Туған қалама саяхат — Балабақшадағы ашық сабақтар — Bilim

0

Туған қалама саяхат

МКҚК №11 «Арай балабақшасы»

№11 «Мөлдір бұлақ» ересектер тобы

Тәрбиеші: Жармуханбетова Асия Майдановна

Туған қалама саяхат (кіріктірілген сабақ)

Мақсаты: 

Б.: Балалардың алған білімдерін кеңейту, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Д.: Отанға, туған жерге деген патриоттық  сезімін дамыту, тілдік қорларын байыту.

Т.: Туған қаласына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, ұжым болып жұмыс істеуге, достыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: балалармен бірге қала туралы әңгіме жүргізу; фотосуреттерді қарау; әндерді, өлең жолдарын, мақал–мәтелдерді жаттау, тарихи мұражайға бару.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайдтар: қала суреттері, эмблемалар, жұлдызшалар,

Барысы:

Ән – күй  залына музыка әуенімен балалар кіреді.

Шаттық шеңбер: 

Қазақстан- туған жер,

Сені қатты сүйемін.

Көлдер, таулар, даламды,

Отаным деп білемін!

— Бұл өлең не туралы айтылған?

— Туған жер, Отан туралы.

— Балалар, Отан дегеніміз не?

— Отан денегіміз- адамның туып өскен жері.

— Дұрыс айтасыңдар. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

— Бүгін біз  бір қала туралы көп әңгіме жүргіземіз.Қалай ойлайсыңдар, қай қала?

— Көкшетау қаласы.

— Дұрыс, себебі біз қаламызды жақсы көреміз, қаламызда көп үйлер, мектеп, балабақшалар салынып көркеюде. Ендеше бүгінгі сайыс сабағымызды бастаймыз. Сайыс 5- кезеңнен тұрады. Балалар екі топқа бөліне қойыңдар. (балалар 2 топқа бөлінеді)

Сайысымыздың кезеңдері:

1-кезең «Кім көп біледі?» сайысы.

2-кезең «Артық сөзді тап» сайысы.

3-кезең.«Cөз құрастыру» сайысы.

4-кезең «Полиглот» сайысы үш тілде айту.

5-кезең «Мақал – мәтелдер» сайысы.

Балалар, әрбір дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылып, ұпай жиналады. Қай топ жұлдызша көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

Ал, ендігі кезек екі топқа беріледі. Әр топ өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

1-топ. «Жас қыран тобы».

Ұраны: «Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады».

2-топ. « Тұлпар тобы».

Ұраны: «Бәріміз-біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін».

1-кезең. «Кім көп біледі?»

1-топ. «Қыран тобына»

1. Біз тұратын қаламыз қалай аталады ? (Көкшетау қаласы)

2. Қаламыздың қандай көшелерін білесіңдер?

(Әуезов, Әуелбеков, Сәтбаев, Кеңесары, Абылайхан, Уәлиханов, Абай, Ғабдуллин,т.б.)

3. Көкшетауда өсетін ағаштардың аттарын ата.

(Емен, қарағай, шырша, ақ қайың,үйеңкі,терек, т.б.)

4. Көкшетауда мекендейтін қандай құстарды білесіңдер?

(қаз, аққу, көгершін, тырна, торғай, қарға, қарлығаш, көкек, сауысқан,т.б.)

2-топ. «Тұлпар тобына»

1. Қандай мәдени орындарды, ескерткіштерді білесіңдер? Тағы не бар?

(қазақ драм театры, мұражайлар, мектептер, балабақшалар,)

2. Өздерің тұратын көшелерді атаңдар?

(Сарыарқа, Әуелбекова, Көктем, Васильковский,)

3. Көкшетауда өсетін гүлдердің аттары ата.

(Бәйшешек, бақбақ, түймедақ, раушангүл, қызғалдақ, жауқазынт,т.б.)

4. Көкшетауда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

(қоян, түлкі, қасқыр, елік, тиін, кірпі, т.б.)

