«Туған өлкем тамаша!» — Орал Айзада Серікқызы, ЖББ №5 орта мектеп — Ашық сабақтар — Bilim
«Туған өлкем тамаша!» — Орал Айзада Серікқызы, ЖББ №5 орта мектеп
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы:№ 11 «Туған өлкем тамаша!»
Мақсаты:Балалардың қоғамдық қарым- қатынастар жүйесіне енуге қажетті маңызды адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбек дағдыларын, жалпы адамдық құндылықтардың нормаларын білу, салт- дәстүрлер мен ережелер негізінде әлеуметтік- мәдени тәжірибиесін қалыптастыру.
Білімділік: Туған өлке туралы түсінік беру. Сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойларын айта білуге үйрету.
Дамытушылық:Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Тәрбиелік:Туған жерінің табиғатын сүюге, оны қорғауға, потриоттық сезімге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаттату.
Қолданылатын көрнекіліктер: Отан, табиғат жайлы суреттер.
Қостілділік: туған өлке- родной край.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-оятушылық
|
Шаттық шеңбері.
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Енді еркін демалайық,
Ғажап қандай ұйықтасақ.
Көз алдымызға туып-өскен,
Жерімізді елестетеміз.
Аула толған гүлдерге.
Гүлдерді искеп,
Таза ауамен демаламыз.
Қолымызды жоғары көтеріп,
Жұдырығымызды түйеміз,керілеміз.
Мақалды талдау: «Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.»
Өзіңнің туған жерің, елің әрқашан ыстық
болады. Алысқа ұзап шықсаң, сағынасың. Сондықтан да атам қазақ жер қадірін, ел
қадірін осындай мақалдармен жеткізген.
|
Балалар шаттық
шеңберіне жиналып, жүрек жылуын сыйлайды.
Өлең жолдарын
қимылмен
орындайды.
Мақалды талдайды.
Тыңдайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
-Қане, балалар, өз туған жерлерің жайлы не білесіңдер?
Үлгі жауап:
-Менің туған өлкем-Талдыбұлақ ауылы.
Туған өлкемнің табиғаты тамаша. Біздің ауылымыз
тау баурайында орналасқан. Біз жазға
демалыста ауылымызға отбасымызбен
барып қайтамыз.
-Біздің туған жерімізге Қазақстанның барлық жері жатады. Туған өлкеміздің табиғаты
тамаша! Орман-тоғайлы, көлі мен өзендері
де қаншама. Туған өлкеміз байлыққа толы. Астық
мол өседі, мұнай, алтын, күміс т.б. пайдалы қазбалар алынады.
-Алмас, сен қайда тудың?
-Айжан, сен қай қалада тұрасың?
-Балалар, сендерге туған өлкелерің несімен ұнайды?
Сергіту сәті өткізіледі:
Керілеміз, созыламыз,
Терең алып тынысты.
Оңға бір, солға бір,
Терең алып тынысты.
Жалғаймыз біз жұмысты.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін орындайды.
|
Рефлекциялық- түзетушілік
|
Е. Елубаевтың «Достық» өлеңін жаттату.
-Өлеңнің авторы кім?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-«Ортақ мекен-жер шары» дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Жаттайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтижелер:
Нені білді: Туған жердің ыстық әрі ерекше болатынын білді.
Нені меңгерді: Жер шарының ортақ мекен екені жайлы.
Нені жасай алады: Отбасына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көрсете алады.
Дереккөз: Bilim All