адамдарға бірдей тәртіп.Ата заңымызда балалардың да құқықтары жазылған.Сендердің балабақшаға келуге және оқуға құқықтарың бар.

3-бекет: «Қазақстан Республикасының рәміздері»

Қазақстан республикасының рәміздерін атап беріңдерші!

Тудың түсі көк ,пішіні төртбұрышты,ортасында күн сәулесі,астында қыран құс,шеті ою-өрнекпен көмкерілген.Әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады.Оны салтанатты жиындарда орындайды.Әнұранды орындағанда міндетті түрде қолымызды жүрегіміздің тұсына ұстаймыз және орнымыздан тұрамыз.

4-бекет: «Туған жер»деп аталады.

-Балалар,Отан деген не?

Отанымыз қалай аталады?

Біздің Елбасымыз кім?

Сендер туған жер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Сергіту сәтіКөк байрақ желбіре,Асқақтап аспанда.Жас ұлан ел біргеСап түзе жасқанба.

5-бекет:«Шығармашылық» бекетіСендер енді Қазақстанның картасын құрастырасыңдар.Балалар, туған жерімізге қандай тілектер айтар едіңдер.Балалар:-Отанымыз тыныш болсын!-Аспанымыз ашық болсын!Туымыз ,биікте желбірей берсін!-Қазақстан Республикасы жасара берсін!-Күніміз жарқырап тұрсын!-Отанымыздың табиғаты көгере берсін!Қорытынды:-Міне балалар,бүгінгі сабақта барлық бекеттерден, кідірмей өттік,сендердің жауаптарың,құрастырған жұмыстарың өте жақсы.Үлкен рахмет.Менің елім,менің Отаным,Тәуелсіз Қазақстаным,-деген киелі ой жандарыңа әрдайым серік болсын!Сабағымыз осымен аяқталды жақсы қатысқан балаларға менің беретін сыйлығым бар ,тәрбиеші балаларға сыйлық береді.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, назар аударады. Балалардың жауабы.

Балалардың жауаптары Еліміздің бас қаласы Астана қаласы.

Астанада биік және әдемі ғимарат ол Бәйтерек.

Алматы,Талдықорған,Ақтөбе.

Тәуелсіз мемлекет.Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

Он алтыншы желтоқсан,Тәуелсіздік алған күнЕрекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн

Балалардың жауаптары.Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік Елтаңба,Мемлекеттік Әнұран.

Әнұран орындалады.

Отан деген –атамекен,Отан деген туған жер.Отан-ана,Отан –үлкен,Қазақстан туған ел!—————————————Біздің Отанымыз –Қазақстан.

Біздің Елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.——————————————Туған жердің қандай жақсы күзі де,Туған жердің қандай жақсы қысы да,Туған жердің қандай жақсы көктемі де,Туған жердің қандай жақсы жазы да.Жақсы екен туған жердің күні де,Жақсы екен туған жердің түні де.Жақсы екен туған жердің суы да,Еш жаманын таба алмайсың осынан.—————————————

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды.


Тегтер:Жертуған