Туған елім, тірегім сценарий — Қазақша сценарийлер

0

Сүйем сені, туған
елім! 

Төменгі сынып
оқушыларына арналған саяхат — ойын

 

Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес
бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар
арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы
жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.

  
      Безендірілуі :
 Қазақстанның жалауы, елтаңбасы,
қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал-мәтелдер,
даналық сөздер жазылып ілінеді.

   Осы
тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.

   Үлкен
плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер  сызылады, әр дөңгелектің
ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен
дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет

         Қабырғаға
ілінетін даналық сөздер:
  «Туған жерің-түп қазығың…», «Жаңа
астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов),
«Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.

        
Керекті құралдар:
 Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене
сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт,
тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.

  

    
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 4-6 адамнан болуы керек.

 

Жүргізуші
:        

Туған жердің қандай
жақсы күзі де,

Туған жердің қандай
жақсы қысы да!

Туған жердің қандай
жақсы көктемі!

Туған жердің қандай
жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің
күні де,

Жақсы екен туған жердің
түні де!

Жақсы екен туған жердің
суы да,

Еш жаманын таба алмайсың
осында!

                                                                      Хабдулмажит
Арман.

 

     
Сәлеметсіңдерме, балалар! Ертең — еліміздің Республика күні. Мен барлықтарыңды
мейрамдарыңмен құттықтаймын және шын жүрегімнен сіздерге шуақты күн, ашық
аспан, бейбітшілікпен пен амандық, ырыс тілеймін!

   
Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,
айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.

   Осының бәрі
Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп
жасанып-жасарып жатыр.

   «Отан
отбасынан басталады» — деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті
ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті –
оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

       
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен
бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

    Бүгін
Республика күніне орай,  бүгін «Сүйем сені, туған елім!» 
атты саяхат-ойынын өткіземіз.

    Мына көрсетілген
бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері,
салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ
көмекке келеді.

(Бекеттердің аты
жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы
 екі команда мүшелерін
таныстырады.
)

   Енді екі
топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып, 
тапсырмаларды  орындайсыңдар.

Бекеттің нөмірін бір топ
алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған
команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды
орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ  конвертпен алады. Осы
тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады.  Екі
топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған
жағдайда, көрермендер көмекке келеді.

            Бірінші  
«Тарих» бекеті

  1. Қазақтың
    әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  2. Қазақ
    халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)
  3. Қазақстанның
    елордасы? (Астана)
  4. Алтын
    адам табылған жер? (Есік қорғаны)
  5. Қазақстанның
    ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)

(Көрермендер үшін бұл
сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

    
Тапсырма

    Қазақ
батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан  үзінді, өлең
айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр
туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар
батыр» т. б. 

      
Жүргізуші: 
Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап
қалған хан туралы аңыз айтып берейін. Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ
көңіл,  ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол
себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден
атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем
мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» —
деп  талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің
бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін  таңдап
береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге
ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз.
Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды
хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр
көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан
өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын
ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты… Ханның бұл шешіміне ел
ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым
жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген
екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп
жетеді. «Уа, алдияр,  көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті
туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген
хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым
менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге
соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген
билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп
едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің
жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал
қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған,
олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз
менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі.  Қасиетті даламның
бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен.
Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан
бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз
осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді
ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары
ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін. 

 

      
Екінші  «Тау мен дала» бекеті

     
1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан?
(Шығыс          

        
Қазақстан облысы)

2.   
Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)

 

3.Біздің еліміздің
жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, арыстан, мүйізтұмсық,
қолтырауын, керік т.б.)

 

  4.Жетісудың жеті
өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,

    
Басқан, Сарқант)

5. Қазақстанның ең биік
нүктесі  ата? (Хантәңірі шыңы)

(Көрермендер үшін бұл
сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады)

 

      
Тапсырма: 
Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең
орындап беру.

 

     Үшінші
« Әдебиет» бекеті

  1. Қазақ
    халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев
    т.б.)
  2. Қазақ
    халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақаАсанқайғы,Тазша
    бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)
  3. Отан,
    туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:

           
Отансыз …адам – ормансыз бұлбұл

           
Отан …оттан да ыстық

           
Ел іші –…. алтын бесік

          
Отан – ….елдің анасы, ел –ердің анасы

      
    Туған жерге…туың тік

           
Туған жердей …жер болмас, туған елдей ел болмас.

 

  1. Жұмбақтарды
    шешу:

Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде

                
(Құман)

 

Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы,

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.

                  
(Самауыр)

 

Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр

                
(Уыз)

 

Басы құдық,

Сабы сырық.

                  
(Ожау)

Ыдыс –аяқ бөлмесі,

Тазалықтың көрмесі.

