Төлеген Айбергенов слайд,презентация — Әдебиет

0

Төлеген Айбергенов слайд,презентация

 

 

 

                                  
                                     Қайырлы күн, балалар,
                                          Аспанымыз ашық болсын!
                                         Дүйсенбінің бұл күні, 
                                         Сәттілікке толсын! 
                                         Бүгінгі  алар бағаңыз, 
                                         Кілең «бестік» болсын!

         -Балалар, төмендегі үзіндіні тыңдап көріңдерші…
      Қарт шекпенін шешіп, бір бұрышқа қойды. Онан соң көйлегінің  түймесін ағытып, мойнындағы бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үш бұрышты тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәуеп етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды сөкті де, төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл-осыдан қырық жыл бұрын, жат өлкеге аттанарда, туған жерден түйіп алған топырақ еді.
   Қарт ойына алған жұмысын түгел орындап, шекпенінің үстіне «уһ» деп жантая кетті. Мамық төселгендей туған  топырақ жамбасына біртүрлі жайлы тиді.
 -Үзіндіден не ұқтыңдар?
Қысқа жауап әдісі
Төлеген Айбергеновтің өлеңінде іңген өз ботасын ертіп алып қашты 
Туған жер жай бесік 
Төлеген Айбергенов 1937 жылы дүниеге келген 
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы1974 жылы қайтыс болған нан кейін берілді 
Талантты ақын – ұлттың болмысы. Оның жырлары да туған халқының өзіндік өмір нақышымен, қаны бойында ойнаған табиғи қасиетімен қосыла  өріліп жатады. Оның жырлары қай тілде сөйлесе де ұлттық бояумен үндеседі. Қазақтың талантты ақындарының жырларынан даланың кеңдігі, сәбидің  пәктігі, ұлт бойындағы даналық пен даралық есіп жататыны да сондықтан. Сондай ақынның бірі де  бірегейі де- Төлеген Айбергенов. Төлеген жырларынан лапылдаған жастықтың жалыны, мәрттіктің мәртебесі, сыршылдық сезімі сыңарласып өріледі. «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Қумдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды.       Ақынның «Ақ серке», «Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыс-тау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!