Травмадан кейінгі стресстік бұзылыс | Скачать Реферат

0
166


ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ТҮРЛЕРІ
( анықтамалық кітапшасы )

Бұл анықтамалық кітапша – психикалық аурулар және түрлері туралы анықтамалық құралы болып табылады. Мұнда әр түрлі психикалық аурулардың түрлері, олардың анықтамасы, белгілері, диагностикасы жазылған және түрлі емдеу жолдары қамтылған.
Әдістемелік кітапша болашақ психологтарға, педагогтарға және студенттерге, әлеуметтік қызметкерлерге арналған.

Мазмұны:
1. Психопатия … … … … … … . … … … … … … … … … … …
2. Аутизм … … … … … … … . … … … … … … … … … … … ..
3. Даун синдромы … … … … … … … … … … … … … … … .
4. Стресс … … … … … … … . … … … … … … … … … … … …
5. Травмадан кейінгі стресстік бұзылыс … … … … … …
6. Депрессия … … … … … … .. … … … … … … … … … … …
7. Суицид әрекеті … … … … … … … … … … … … … … … .
8. Фобия … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … …
9. Шизофрения … … … … … … . … … … … … … … … … … .
10. Невроз … … … … … … … . … … … … … … … … … … … .

ПСИХОПАТИЯ
Анықтамасы: Психопатиялар – интеллект өзгерісінсіз, тұлғааралық қатынас және қоршаған ортаға адаптациялану бұзылыстырына алып келетін туа және жүре пайда болған мінез – құлықтың тұрақты бұзылыстарының тобы.
Белгілері: Психопатиялық алғашқы белгілер 2-4 жас арасында білінеді. Бұл кезде бала құрдастарына қарағанда қозғалғыш, қозғы, ызақор келеді (ыза болғанда төңірегіндегілерді ұрып, тырнап, тістейді). Психопатия қыздарға қарағанда, ұлдарда жиі байқалады. Бұл жастағы балалар мен жасөспірімдердің вегетативтік жүйке жүйесінің бұзылу белгілері бетінің қызаруынан, тыныс алуы мен жүрек соғысының жиілеуінен және т.б. физиологиялық симптомдардан білінеді.
Психопатияның қызу қанды тобына кейбір авторлар гипертимдік типті жатқызады. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғида көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбетмен ұйқысы жақсы, қимыл қозғкалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, бөспе,көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш келеді. Оларға жеңілтектік, тәртіпсіздік, тентектік тән.
Диагностикасы: I. Адамның психикалық бұзылыстарының қайтымсыздығына негізделеді.
ІІ . Жағдайдың немесе қоршаған ортаны тәуелсіздікке байланысты психикалық ауытқулардың көп жақты көрінісі.
ІІІ. Бейімделудің бұзылуы
Емдеу: Тұлғалық ұстанымды өзгерту, өзіндік МЕН бағасын өзгерту,маңайындағыларға деген көзқарасты дұрыс қалыптастыру және психотерапия, психоанализ, психодрама қолданылады.

АУТИЗМ
Анықтамасы: Аутизм — (гр. autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер енгізген.
Белгілері: Белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Бала көзге тіке қарамайды, көбісін зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен. Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.
Диагностикасы: Осы үш критерий арқылы диагноз қойылады:
* Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер
* Ауызша және ауызша емес байланыс
* Шектеулі қызығушылықтар
Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау мақсатында баланың есту қабілеті басқа да танымдық қабілеттері тексеріледі.
Емдеу: Баланың ерекшелігіне қарай денелік және сөйлеу терапиялары, анималотерапия, дельфинотерапия қолданылады.
ДАУН СИНДРОМЫ

Анықтамасы: Даун синдромы – бүгінгі күні жақсы зерттелген хромосомалық сырқат. Яғни ауру хромосамалық бұзылыстардан туындайды. Ол алғаш рет 1866 ж. сипатталып, «монголизм» деп аталған. Дерттің жаңа туған сәбилер арасында кездесу жиілігі 1:700- 1:800-ге тең.
Белгілері: жалпақ бет, нәрестелер мойнындағы тері қатпарлары , буындардың аса қозғалмалығы ,бұлшық ет гипотониясы, шүйденің жалпақтығы, аяқ-қолдың қысқалығы ,8 жастан асқанда катаракта анықталуы, ауыздың ашық болуы , тіс аномалиялары, қысқа қалың мойын ,жүректің туа біткен ақауы ,қысқа мұрын , страбизм (қыли көз) , кеуде торының деформациясы .
Диагностикасы: Қазіргі кезде амниоцентез, кордоцентоз, хорион биопсиясы сенімді зерттеу әдісі болып табылады. Зерттеуді жүргізу үшін әйелден амнион сұйықтығын алып, ондағы түлеген ұрық жасушаларын зерттейді. Лабораториялық зерттеулер бірнеше аптаға созылады, бірақ дұрыс нәтиже ықтималдылығы 99,8 %.
Емдеу: Дельфинотерапия, физиотерапия, ЛФК, психодрама, арнайы мамандардың науқаспен жұмыстануы.

СТРЕСС
Анықтамасы: Мазасыз күй яғни стресс — тым қатты ойлап көңіл-күйдің түсуі, шектен тысқары ширақтылық деп аталатын көптеген мағынаны білдіретін жалпылама сөздермен жасалған жанның айрықша жағдайы. Стресс сөзін бірінші болып қалдырған канадалық физиолог Ганс Селье болып табылады. Ганс Сельенің сөздігіне үңілсек, стресс — тым ұнымсыз күйге жауап ретінде пайда болған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.
Белгілері:
* Ұмытшақтық;
* Көтеріңкі қозғыштық;
* Тұрақты шаршағыштық:
* Әзілді түсіне білуден айырылу;
* Кенет шылым шегу мен ішімдікке құмар болу;
* Ұйқы мен тәбеттің жоғалуы;
* Ақыл-естің төмендеуі;
Диагностикасы:
* Науқасты қарап, психикалық жағдайын талдайды;
* Бірнеше тестілер (ұқсас шағымдар айтылатын басқа ауруларды ескеру үшін).
* Бақылау әдісі, стрессті анықтауға арналған әдістемелер жүргізу.
Емдеу: Дәрілік препараттар және танымдық-мінез-құлықтық емдеу қолданылады (адамның ойлауын, нанымын, мінез-құлығын түзету).

ТКСБ
(травмадан кейінгі стресстік бұзылулар)
Анықтамасы: ТКСБ – психотравмалық жағдай негізінде пайда болған субъектінің не өзге де адамдардың денелік толыққандылығына қауіп төндіретін психологиялық күй.
Белгілері: ТКСБ кезінде адам санасында травмаға әкелген жағдай қайталанып көріне береді. Сол кезде пациентке стресстің күштілігі шынайы болған жағдайдан да асып кетеді. Уайым қайғыны басу үшін суицидтік әрекеттер болуы мүмкін. Қорқынышты түстер мен флешбектер, психогенді амнезия болады. Сақтық әрекеттер, үнемі қауіп төніп тұрғандай сезінеді. Соматикалық бұзылыстар көрінеді: жүйкелік, жүрек-бұлшықет, ас қорыту және эндокринді жүйемен байланысты аурулар.
Диагностика: Клиникалық әңгімелесу, психодиагностика. … жалғасы