(Балалар сұрақтарға толық жауап береді)

— Балалар, Отан туралы, Көкшетау туралы тақпақтар тыңдайық:

Алижан

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан – жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен сауын.

Нұрәлі

Көкшетау туған қалам,

Асқақта арман қалам.

Өзіңсің туған елім,

Жайнай бер әр қашан.

Аружан

Туғандай қиялдан,

Үйлері бір арман.

Аспандап барады

Аяулы ұлы қалам!

Айжар

Көкшетау ақ қалам,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап,қарыштап

Шалқи бер, әрқашан!

Мадина

Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

2-кезең «Артық сөзді тап».  Мен заттардың атын айтамын, ал сендер мұқият тыңдап, артық затты тауып айтыңдар. Дайынсыңдар ма?

Балалар: иә дайынбыз.

1-топ. «Жас қыран тобына»

1. Отан, қала, ауыл,  алма.

2. ескерткіш, театр, мұражай, доп.

3. раушан, қайың, қарағай, емен.

4. қарға, сауысқан, түлкі, торғай.

2-топ. «Тұлпар тобына.

1. мектеп, балабақша, емхана, жылқы  

2. дәрігер, аспазшы, гүл, ұстаз.

3. қасқыр, сиыр, қой, ешкі.

4.бәйшешек, бақбақ, түймедақ, шырша.

Шаршадық қой отырып,

Көп қарадық бәріне.

Бір тұрайық бой сергіп.

Музыкалық сергіту сәті

3-кезең. «Сөз құрастыру» сайысы.

Кез келген дыбыс айтылады, балалар сол дыбысы бар сөздерді айтады. Дыбыс сөздің басында, ортасында, соңында тұруы мүмкін.

(Мысалы: «О»-Отан,орамал, орман,т.б. «К»-Көкшетау, көк, көгершін, көше т.б.)

1 топ. «Жас қыран тобына»

«А»-ата, ана, алма,т.б. «М»-мысық, моншақ, машина,т.б. «Қ»-қала, қарға, аққала т.б.

2-топ. «Тұлпар тобына.

«Т»-ата, тон, ат,т.б. «Ә»-әке, әже, әтеш,т.б. «Н»-нан, ана, тиін,т.б.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

4–кезең — «Полиглот». Балалар, балабақшада сендер неше тілді үйреніп жүрсіңдер? (үш тілді). – Қандай тілдерді? (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) — Дұрыс айтасыңдар, полиглот үш тілді білу дегенді білдіреді. Ендеше, екі топқа ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айтасыңдар.

1-топ. «Жас қыран тобына»

1. Республика-республика-Republic

2. көше-улица- street

3. мұражай-музей-Museum

4. ауыл-деревня-village

2-топ. «Тұлпар тобына.

1. Отан-родина-homeland

2. қала-город-the city

3. Астана-столица-capital

4. балабақша-детский сад-kindergarten

5-кезең. «Мақал –мәтелдер» сайысы. Балалар мен мақал-мәтелдердің басын бастап айтамын, ал сендер жалғастырасыңдар, яғни жалғасын тауып айтуларың керек.

1-топ. «Жас қыран тобына»

1. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас).

2. Туған жер — (алтын бесік).

3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі.).

4. Отан үшін отқа түс, (күймейсің).

2-топ. «Тұлпар тобына.

1. Отан оттан да (ыстық).

2. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл).

3.Отан елдің анасы, (Ел ердің анасы.)

4.Отанды сүю (отбасынан басталады.)

Ән: «Жаса Қазақстан»

Сабақты қорыту кезеңі:

Бүгін балалар, өз білімдеріңді сарапқа салдыңдар, біліктіліктеріңді көрсеттіңдер. Енді алдымызда жұлдызшалады санайық, қай топ жеңіске жеткенін анықтайтын сәт келді. Балалр жұлдызшаларды санайды. Екі топты марапаттау.Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.

Қазақтың салты бойынша шашумен сабағымызды аяқтаймыз.

C:UsersАдминистраторDesktopфото20180118_095325.jpg





http://www.bilim-all.kz/