Толық кіріс жөніндегі есептілік | Скачать Курстық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҰЙЫМ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кірістердің түсінігі, маңызы және түрлері
1.2 ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуі
1.3 Кірістер есебінің нормативті-құқықтық реттелуі

2 ӨНІМДІ САТЫП ӨТКІЗУ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕР ЕСЕБІ
2.1 Өнімді сатып өткізуден түсетін кірістер есебі және оларды құжаттарда рәсімдеу
2.2 Қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
2.3 Өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3

5
5

9
13

17

17
18

23

30
32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.
Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. «Қосымша құн» мен «Пайда» категорияларының экономикалық мазмүны іс жүзінде бара — бар. «Табыс» категориясының «Қосымша құн» категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы — материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.
Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты — өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебін талдау. Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
— ұйым кірістерінің экономикалық мазмұны мен теориялық негіздерін толықтай ашып көрсету;
— кірістердің түсінігі, маңызы және түрлеріне түсінік беру;
— ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуін талдау;
— кірістер есебінің нормативті-құқықтық реттелуін қарастыру;
— өнімді сатып өткізуден түсетін кірістер есебі және оларды құжаттарда рәсімдеу тәсілдерімен танысу;
— қызмет көрсетуден алынған кірістер есебін талдау;
— өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар қолданылған.

1 ҰЙЫМ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кірістердің түсінігі, маңызы және түрлері

Нарықтық экономика жағдайында кірістің ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде кіріс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
мемлекеттік бюджет табысының көзі;
кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, кірісті шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан кірісті құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын кіріс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Кіріс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
Кірісті бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Кірісті тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ кірістің абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік кіріс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын кірісті нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және кірістің деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын кірістің салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның кіріс көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды.
Кірісті көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
кірістің абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
таза кірістің қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
кіріске әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
кірісті бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
кірістің өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, кірісті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
кірістің (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты кіріс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Кірістің абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын кіріс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін кіріс көрсетіледі.
Кіріс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін кіріс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Өнім өткізуден түсетін кіріс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін кіріс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін кіріс өлшемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі
1-кестеде өнімді өткізуден түскен кірісті алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

1-кесте
Өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарының негізделуін тексеру


Көрсеткіштер
Есептік бағасы бойынша мың тг.
1.
Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы
8360
2
Тауарлы өнім шығару
29000
3.
Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы
15940
4.
Өнімді өткізуден алынуы мүмкін кіріс (1 қатар+2 қатар — 3 қатар)
21420
5.
Жоспар бойынша енімді өткізуден алынатын табыс
20850
6.
Ауытқуы (4 қатар — 5 қатар)
570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін кіріс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін кіріс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін кіріс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
— Кірістердің абсолютті көрсеткіші — жалпы кіріс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы кіріске әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде кірістің өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы кірістің өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты кіріс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі кірістің өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл кірістің әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