                   
(Әбдіра)

(Көрермендер үшін бұл
сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

 

    Тапсырма

    
Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін
заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

  • қазы
    (Алдар көсе мен Шығайбай)
  • домбыра
    (Ақсақ құлан)
  • сақа
    (алтын сақа)

 

   
Төртінші  «Ән-күй» бекеті

  1.     Қазақтың
    атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев, 

        
Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов…)

 

  1.     Қазақ
    халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет, 

        
Ықылас, Дина).

 

  1.     Қандай
    қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем, 

        
Бір бала, Бесік жыры….)

 

  1.       Қазіргі 
    кезде халық әндерін қай әртістер орындайды?

       
(Б.Төлегенова, ….)

5. Қазақ халқының халық
әніне, күйлеріне байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

Тапсырма

Сендердің алдарыңда
қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден  ән шумақтарын құраңдар.

  • Қаратаудың
    басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ
бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай

 

Кейін қалған елімді

Көрер ме екем!

 

Ән
салшы-ай       ,

бір бала-ай.

Қос етек, бұраң бел,

Қуалай соғар қоңыр жел.

 

   
Бесінші «Салт-дәстүр» бекеті

 1.Қазақ елінде
ертеден келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза 

      
айт, Рамазан айт, Наурыз )

  1. Қазақ
    халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (бесбармақ, қазы-қарта,
    жал-жая, қымыз….)
  2. Қазақ
    қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік)
  3. Қазақ
    халқының ұлттық киімдерін атаңдар (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ,
    ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.)

 

  1. Қазақ
    халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй….)

(Көрермендер үшін бұл
сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

 

       
Тапсырма:

   
Сендердің алдарыңда Қазақстанда аталып өтетін қадірлі де сыйлы мейрамдардың аты
мен оларға байланысты мағыналы сөздер  (бөлек карточкада) берілген. Әрбір
мейрамның жанына өзіне қатысты мағыналы сөздерді қойыңдар.

  • Ораза
    тұту (Рамазан айы)
  • Намаз
    оқу( Ислам  дінінің бес тірегінің бірі)
  • Ораза
    айт(жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу)

         

   

           Алтыншы
«География» бекеті

          

  1. Қазақстанның
    көршілерін атаңдар? (Ресей, Қытай, Қырғызстан…)

 

  1. Қазақстандағы
    өзендердің аттарын атаңдар (Ертіс, Есіл, Іле…..)

3. Қазақ елінің ХХ
ғасырдағы ең бірінші астанасы? (Орынбор (1920-1925)

4.Қазақстанда неше облыс
бар? (14)

5. Қазақстанад қандай
теңі-көлдер бар? (Каспий, Зайсан, ….)

Тапсырма

Әріптердің орнын
ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар

  МАТЫАЛ (Алматы)

  1. АНАТСА 
    (Астана)
  2. ЫДНАҒАРАҚ
    (Қарағанды)
  3. ЕКТНМЫШ 
    (Шымкент)
  4. НЕСӨМЕК 
    (Өскемен)

Қазақстанның тауларына
байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

(Көрермендер үшін бұл
сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

 

    Жүргізуші:

Тілдесіп көкпен
тауларың,

Жайқалды жасыл орманың.

Алатау, Қаратауларым,

Елдікті бізге мұра етіп,

Ерліктің күйін толғадың.

Салтанат пенен сән
құрған,

Елім бар бүгін
жаңғырған.

Бақытым-атамекенім,

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат
талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан
қырдан.

Берекелі елмін, құтты
елмін,

Атты азат таңым-күткен
күн.

Қазақстаным мекені-

Ынтымақ пенен достықтың,

Кеңдік пен
кемелдіктердің.

Даламды бабам мұра
еткен,

Жайқалтар соны түлек
мен.

Қалалар жайып қанатын,

Ауылымды арай, нұр
өпкен.

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен!

             
(Б.Үсенбаев. «Республикам менің»)

    
Ал енді  осымен  біздің саяхат – ойынымыз аяқталады. (жеңген
команданың мүшелерін
 ортаға шығарып марапаттайды).

    
Мен енді сендерді таза ауа жұтып, кішкене сергітпек оймен, далаға шақырамын.
Біз бүгін қазақ халқының  балаларға арналған ұмыт болып бара жатқан
ұлттық  ойындарын еске түсіреміз.

     
(Ойын түрлері: «Соқыр теке», «Ақ серек, көк серек», «Бес тас», «Ұшты
-ұшты», т.б
.)

Қосымша ойын түрлері:

Тақия тастамақ

   Ойынға бірнеше бала қатысады.
Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп,
біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса,
жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға
тырысады.

   Жүргізушіге
жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

 

Аттамақ

        
Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту
керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту
керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін
байлап бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп
ұстап тұрғандар жіпті жинап алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!