ТМД елдерінде қара металлургия мен болат рыногының даму тенденциялары туралы қазақша реферат
ТМД елдерінің қара металлургиясы дәстүрлі түрде өндірістің жоғары дәрежелі шоғырлануымен сипатталады. Осы жағдай белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріндегі өнім өндірісінің құрылымын негіздеді.
ТМД елдеріндегі қара металлургияның негізгі өнімдерінің өндіріс көлемінің сипаттамасы 3 кестеде келтірілген.
Болат өндірісі ТМД-ң 8 елінде жүзеге асуда. Бұл өндірістің даму көлемі жайында болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші бойынша сипаттама беруге болады. 1990 ж. ТМД елдері бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Оның үстіне жекелеген республикаларда бұл көрсеткіш 20 есе айырмашылықта болды. Өзбекстандағы 49 кг/ад. көрсеткішінен Украинадағы 1015 кг/ад. көрсеткішіне дейін. Адам басына шаққанда болат балқыту деңгейі бойынша 1990 ж. Украина Жапонияны да басып озған (893 кг/ад).
1998 жылға қарай ТМД елдеріндегі адам басына шаққандағы болат балқытудың орташа деңгейі 2 еседей қысқарды, соның ішінде Ресей мен Украинада 2 және 2,1 есе, ал Белоруссия мен Молдовада 1990-1998 жж. адам басына шаққандағы болат балқыту айтарлықтай өсті.
1998 жылдан кейін ТМД-ң барлық елдерінде (Азербайжан мен Грузиядан басқа) болат өндірісінің абсолютті өндірісі мен адам басына шаққандағы көрсеткіші өсті /17/.
Жалпы, 2000-2001 жж. ТМД елдеріндегі болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші 1990 жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 есе қысқарғанымен жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болды. Ресей мен Украинада орташа болат балқыту 1990 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендеді. Ал жалпы дүниежүзілік көрсеткішпен салыстырғанда Ресей мен Украина көрсеткіштері 2,7 және 4,5 есе жоғары болды.
Кесте 4
Болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші, кг/адам
Елдер |
жылдар |
||||||
1990 |
1992 |
1995 |
1996 |
1998 |
2000 |
2001 |
|
Дүние жүзі
ТМД бойынша Соның ішінде: Ресей Украина Қазақстан Беларусь Грузия Әзірбайжан Молдова Өзбекстан
|
150
547
604 1015 403 108 239 99 162 49 |
136
443
452 802 343 107 97 52 142 30 |
136
296
348 431 188 72 15 3 152 16 |
134
290
333 435 202 86 15 2 149 19 |
141
281
299 484 207 139 11 1 201 15 |
150
375
406 642 297 150 0 0 249 16 |
148
380
405 675 312 149 0 0 267 17 |
Украинада тек болаттың ғана емес, сонымен қатар қара металлургия өнімдерінің барлық маңызды түрлерінің жоғары өндіріс деңгейі байқалады.
Тауарлы темір рудасының өндірісі 1990 ж. тек үш республикада ғана жүзеге асты (кесте 1), оның ішінде Украина үлесіне өндіріс қуатының 48 %-ы, бүкіл одақтық өндірістің 44 %-ы келді.
Марганец рудаларын өндіру жөнінен өндірістік қуаттылық ТМД-да екі республикада шоғырланды — Украина (75 %) және Грузия (24 %) . Тауарлы марганец рудасының өндірісі мынадай түрде болды: Украина (83,3 %), Грузия (14,7 %), Қазақстан (2 %) /18/.
1990ж. хром рудасы ТМД бойынша 2 кәсіпорында өндірілді: Дон ТБК (Қазақстан) және Саран руда басқармасы (Ресей) – 96 және 4 % сәйкес. Ресей хромы төмен сапамен сипатталады және көбіне отқа төзімділік өндірісінде қолданылады. Қазақстан үлесіне ТМД-ның хром қорының 90 % келеді.