1.2 ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуі

Басқа толық кіріс басқа ХҚЕС-тарында талап етілгендей немесе рұқсат етілгендей, пайда жəне шығын бойынша танылмаған (қайта жіктеу бойынша түзетулермен қоса) кіріс жəне шығыс баптарынан тұрады.
Басқа толық кірістің құрамдас бөліктеріне мыналар жатады:
— қайта бағалау нəтижесіндегі кірістегі өзгерістер (16 (IAS) Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХҚЕС-ын жəне 38 (IAS) Материалдық емес активтер ХҚЕС-ын қараңыз);
— 19 (IAS) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ының 93А тармағына сəйкес танылған, белгіленген зейнетақы жоспары бойынша іс жүзіндегі табыстар мен шығындар; (IFRS) ХҚЕС-ң анықтамасы 2010 жылғы (IFRS) ХҚЕС-ң Негізінің Қайта қарастырылған құрастырылуымен ұсынылған атаулар өзгертілуінен кейін өзгертілген.
— шетелдік операциялардың қаржылық есептіліктерін аударудан пайда болатын табыстар мен шығындар (21 (IAS) Шетелдік валюталық бағам өзгерісінің əсері);
— 9 (IFRS) Қаржылық құралдар ХҚЕС-ының 5.4.4. тармағына сəйкес өзге де толық кіріс арқылы əділ бағамен бағаланған үлестік құралдарға салған салымдардан түсетін кездейсоқ табыс пен шығыс;
— ақша қозғалысын хедждирлеудегі хедждирлеу құралдары бойынша табыстар мен шығындардың нəтижелі бөлігі.
Иелер — меншік ретінде жіктелетін құралдарға иелік етушілер.
Пайда немесе залал — басқа толық кірістің құрамдас бөліктерін алып тастағандағы залалдар шегерілген кірістің жалпы көлемі.
Қайта жіктеуден кейінгі өзгерістер — ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде басқа толық кіріс бойынша танылған, ағымдағы кезеңде пайда немесе залалға қайта жіктелген сомалар.
Жалпы толық кіріс — иелермен, иелер ретінде жасалған операциялар нəтижесінде болатын өзгерістерден басқа, кезең ішінде операциялар жəне басқа оқиғалар нəтижесінде болатын үлестегі өзгеріс.
Жалпы толық кіріс пайда немесе залалдың жəне басқа толық кірістің барлық құрамдас бөліктерінен тұрады.
Стандартта басқа толық кіріс, пайда немесе залал жəне жалпы толық кіріс атауларын қолданылғанымен, ұйым жиынтық сомаларды сипаттау үшін мағынасы түсінікті болатын басқа атауларды қолдануына болады. Мысалы, ұйым пайда немесе залалды сипаттау үшін таза кіріс атауын қолдануына болады.
Үлестік құрал ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, ұйымға басқа тарапқа ұйымның активтер таза құны пропорциялық үлесін жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін жəне үлестік құрал ретінде жіктелетін құрал.
Ұйым пайда немесе шығынның құрағыш бөліктерін толық кіріс жөніндегі есептіліктің бөлігі ретінде немесе бөлек кіріс есептілігінде ұсына алады. Кіріс есептілігі ұсынылғанда, ол қаржылық есептіліктердің толық жиынтығының бөлігі болып табылады жəне толық кіріс жөніндегі есептіліктің дəл алдында көрсетілуі тиіс.
(IFRS)ХҚЕС-та талап етпейінше немесе рұқсат бермейінше ұйым активтер мен мiндеттемелер жəне кірістер мен шығыстардың орнын өз бетінше толтыруына болмайды.
Ұйым активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстарды жеке-жеке ұсынады. Пайдалар (егер олар ұсынылса) мен шығындар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мəнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв жəне дебиторлық берешек бойынша күмəнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау — өзара есепке алу болып табылмайды.
18 Табыс (IAS) ХҚЕС-ы табысқа анықтама бередi жəне ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық жəне көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi əдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң əдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім əкелмейтiн, бiрақ түсім əкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нəтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мəнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нəтижелері бір операцияның нəтижесінде туындайтын барлық кірістерді жəне тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:
— ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен шығындар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң қаржылық жағдай туралы есептік құнының жəне оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады; жəне
— 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес танылатын жəне үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.
Осыған қоса, аталған операциялар тобы бойынша туындайтын пайдалар мен шығындар, мысалы, оң жəне теріс бағамдық айырмалар жəне саудаға арналған қаржы құралдары бойынша туындайтын пайдалар немесе шығындар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Солай бола тұрса да, ондай пайдалар мен шығындар, егер олар мəнді болса, бөлек көрсетіледі.
Толық кіріс жөніндегі есептілік
Ұйым кезең ішінде танылған кіріс жəне шығыстардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
— толық кіріс жөнідегі бір есептілікте; немесе
— екі есептілікте: пайда немесе шығынның құрағыш бөліктерін көрсететін есептілікте (бөлек қаржылық есептілік) жəне пайда немесе шығыннан басталатын жəне басқа толық кірістің компоненттерін көрсететін екінші есептілікте (толық кіріс жөніндегі есептілік).
Ұйым толық кіріс жөніндегі есептілігінде төмендегі баптарды пайда немесе шығынның сол кезең ішінде бөлінуі ретінде ашып көрсетуі тиіс:
— төмендегілерге тəн кезең ішіндегі пайда немесе залал:
— бақыланбайтын пайыздарға, жəне
— бас ұйымның иелеріне.
— төмендегілерге тəн кезең ішіндегі жалпы толық кіріс:
