Төрт түлік балабақшадағы ашық сабақтар

0

Пәні: Көркем әдебиет.

Сабақтың тақырыбы:  Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:
•    Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен,малдың қадір-қасиетімен таныстыру.Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
•    Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
•    Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар,төрт түліктің мүсіндері,суретті плакаттар,тақта,

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту,қоршаған ортамен таныстыру;

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу,тақтамен жұмыс,сергіту жаттығулары,ойын  т.б.

Сабақтың түрі:  Ашық сабақ.

Сабақтың барысы: 
•    Ұйымдастыру кезеңі;
•    Психологиялық жаттығу;
•    Жаңа сабақ;
•    Ойын;
•    Сергіту;
•    Қорытынды;
•    Венн диаграмма;

1.Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді,шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.) 

Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!
               Сәлем — сөз анасы демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

•    Балалар далада ауа-райы қандай?
•    Суық.
•    Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
•    Қыс.
•    Қыстың ерекшелігі қандай?
•    Қар жауды,дала ақ көрпеге оралды.
•    Қардың түсі қандай?
•    Аппақ.

Ендеше  балалар бәріміз біріміздің артына біріміз тұрып пойыз болып жүріп орнымызға барайықшы.пойыз боп жүргенде түзу,әдепті болып жүру керек екен. Кәне орнымызға жеткенше «Пойыз» өлеңін айтып барайық.

Ал,паравоз,баста алға,
Бәрімізді басқар да!
«Пш-пш,пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу,гу-гу,гуілде
Қалып қойма біріңде,
«Пш-пш,пш-пш!»-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.

Міне балалар орнымыза да жетіп қалдық.Ендеше айдай арайлан,күндей жайнап,жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.

Жаңа сабақ:
•    Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
•    Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
•    Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйелер жатады екен.
•    Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
•    Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
•    Олар немен қоректенеді;
•    Шөп,жем,сумен қоректенеді;
•    Түйе ,жылқы,сиыр,қой туралы не білесіңдер?
•    Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
•    Әрине,біз олардың сүтін,етін,жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.
Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.
Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз. 

Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

•    Сиыр мөңірейді;
•    Жылқы кісінейді;
•    Түйе боздайды; 
•    Қой,ешкі  маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

•    Сиырды-аухау-аухау дейміз.
•    Түйені-көс-көс дейміз.
•    Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
•    Қойды-пұшайт-пұшайт 
•    Ешкіні-шөре-шөре дейміз.

Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?

•    Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
•    Түйенің баласын-бота дейміз.
•    Жылқының баласын -құлын дейміз.
•    Қойдың баласын-қозы дейміз. 
•    Ешкінің баласын-лақ дейміз.

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр».

 
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші,кім тез табады екен?

1.    Кішкене ғана тоны бар,
Айландырып киген тоны бар     (Қозы).

2.    Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.     (Түйе)

 

Сергіту сәті: 
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екі қолды қосқанда-
Болып шықты он саусақ.

Қорыту:  

Венн диаграмасы:  Енді балалар  мына үй жануарлары мен  
жабайы аңдарды салыстырайық.

    Үй жануарлары     Айырмашылығы     Жабайы жануарлар

•    Біз не туралы сабақ өттік?
•    Үй жануарларына нелер жатады екен?
•    Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
•    Жануарлар қалай дыбыстайды?
•    Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?

Сау болыңдар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!