Туған өлкем – Ақтөбе балабақшадағы ашық сабақтар
«Туған өлкем – Ақтөбе»
Программалық мазмұны
Балаларға географиялық, өлкелік мәліметтер, жаңа қала және Ақтөбе қаласы мен облысының атақты адамдары туралы білімдерін жүйелі қалыптастыру.
Туған жеріне, еліне сүйіспеншілігін арттыру, ондағы өсімдіктерге, жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелей отырып, балалар бойына патриоттық сезімін ояту.
Қолданылған көрнекіліктер.
Туған жер, жануарлар, құстар, өнеркәсіптер таңбасы.
Ақтөбе қаласының елтаңбасы.
Батырлар биінің қылыш, қалқаны.
Құстар макеті.
Үйшік, шартақ , көкөністер.
Шөптер: түймедақ, итмұрын, мелисса, календула, қалақай.
Пайдалы қазбалар: никель, хром, мәрмәр, ақбалшық, саз, мұнай, киік мүйізі, көмір.
Рамазан жұмыртқасы.
Балалар кіреді.
Тақпақ:
Араладық Ақтөбенің бақтарын
Әр балаға ұғындырып білгенін
Тәрбиеші тыным таппай жүргені
Үлкен бақыт бақша үшін шынында
Сәбилердің туған жерін сүйгені.
Отбасынан басталар Отан деген
Отан десе ол менің анам дер ем
Ана аяулы әркімге аялаған
Бақыттымыз туған жер – атамекен.
Ақтөбенің табиғаты, байлығы
Ерлігімен, елдігімен саналы
Сүйсе сәби туған жер, Ақтөбені
Отаншылдық осыдан басталады
Ән: «Ақтөбе»
Барс кіреді.
Сәлеметсіздер ме, достарым
Бейбітшілік пен мейірімділік
Ел таңбасы мен боламын
Өз елімнің күштісімін білікті
Ақтөбені қорғап жүрер мен өзім
Қаланың қақпасын мен ашармын
Қаламенен танысарсыз жақынырақ
Әрбір есік алдынан білеріңіз көп
Сүйікті туған елің жайында.
Бірінші есік артында, туған жердің тарихы.
Жер тарихы біліктілермен толығар
Әйгілі қызметкер ханы мен батыры бар
Бар зұлымдықтан қорғайтын
Халық Есет батырын еске алар.
Есет батыр кіреді.
Есет батыр:
Арыстанмын айбатыма кім шыдар,
Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар.
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар.
Би: «Батыр»
Полктың ең бірінші басьтығы
Қазақстанда жаңғыртқан
Әйгілі көшесімен, ескерткіш Әбілхайырхан деп танылар.
Әбілхайырхан кіреді.
Әбілхайырхан:
Не көрсем де, алаш үшін көргенім
маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Әлия кіреді.
Екінші есік артында жануарлар әлемі.
Ақтөбенің жануарлары
Көп тараған кеңінен
Олар біздің достарымыз
Қасқыр, түлкі тегімен
Қоян да бар білейік
Даланың дара сүр киік
Солардың бәрін қорғап біз
Дос болып өмір сүрейік.
Ертегі: «Үйшік»
Құстар әлемі.
Ал қаншама құстарда Елімізде ән салып
Шаттықпен шарық ұшқанда
Дауысынан тамсанып
Табиғат тылсым оянар
Әндерін әсем қарсы алып
Қарлығаш, қарға қуанар
Табиғат деп жар салып.
Би: «Құстар»
Барс: «Дауысынан таны» ойыны
Үшінші есік артында өсімдіктер әлемі.
Шөптерге міне қараңыз
Хош иісі аңқыған
Бұл шөптердің атауы
Ерекше екен өзі де.
Өсімдіктер ханшайымы кіреді.
Мен орман кең даланың ханшайымы
Табиғаттың сырын шертем тыңдаңыздар
Олармен кездесу әрқашанда
Бойымызға қуаныш мол әкелсін
Мен құстардың сайрағанын
Шөптердің сыбдырларын
Бұлақтың сылдырларын
Аспанның ашығын қалаймын.
Тапсырма: (Түймедақ, қалақай , мелисса, итмұрын, календула)
Осы шөптердің дәмін, иісі арқылы ажырату және емдік қасиеттерін айту.
Төртінші есік артында өнеркәсіптер.
Ақтөбе жері үлкен байтақ елім
Даңқы шыққан әлемге айға көрім
Жаңажол, Хромтаулар кең мекенім
Бетке ұстайтын газдарын жұрт тұтынар.
Ірі үлкен мекемелер өте көп
Қиындықсыз оларды біз санармыз
Ең басты заводтары АЗХС, Феррохром
Өндіретін заттары темір мен мыс.
Тапсырма:
Пайдалы қазбалардың атын атау және содан шығатын өнімдерді атау.
Ақбидай мен Рамазан
Әйгілі наубайхана Ақтөбе нан
Жұмсақ бөлке, шоколад
Тәтті тағам өнімдері.
Бар байлығы Ақтөбенің бақ бүгін
Демеушісі халқымыздың қауһарын
Жасырмай еш жас баладай шаттығын
Кім ішпейді минералын Шалқардың.
Жарнама: Рамазан жұмыртқасы.
Барс: Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу , неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Әнұран : «Өлкетану»
Бақша атауы ормандағы ертегі
Ертегіге балалар көңіл елтеді.
Өлкетану бағдарлама енгіздік біз бақшада
Сәбилердің жарқын болғай деп ертеңі.
қ-сы
Туған жерім, туған елім
Таныстырып ұл қызды.
Суреттеп Ақтөбе, Ырғызды
Осы өлке таланттардың
Мекені дүниеге
Әкелген талай жұлдызды.
Кіріктіру, саяхат сабақтарын ұлылардың
Сабақтадым балғын сәби көңіліне
Алты тарау Өлкетану бағдарлама бөлігі
Іздеген жан көп нәрсені табады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!