Трансплантологиядағы жаңалықтар | Скачать Реферат
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Трансплантологиядағы жаңалықтар.
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Жалпы иммунология
Курс: 2
Орындаған: Каспи А.Р.
Тексерген: Мусабаева С.Ж.
Тобы: 209 Б
Ақтөбе-2019 жыл
Трансплантация (ортағасырлық лат. transplantatіo — ауыстырып салу) — адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Өсімдіктерде — өсімдіктер бөліктерін аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша өсіру мен эксперименттік зерттеулерде қолданылады.
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет Б.з.д. 1500 жылыжасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі — қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган — бүйрек болып саналады.
Трансплантология бірнеше терминдерден тұрады:
1.Ксенотрансплантат — мүшелер трансплантациясы немесе әр түрге жататын жануарлар арасындағы трансплантация. Мысалы, адамға маймылдан алып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды.
2.Аллотрансплантат — ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Мысалы, адамдарда аллотрансплантациялау көп кездерде, бір индивидуумнан екінші индивидуумге мүшелерін алмастырғанда өтеді, донор орнында реципиентке ұқсас (гетерозиготалы) егізі болса. Аллотрансплантат иесіне генетикалық ұқсас болмағандықтан, оны жиі
3.Изотрансплантат (синтрансплантат) — ол генетикалық ұқсас индивидуумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелері. Мысалы, адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас (монозиготалық) егіздер арасында өткізіледі.
4. Аутотрансплантат — бір индивидуумда өз денесінің бір жерінен басқа жеріне салынған тіндерін айтады. Мысалы, бұл түрін жиі күйген адамдар арасында өткізеді, ол кезде денесінің таза терісін күйген жеріне жамайды.
Журек трансплантациясы
Оның негізін қалаған А.Каррель (1905) және В.П.Демиховтың (1946-1960) эксперименттік зертеулері болып табылады. А.Кантровиц осындай операцияны емізулі балаға жасады. Алғаш рет жүрек трансплантациясын 1964жылы Миссисипи штатында Дж.Харди жасады. Ол шимпанзенің жүрегін ксенотрансплантация жолымен 68жастағы науқасқа ауыстырып отырғызды.
Жүректің имплантациясы, оның ортотопиялық қалпында жасанды қан айналым аспабының көмегімен жүргізіледі. Реципиенттің жүрекшелерінің артқы қабырғасын қуыс веналарының тесігімен бірге сақтап қалады және жүректің дербес иннервациясын бұзбайды. Донор болмаған жағдайда уақытша жүректі ауыстыратын пневмо жүргізу мүмкіндігі бар механикалық жүректі пайдаланады.
1967жылы Оңтүстік Африка хирургы Кристиан Бернар (В.П.Демиховтың шәкірті) жүрек трансплантациясында бірінші болып жетістікке жетті.
Бүйрек трансплантациясы
Ол гетеротопиялық қалыпта мықын шұңқырында ретроперитонеальді жасалады. Уремияны төмендету үшін, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі алғашқы кезеңдерде гемодиалаиз жүргізіледі.
Ресейде бүйрек трансплантациясының дамуындағы жетістіктер академик Б.В.Петровскийдің және оның шәкірттерінің еңбегі болып табылады. Ол 1964жылы алғашқы болып бүйректі отырғызуда жетістікке жетті.
Бүйрек трансплантациясы бүгінгі таңда Қазақстанның екі қаласында — Астана және Алматыда жасалады. Соңғы жылдары бүйрек алмастыру отасын шетелдік мамандардың көмегімен шымкенттік дәрігерлер де жасап жүрген жайы бар. Ал Сызғанов атындағы ұлттың хирургия орталығында бүйрек трансплантациясы сонау 1978 жылдан бері жасалып келеді.
Орталықтағы бүйрек трансплантациясын жүргізетін хирург Дінмұхамед Тәждиновтің айтуынша осы 30 жылдан астам уақытта 700-ге жуық бүйрек алмастыру операциясы орындалыпты. Еліміздегі транплантациясының бұл түрі басым көпшілігінде туыстық бүйрек алмастыруға жатады.
Эндокринді бездердің трансплантациясы
Қалқанша бездің, бүйрек үсті бездерінің, гипофиздің, атабездің және ұйқы безінің трансплантациясы орындалады. Aуыстырып отырғызу — имплантация жасалған тіндер сіңіп ыдырағанға дейін қызметі сақталады. Тамырлы аяқшасы бар трансплантация эксперимент сатысында — бұл кезде бездің құрылысы мен қызметі сақталады.
Дүние жүзінде 2000жылға дейін 130мыңнан астам бүйрек … жалғасы