— бақыланбайтын пайыздарға, жəне
— бас ұйымның иелеріне.
Ұйымның түрлі қызметтерінің, операциялардың жəне басқа оқиғалардың əсері жиілігі жағынан, пайда немесе шығын мүмкіндігі жəне алдын ала болжалуы əртүрлі болатындықтан, қаржылық қызметтің компоненттерін ашып көрсету қолданушыларға қол жеткен қаржылық қызметті білуге жəне болашақ қаржылық қызметтің жоспарларын құруға көмектеседі. Ұйым қосымша желілік баптарды толық кіріс жөніндегі есептілікке, табыс жөніндегі бөлек есептілікке (қажет болғанда) қосады, жəне қаржылық қызметтің элементтерін түсіндіруге қажет болғанда, ол қолданылған сипаттамаларына жəне баптардың ретіне түзету енгізеді. Ұйым кіріс жəне шығыстар баптарының елеулілігі жəне сипаты жəне функциясы кіретін факторларды қарастырады. Мысалы, қаржылық мекеме өзінің қызметіне қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін сипаттамаларға түзету енгізуі мүмкін. Ұйым кіріс немесе шығыстардың баптарын толық кіріс жөніндегі есептілікте, кіріс жөніндегі бөлек есептілікте (қажет болғанда) немесе ескертпелерде ерекше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
Ұйым қайта жіктеуден кейінгі өзгерістермен қоса, басқа толық кірістің əрбір компонентіне байланысты кірістік салықтың сомасын кіріс жөніндегі есептілікте немесе ескертпелерде ашып көрестуі тиіс.
Ұйым басқа толық кірістің құрағыш бөлігін ұсынуына болады:
— қатысты салық нəтижесін шегеріп, немесе
— қатысты салық нəтижесін шегерудің алдында сол құрағыш бөліктерге байланысты, кірістік салықтың жиынтық сомасы ретінде көрсетілген бір сомамен бірге.
Ұйым басқа толық кірістің құрағыш бөліктеріне байланысты қайта жіктеу өзгерістерін ашып көрсетуі тиіс.
ХҚЕС (IFRS) басқа толық кірісте алдын-ала танылған соманың пайда немесе залал ретінде жіктелген-жіктелмегендігін жəне қашан жіктелгендігін нақтылайды. Бұл Стандартқа қатысты мұндай қайта жіктеулер қайта жіктеу түзетулеріне жатады. Қайта жіктеу түзетулері пайда немесе залалға қайта жіктелген түзетулер жасаған кезеңдегі басқа толық кірістің ұқсас компоненттерін қамтиды. Бұл сомалар ағымдағы жəне алдыңғы кезеңдердегі жүзеге асырылмаған табыс ретінде басқа толық кірістерде танылуы мүмкін. Жалпы толық кірістерге екі рет енгізіліп кетпес үшін бұл жүзеге асырылмаған табыстарды осы кезеңдегі пайда жəне залал ретінде жіктелген жүзеге асырылған табыстарды басқа толық кірістер есебінен алып тастау қажет.
Ұйым қайта жіктеу өзгерістерін толық кіріс жөніндегі есептілікте немесе ескертпеде ұсынуына болады. Қайта жіктеу өзгерістерін ескертпеде ұсынушы ұйым басқа толық кіріс компоненттерін кез келген орынды қайта жіктеу өзгерістерінен кейін ұсынады.
Қайта жіктеу өзгерістері, мысалы, шетелдік операция жабылғанда (21 (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз) жəне хеджделген болжанған операция пайдаға немесе шығынға əсер еткенде (ақша қозғалыстарын хедждеуге қатысты 39 (IAS) ХҚЕС-тың 100 тармағын қараңыз) туындайды.
Қайта жіктеу өзгерістері 16 (IAS) ХҚЕС немесе 38 (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес танылған қайта бағалаудан кейінгі кіріс өзгерісінен немесе 19 (IAS) ХҚЕС-тың 93А тармағына сəйкес танылған белгіленген зейнетақы жоспарлары бойынша актуарлық кіріс пен шығыстан туындамайды. Бұл компоненттер басқа толық кіріс бойынша танылады жəне келесі кезеңдерде пайда немесе шығынға қайта жіктелмейді. Қайта бағалаудан кейінгі кіріс өзгерісі активті қолдану барысында немесе оны қайта танығанда келесі кезеңдерде таратылмаған кіріске айналдырылуы мүмкін (16 жəне 38 ХҚЕС-тарын қараңыз). Актуарлық кіріс пен шығыс жөнінде оларды босқа толық кіріс ретінде тану кезеңінде таратылмаған табыс бойынша есеп беріледі (19 ХҚЕС-ын қараңыз).
Егер кірістер мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуі тиіс.
Кірістері мен шығыстарының баптары бөлек ашып көрсетілетін міндеттемелер мыналарды қамтиды:
— босалқылардың құнын мүмкін болатын таза сату құнының шамасына дейін немесе жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар құнын өтелетін сомаға дейін есептен шығару, сондай-ақ ондай есептен шығаруларды қайтару;
— ұйымның қызметін қайта құрылымдау жəне қайта құрылымдауға шыққан шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;
— жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің шығып қалуы;
— инвестициялардың шығып қалуы;
— тоқтатылған қызмет;
— сот дауларын реттеу; жəне
— бағалау міндеттемелерінің басқа да қайтарулары.
Ұйым қайта жіктеу өзгерістерін толық кіріс жөніндегі есептілікте немесе ескертпеде ұсынуына болады. Қайта жіктеу өзгерістерін ескертпеде ұсынушы ұйым басқа толық кіріс компоненттерін кез келген орынды қайта жіктеу өзгерістерінен кейін ұсынады.
Қайта жіктеу өзгерістері 16 (IAS) ХҚЕС немесе 38 (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес танылған қайта бағалаудан кейінгі кіріс өзгерісінен немесе 19 (IAS) ХҚЕС-тың 93А тармағына сəйкес танылған белгіленген зейнетақы жоспарлары бойынша актуарлық кіріс пен шығыстан туындамайды. Бұл компоненттер басқа толық кіріс бойынша танылады жəне келесі кезеңдерде пайда немесе шығынға қайта жіктелмейді. Қайта бағалаудан кейінгі кіріс өзгерісі активті қолдану барысында немесе оны қайта танығанда келесі кезеңдерде таратылмаған кіріске айналдырылуы мүмкін (16 жəне 38 ХҚЕС-тарын қараңыз). Актуарлық кіріс пен шығыс жөнінде оларды босқа толық кіріс ретінде тану кезеңінде таратылмаған табыс бойынша есеп беріледі (19 ХҚЕС-ын қараңыз).