Кокс өндірісі 1990 ж. домналық өндірісі бар республикаларда ғана жүзеге асты. Оның ішінде Ресей мен Украинаға кокс пен шойын өндірісінің 95% келеді. Электроферроқорытпаларда 4 республикада өндірілді. Аса кең қолданылатын марганец қорытпалары жалпы өндіріс көлемінен 73.6%-Украина, 26.4%-Грузияда өндірілді. Төмен және орташа көміртекті ферромарганецтің (Fe Mn 80 %) 97 %-ы Зестафон (Грузия) ферроқорытпа зауытында өндірілді.
Ферросицилий тек Ресей, Украина , Қазақстанда ғана өндірілді. Оның аса ірі өндірушісі (жалпы өндіріс көлемінің 36 % ) Қазақстан болды (Ермак ферроқорытпа зауыты).
Тек Ресейде ғана ферротитан, силикокальций, феррованнадий, ферровольфрам, ферромолибден және өзге де ферроқорытпалары өндірілді. ТМД-ның әрбір елінде, Ресей мен Украинаны қоспағанда, болат құймаларының өндірісі жалғыз металлургиялық кәсіпорында жүзеге асады. Қазақстан (Қарағанды комбинаты) мен Грузияда (Рустав зауыты) бұл толық циклды кәсіпорындар, ал өзге елдерде – қайта өңдеу зауыттары. Соңғы жылдары Рустав зауытының домналық және мартен пештері жұмыс істемейді /19/.
Беларусь және Молдованың металлургиялық зауыттарында – 100 %, ал Өзбек металлургиялық зауытында 70 % болат, үздіксіз құйма машиналарымен жабдықталған қазіргі кезгі электроболат балқыту цехтарында балқытылады. Рустав және Әзірбайжан зауыттарында болат балқыту сыйымдылығы аз мартен пештерінде жүзеге асты. 1990 ж. болат пен прокаттың жалпы өндірісінің 92 %-ы Ресей мен Украинада өндірілді. Болат трубаларының өндірісі ТМД-ның 5 республикасында жүзеге асты, Ресей мен Украина үлесіне жалпы көлемінің 94,4 %-ы келді. Ресейдің дайын прокат пен болат трубаларын өндірудегі үлесінің қара металлургияның шикізаттық салаларына қарағанда жоғары болуына қарамастан, елде жекелеген өнім түрлерінің өндірісінің жетіспеушілігі сезілуде. Бұрын олардың өндірісі жалпы республикалық мамандауға сәйкес украиндық кәсіпорындарда жүзеге асқан. ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденцияларына төмендегілер жатады:
1.Сала кәсіпорындарының жеткіліксіз базалық техникалық деңгейі жағдайындағы елдерде өнім өндірісінің көлемінің айтарлықтай төмендеуі.
2.Өндірістік қуаттылық коэффициенттерінің айтарлықтай төмендеуі, қуаттылық артықшылығының пайда болуы.
3.Өндірістің орташа техникалық деңгейінің жоғарылауы — ТМД елдеріндегі қара металлургияның өнімдерін өндіру көлеміндегі өзгерістің басым тенденциясына 1990-2001 жж. кезіндегі төмендеуін жатқызуға болады.
Қара металлургияның тауарлы өнімінің 2001 жылғы өндіріс индекстері төменде келтірілген (1991 ж.көрсеткіштері 100 пайыз деп алынған):
Ресей – 76; Грузия – 14;
Украина – 69; Әзірбайжан – 6;
Қазақстан – 77; Молдова – 120;
Беларусь – 44; Өзбекстан – 63.
