ТШО және қоршаған орта слайд,презентация — Аралас

0

ТШО және қоршаған орта слайд,презентация

 

 

     Теңізшевройл  (ТШО)  –  Батыс Қазақстанда мұнай өндіріп жəне өткізіп  жатқан  ірі  мұнай  өндіруші  компания. Қазіргі уақытта компания Теңіз кен орны мен көршілес жатқан Королев кенішінде тəулігіне шамамен 400 000 баррель мұнай  өндіруде.
     1993  жылы  «Шеврон»  корпорациясы  мен  тəуелсіз  Қазақстан  Республикасы  «Теңізшевройл»  бірлескен кəсіпорнын құрды. Бүгінде ол «Шеврон» (50%)  корпорациясы,  «ҚазМұнайГаз» ҰМК (20%), «ЭксонМобил» (25%) жəне «ЛукАрко»  (5%)  компанияларының арасындағы серіктестік болып табылады. Теңізшевройл  өзі  құрылған  кез-ден  бастап  тосын  уақиғасыз  жұмыс жасауға,  қоршаған  ортаны  қорғауға жəне  компания  қызмет  атқаратын аймақта  тұратын  халықтың  тұрмысын қолдауға  ұмтылуда.  Компанияның мақсаты –акционерлерінің мүддесі үшін қызметінің  экономикалық  тиімділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ жергілікті халықтың алдында беделді болу.
     «Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
Теңіз және Королев кеніштеріндегі мұнайдың алынатын қорлары 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға дейін деп бағаланады. Теңіз кенішінің ашылған және әлі ашылмаған учаскелерінің жалпы геологиялық қорлары 3,1 миллиард тонна немесе 26 миллиард баррель көлемінде деп бағаланса, әлемдік деңгейдегі кеніштерге жататын Королев кен орнының қорлары 188 миллион тонна немесе 1,5 миллиард баррель, яғни Теңіз кеніші қорларының алтыдан бір бөлігіне тең деп бағаланып отыр.
      Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр немесе 13000 фут тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 19 шақырым немесе 12 миль, ал, ені 21 шақырым немесе 13 миль жерді алып жатыр, ал, мұнайлы қабатының биіктігі бір мильге тең. Коллектордың ауқымдылығы соншалық, оны толық айналып шығу үшін екі марафон қашықтығы қажет болады.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!