1.3 Кірістер есебінің нормативті-құқықтық реттелуі

Бухгалтерлік есептің методологиялық негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже белгілейтін) құжаттар жүйесімен реттеледі. Бес деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС); құқықтық-нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорынның (жұмыс) құжаттары.
Нормативтіқұжаттар жүйесінің бірінші заңнамалық деңгейіне мына заңдар жатады:
ҚР азаматтық кодексі, 1 және 2 бөлімдер.
ҚР-ның 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңы (өзгерістер мен толықтырумен);
ҚР-ның 2001 ж. 21 маусымдағы №209-11 бюджетке Салықтар және басқа міндетгі төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен). — Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. Олар — бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп жасаудың жалпы ережелері мен тәсілдері. Қазіргі уақытта БҰҰ-дағы Халықаралық стандарттар жөніндегі комитет 41 стандарт жасап шығарды. Қазақстан 2003 ж. 1 қантарынан бастап қаржылып есеп жасау ҚЕХС сай жүзеге (Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңның 2-1 бабы). Үшінші деңгей- әдістемелік ұсыныстар, құқықтық-нормативтік акт нұс аулар, нұсқауларды ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік органдар жасап шығарады. Олар салалық ерекшеліктерге сәйкес есептік стандарттарды нақтылайды. Мысалы, 2002 ж. 18 қыркүйектегі 438 шоттарының үлгі жоспары және оны қолдану жөніндегі нұсқау.
Нормативті құжаттарының төртінші деңгейі кәсіпорынның есеп саясаты мен қызмет құжаттары. Олар ұйымның есеп жүргізу ерекшеліктерін белгілейді. Маңызды құжаттардың бірі болып кәсіпорынның есептік саясатын бекіту туралы бұйрық саналады.
Есеп саясаты — бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.
Есеп саясатын құрайтындар:
1 Бухгалтерлік есептің әдістемесі.
1.1 Объектілері негізгі құрал-жабдықтарға және шаруашылық керек-жарақтарына жатқызу белгілері (критерийлері).
1.2 Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясын есептеу әдістері.
1.3 Негізгі құрал-жабдықтарды есептеу мен қаржыландыру тәртібі.
1.4 Материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу тәртібі.
1.5 Материалдық-өндірістік қорлардың есептік топтарын жасау.
1.6 Материалдық құндылықтарды дайындау, алу, бағалау операцияларын шоттарда көрсету әдістері.
1.7 Өндіріс шығындарын топтастыру мен есептен шығару. Жанама шығындарды бөлу әдісі. Болашақ кезеңдер шығындарды өтеу мерзімі. Бітпеген өндірісті бағалау. Өнімнің, жұмыстың, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілі.
1.8 Өнім шығару, жұмыс көрсететін қызметті есептеу әдістері.
1.9 Өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен кірісті тану.
1.10 Бағалау резервтерін құру тәртібі.
1.11 Қарыз бойынша процентті есепте көрсету.
1.12 Бағамдық айырманы есептеу тәсілі.
1.13 Резерв жасау.
1.14 Дивиденд есептеу.
2 Бухгалтерлік есепті жүрізу техникасы.
2.1 Шоттардың жұмыс жоспарын жасау.
2.2 Бухгалтерлік есеп түрін таңдау.
2.3 Есеп ақпаратын өндеу технологиясы (қолмен, автоматтандырылған, компьютерлік).
2.4 Өндірістілік бақылау мен есептілікті ұйымдастыру.
2.5 Мүлік пен міндеттемелерді түгендеу жүргізудің саны мен мерзімін белгілеу.
3 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.
3.1 Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері.
3.2 Бухгалтерлік қызметтің басқа бөлімшелер мен өзара іс-қимылының тәртібі.
3.3 Бухгалтерлік ақапаратты ұйымдық құру.
3.4 Жеке есептік топтар, бөлімшелер мен қызметкерлердің құрама мен бірге бағыныштылығы.
Есеп ақпараты қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын әзірлеу.
Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйырығымен ресімделеуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz