Төлем балансы. Есептесу балансы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Төлем балансы валюталық сомалардың шетелдерден келіп түсуі мен елдің басқа елдерге белгілі бір мерзім ішінде өтеген төлемдерінің арақатынасы, екінші сөзбен айтқанда ол елдің басқа елдермен жасасқан сыртқы экономикалық байланыстарын білдіреді.

Төлем балансының белгілі бір мерзімдігі (жыл, тоқсан, ай) және белгілі бір күні (ол жазылып көрсетілмейді, бірақ күн сайын өзгеріп отыратын өзара қатынас есебінде көрсетіледі) болады.

Төлем балансы белгілі бір мерзім ішіндегі төлемдер мен келіп түскен ақшалардың арақатынасын білдіреді де елдің халықаралық экономикалық байланыстардағы өзгерістердің оның экономикасының ахуалы мен даму барысын анықтауға мүмкіндік береді.

ЭВҚ-ның методологиясы бойынша төлем балансы дегеніміз — жыл, тоқсан, ай барысында жүзеге асырылған барлық экономикалық операциялардың жүйелі тізімі, төлем мен есеп берудің аралас балансы.

Айға, тоқсанға, жылға жасалатын төлем балансы үш бөлімнен тұрады: олар — сауда балансы, қызмет көрсету мен коммерциялық емес төлемдердің балансы, капиталдың және кредит қозғалыстарының балансы.

  1. Сауда балансы тауар экспорты мен импортының арақатынасы, әрі сыртқы саудадағы нақ осы кезеңде төленбейтін бөлігі, ол экспорт пен импортқа байланысты талаптар мен міндеттемелердің арақатынасын көрсетіп, дербес сауда балансына, есеп айырысу балансына кіреді.

Егер баланс активі пассивтен артық болса, баланс активті, егер керісінше болса, баланс пассивті, яғни, мұның өзі ел тауарларды экспортқа шығарудан гөрі сырттан көп әкеледі (сауда балансының тапшылығы деген соз).

  1. Қызмет көрсету мен коммерциялық емес төлемдер балансы көлік, сақтандыру, пошта — телеграфтық және телефон байланысы, халықаралық туризм, мәдени алыс-берістер, іскерлік сапарлары, дипломатиялық және сауда өкілдіктері, техникалық көмек, шетелдердегі әскери шығындар және т.б. сияқты түрлері мен экономикалық мазмұны, түрлері және коммерциялық операциялары әрқилы төлемдер мен ақшалардың келіп түсуін қамтиды. Қызмет түрлеріне, сондай-ақ кредиттер бойынша пайыздар мен инвестициялар және т.б. бойынша үлес пайдалары да жатады.

«Бір жақты аударулар» тарауы да ерекшеленген, оған мемлекеттік және жеке аударулар кіреді. Мемлекеттік аударулар дегеніміз елдерге экономикалық тұрғыдан көрсетілетін жәрдем ақшалар, халықаралық ұйымдарға төленетін жарналар. Жеке аударулар — өз елдеріне жіберілетін шетелдік жүмысшылардың еңбекақылары.

Сауда балансы мен қызмет көрсету және коммерциялық емес төлемдер күнделікті операциялар бойынша төлем балансын құрады. Шамамен алғанда олардың 70%-ы тауарлармен сауда жасау үлесіне тиеді.

  1. Капиталдар мен кредиттер қозғалысының балансы — жеке және мемлекеттік капиталдарды әкелу мен сыртқа шығару, халықаралық кредиттер алу мен басқаларға беру.

Жеке және мемлекеттік капиталдардың қозғалысы кәсіпорындарға, фирмаларға, компанияларға тікелей шетелдік инвестициялар, құнды қағаздарға портфельдік инвестициялар ретінде жүзеге асады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіп жағынан дамыған елдерден дамушы елдерге кәсіпкерлік капиталдар жөнелту әрбір он жыл сайын екі есе өсіп, өндіріс пен саудадан озып отырды. Ол шетелдік инвесторлардың экономикаға бақылау жасап отыруымен, шетелдерде өздерінің филиалдары мен еншілік кәсіпорындарын құрумен әйгіленді.

Жәрдем ақшалар түріндегі капиталдардың халықаралық қозғалысы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді кредиттер түрінде жүргізіледі.

Қысқа мерзімді сауда-саттық капиталдардың қозғалысы «қателіктер мен өткізіп алулар» атты мақалада жекелеп көрсетілген, ол кейде аса үлкен сомаларды құрайды. «Қапыл» ақшалар соғыс қаупі төнген, ішкі саяси жағдайлардың шиеленісуі, дағдарыстар, валюталар мен құнды қағаздардың құнсыздануы және т.б. жағдайларда қозғалысқа түседі. «Қапыл» қозғалыс пен капиталдың «безінуі» неғұрлым сенімді, әрі тиімді салымдарды іздеуге байланысты болады.

Бұл мақалада сондай-ақ, есеп жүргізудегі қателіктер мен дәлдігі жоқ жайлар, баланстың басқа бөлімдерінде ескерілмей қалған операциялар көрсетілген.

Сауда-саттық капиталының қозғалысы төлем балансын шатастырып, экономикаға зиян келтіреді.

Төлем балансының ахуалына мынадай факторлар әсер етеді: мемлекеттің экономикалық және саяси тұрғыдан біркелкі дамымауы; экономиканың оқтын-оқтын тербеліске ұшырауы; шетелдерге қарыздың өсуі; экономиканы бөтендердің билеп-төстеп кетуі; капитал қозғалысы ауқымының кеңеюі; валюталық — қаржылық факторлар мен ақшаның құнсыздануы. Бір факторлар бір елдерге төлем балансының ақшасына әсерін тигізсе, кейбір елдерге зиян әкеледі.

Төлем балансының кіріс-шығыс айырмасын (сальдо) анықтағанда оның статьялары негізгі және тепе-тендік тудырушы болып бөлінеді, Негізгі статьялар — операциялардың саны — төлем балансының кіріс-шығыс айырмасына әсер ете отырып, дербестік ерекшелігі — күнделікті операциялар мен ұзақ мерзімді капитал қозғалысының барлығын білдіреді. Тепе-теңдік статьяларына дербестік ерекшелігі жоқ, немесе шектеулі ғана дербестігі бар операциялар жатқызылады. Бұл статьялар төлем балансының әдістері мен кіріс пен шығыс айырмашылығын жою көздерін сипаттайды және валюта қорларын, қысқа мерзімді активтердің өзгерістерін, шетелдік көмектердің жекелеген түрлерін, мемлекеттік сыртқы заемдарды, халықаралық валюталық — кредиттік ұйымдардың және т.б. қозғалыстарын қамтиды. Негізгі және тепе-тендік статьялардың қорытынды көрсеткіштері бірін-бірі өзара жояды.

Төлем балансының тапшылығы кезінде, яғни келіп түсуші төлем артқанда, оны жабудың мәселесі туындайды. Әдетте, мұндай жағдайда шетел кредиттері мен капитал әкелу пайдаланылады. Мұның өзі төлем балансының тепе-теңдігін сақтаудың уақытынша шарасы, себебі қарыз елдер заем мөлшерлерін пайызбен және үлес пайдасымен төлеуге міндетті.

Төлем балансының тапшылығын жоюдың көзі ретінде «айырбас» келісіміндегі қысқа мерзімді кредиттер, сондай-ақ ЭВҚ-ның өзіне мүше елдерге деген қор кредиттері мен шетелдік «көмек» бағытындағы жеңілдік кредиттері болуы мүмкін.

Төлем балансын түпкілікті тепе-тендікке келтірудің әдісі, яғни тапшылықты жоюдың жолы елдің алтын валюталық қорларын, негізінен алғанда, шетелдің еркін конвертирленетін валютасын пайдалану болып табылады.

ЭВҚ-ның мүше елдері бұл мақсат үшін СДР-ы бір елдің есеп шотынан ЭВҚ-ны басқа елдеріне аудару арқылы пайдаланады, ал ЕО елдері ЭКБ-ді пайдаланылады.

Төлем балансын тепе-тендікке келтірудің қосымша әдісі шетелдік және ұлттық құнды қағаздарды шетел валютасына сату болып табылады. Мысалы, АҚШ өзінің төлем балансындағы пассивті кіріс Пен шығыс айырмасының бірсыпырасын (сальдо) қазынаның облигацияларын басқа елдердің орталық банктеріне орналастыру арқылы жояды.

Халықаралық есеп айырысу балансының бір түрі — есеп айырысу балансы — бұл бір елдің басқа елдерге белгілі бір уақыттағы (мысалы бір жыл) бір күнге қойылған талаптары мен міндеттемелерінің арақатынасы.

Есеп айырысу балансына ендірілген қарыз талаптары аталмыш елдің қандай мөлшерде шетелдерге кредит беріп, инвестициялар жасағанын көрсетеді. Қарыз міндеттемелері аталмыш елдің алған кредиттері мен шетелдік инвестицияларының мөлшерін, немесе борышкерлердің оларды қалай жойғандығын көрсетеді. Сонымен, белгілі бір күнге арналған кіріс-шығыс айырмасы нетто — кредит алушы, немесе борышкер елдің қалпын сипаттайды.

Елдің халықаралық есеп айырысу қалпын бағалау үшін белгілі бір күнге жасалған есеп айырысу балансы маңызды, ол аталып отырған елдің барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда болып, өтеу мерзіміне қарамастан, шетелдерге деген өзара қатынасын көрсетеді.

Төлем мен есеп айырысу балансының құрылымы біркелкі. Айырмашылығы — есеп айырысу балансына елдің шетелге деген талаптары мен міндеттемелері ендіріледі, ал төлем балансына нақты келіп түскендер мен өтемдер жатқызылады. Төлем мен есеп айырысу баланстары бір күнде түйіспеуі мүмкін. Кейбір елдердің есеп айырысу балансы оң болса, ал сол кездің өзінде оң баланстың кері балансы болады. Мысалы, АҚШ әлемдегі ең көп кредит беретін ел ретінде оң есеп айырысу балансына ие болса, теріс төлем балансы жоқ.

Екі баланс та экономикалық көрсеткіштердің агрегаттық жүйесінде аса маңызды орын алады. ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) мен ұлттық табыстарды анықтау барысында халықаралық талаптардың таза сальдосы мен елдің міндеттері ескеріледі.

Нақты жүзеге асырылған төлемдерді болашақтағылардан қазіргі есепке алу жүйесі жағдайында бөліп қарастыруға болмайтындықтан, практика жүзінде есеп айырысу балансы жасалмайды. Соған қарамастан, төлем балансына қосымша ретінде халықаралық активтер мен елдің пассивтік баланстары жасалады.