Тренинг. Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай
Тренинг. Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай
Автор: Канлыбаева Загипа Ибадуллаевна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Сабақ барысыКіріспеБала- біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес , заңды құбылыс.Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болуы керек. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім, ал, ұстаздан оқу-білім алады. Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ алар асуымыз биік. Балаңыз 1 сынып оқушысы болып үлгерді Ал, сіз балаңыздың сабағын қалай қадағалап жүрсіз ? Күнделікті үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар кездесуде?Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай ?» тақырыбында тренинг өткіземіз. Өз ойымызды ортаға салып ,пікірлесеміз.Топқа бөлу 1 топ –ата-аналар2 топ – 1 сынып мұғалімдері 3 топ — мұғалімдер Ой қозғау. Ата-аналарға сұрақ.Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?Мектептегі педагог-психолог және логопедтің 1-сыныпқа қабылдау кезіндегі тексеру қорытындысымен танысу.Ата-аналарға арналған тестік тапсырмалар Ата-аналарға сұрақ .Осы кісілердің тексеру қорытындысымен келісесіз бе?1 Жағдаяттық тапсырмалар 1 топ- ата—аналарға Балаңыздың мектепке келуіне бар жағдайды жасадыңыз.Ал, бірақбалаңызда сабаққа деген ынта, зейін жоқ .Сіз неістер едіңіз? 2- топ -1- сынып мұғалімдеріне Бала мектепке келді .Оқу құралының бәрі түгел. Сіз қанша сабақты түсіндірсеңізде ештеңе ұқпайды Ал, сіз қандай жұмыс жасар едіңіз?3-топ –мұғалімдерге 1 сынып мұғалімдерінің қазіргі таңдағы жүргізіп жатқан жұмыстарына көңіліңіз тола ма?2 жағдаяттық тапсырмалар
- топ Балаңыз әріптерді таниды . Бірақ жүргізіп, қосып оқи алмайды. Үйден қандай жұмыстар жүргізесіз?
2-топ Сіз ата-анаға оқушыңыздың сөздерді жүргізіп , қосып оқуына қандай әдістемелік көмек бере аласыз?3-топ 1 сынып мұғалімдері қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады деп ойлайсыз?
Қорытынды
Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек.» -деп алаш ардақтысы М. Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесі , білім алуы барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.Тақырыпты қорытындылай келе ассосация құру.
1-топ Балаңыздың қандай болып өскенін қалайсыз?2-топ Ата-аналарға берер кеңестеріңіз. 3- топ 1 сынып мұғалімі қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады? Міне, құрастырған гүлдерімізді қосу арқылы гүл шоғын жасадық.Сол сияқты балаларымыздың саналы ,тәрбиелі азамат болып өсуіне ата-ана,мектеп, мұғалімнің арасында байланыс болуы керек деп қорытындылаймын.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.