Тоқсандық қайталау
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тоқсандық қайталау
Автор: Найманбаева Меруерт Курбаналиевна
Бағыты: Физика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-12
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Сабақтың мақсаты: Оқушылар барлық өтілген тақырыптарды еске түсіреді. Күнделікті өмірден мысал келтіре отырып, физикалық шамаларды ұғынады. Өтілген тақырыптарға сәйкес мәлімет алып, күнделікті тұрмыста дұрыс пайдалана біледі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар әр уақытта өз ойын толық айтты, топта да жүйелі нақты жауап берді. Сабақ айту барысында, берілген тапсырманы орындағанда, өз ойын физикалық тілмен айтып жеткізді. Берілген жауаптардың дәлдігіне және тыңдылығына ұмтылды.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика
Сабақтың ресурстары: плакат, маркер, доп, А4 қағазы,оқулық
Пайдаланылған әдебиеттер: Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
5минут | «Алтын доп» ойыныМақсаты: «Қайталау-оқу анасы». I-II тарау бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіру,қайталау арқылы оқушылардың білімін шыңдау, нақтылау | Оқушыларға доп кезектесіп лақтырылып, физикалық шамалардың атауы сұралды. | Доп. |
5минут | Сабақты ұйымдастыру. А)Оқушылардың зейінін сабаққа аударуБ) Сыныптағы оқушыларды түгелдеу,жинақтауБерілген формулаларды тауып, сынып топқа бөлінеді. | Оқушылар құрал-жабдықтарын алып, сабаққа дайын болды, формуланы анықтап, сынып топқа бөлінеді. | Кітап, дәптер, қаламсап,қағаз. |
5минут | «Желпуіш» әдісі.Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пысықтау,нақтылай отырып, сұрақтарға жауап беру | Оқушылар сұрақтарды А4 қағазына жазып,сағат тілінің бағытымен бір-бірінің сұрағына жауап беріп,бір-бірінің қателерін түзеп отырады. | А4 қағазы,маркер. |
20 минут | «Джигсо» әдісі.Мақсаты: Теория мен практиканы сабақтастыра отырып,есептер шығару. Плакатқа әр топқа үш есептен беріледі. | Плакатқа әр топқа берілген үш есепті топтағы оқушылар шығарады. Плакатқа шығарылған есепті оқушы қалай шығарылғанын түсіндіріп береді. | Плакат, маркер. |
5минут | Кері байланыс.Мақсаты:Оқушылардың сабақтан алған әсерін,тұжырымын анықтау.1.Топпен жұмыс кезінде, қандай кедергілер болды? 2.Тапсырма орындау барысында, қай тұсы қиын болмады?3.Тапсырманы орындау барысында қай тақырыпты көбірек іздену керек? | Топтағы оқушылар өз ойларын айтады. | Слайд. |
5минут | Бағалау. Топтағы оқушылардың белсенділігіне қарай бағаланады. | Топтағы әр оқушы жауап бергеніне қарай бағаланды. |
Пән мұғалімі: М.К.Найманбаева
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.