Өнімнің жекелеген түрлері бойынша 1990-2004 жж. ТМД елдерінде өндіріс көлемінің төмендеуін төмендегі мәліметтерден көруге болады:
Кесте 5
Қара металлургия өнімдерінің өндіріс көлемінің 1990-2001 жж. кезеңде төмендеуі, %
Өнім түрлері | Жалпы ТМД елдері бойынша | Соның ішінде | |
Тауарлы темір рудасы
Кокс Шойын Болат Дайын прокат Болат трубалар |
36,6
35,1 31,6 35,2 29,1 63,1 |
22,5
27,4 24,1 34,2 26,1 54,6 |
48,1
44,1 41,2 37,1 34,7 73,9 |
5-кестедегі мәліметтерге талдау жасай отырып, айта кететін жай: Ресейде прокат өндірісінің әсіресе болат трубаларының өндіріс көлемінің кемуі тауарлы темір рудасы мен шойынға қарағанда жоғары. Бұл өнеркәсіптік дамыған елдердегі көрсеткіштерге қарағанда сапа құрылымындағы өзгерістің жағымсыз жағын сипаттайды. ТМД-ның жекешелеген елдерінде өнімнің өндірісі көлемінің өзгеруі, қарқындылығы мен сипаты айтарлықтай ерекшеленеді. 1990 ж. Қазақстан, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан, Молдова және Өзбекстанның металлургиялық кәсіпорындары тиімсіз болып, өзін-өзі қаржыландыруы жүйесімен жұмыс істеуге қаржы ресурстары жеткіліксіз болады. Өндірістік құрылымы мен техникалық деңгейі бойынша қазіргі кезге аса сай Беларусь және Молдава мини зауыттары болды. Қарағанды (болаттың 75 %-ы конвертерлерде балқытылады) және Өзбек зауыттарының (болаттың 75 %-ы электропештерде балқытылды) деңгейі орташа болды. Ең нашар потенциалды жағдайға Рустав және Әзірбайжан металлургия зауыттары ие болды, оларда болат өндірісі аз көлемді мартен пештерінде жүзеге асты /20/.
Жоғарыда айтылған техникалық деңгей ара қатынасын қосымша 6-кесте арқылы көрсетуге болады.
Кесте 6
Қара металлургия өнімдерінің өзіндік құны, руб/т.
Республикалар |
Өнім түрлері |
|||
Кокс |
Шойын |
Мартендік көміртекті болат |
Конвертерлі көміртекті болат |
|
Ресей
Украина Қазақстан Грузия Әзірбайжан Өзбекстан |
44,7
60,7 39,5 65,5 — — |
76,7
84,4 82,8 105,7 — — |
92,2
95,8 89,9 125,3 105,1 102,4 |
95,0
101,2 100,9 — — — |
Өнімнің қарастырылып отырған барлық түрлері бойынша ресейлік кәсіпорындардың өзіндік құны украиндықтарға қарағанда төмен. Қазақстан (Қарағанды комбинаты) өнімінің өзіндік құны туралы да осыны айтуға болады. Өнімнің өзіндік құны бойынша Рустав зауытындағы (Грузия) кокс, шойын, мартен болатының өндірісі, Әзірбайжан және Өзбек зауыттарындағы мартен болатының өндірісі ішкі одақтық рынокта мүлдем бәсекеге төзімсіз болды.
Осылайша ТМД-ның барлық елдерін нарықтық жағдайдағы металл өнімдерін өндірудың рентабельділік деңгейіне байланысты шартты түрде үш топқа бөлуге болады (мүмкіндіктің кемуі тұрғысынан):
1. Беларусь және Молдова;
2. Ресей, Украина, Қазақстан және Өзбекстан;
3. Әзірбайжан және Грузия.
Осылайша Беларусь пен Молдова тәжірибесі өзіндік ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында қазіргі кезгі кішігірім кәсіпорындардың ішкі және дүниежүзілік рынокта бәсекеге төзімді өнім өндіруге болатынын көрсетті /20/.
Өндірістік қуаттылықты пайдалану коэффициентінің деңгейі бойынша 2001 ж. Ресей мен Қазақстан өнеркәсіптік дамыған елдер қатарында болды, ал Белорусь пен Молдава қуаттылықты пайдаланудың орташа дүниежүзілік және өнеркәсіптік дамыған елдер деңгейінен де жоғары көрсеткіштерге ие болды.
Тиімсіз өндірістік қуаттылық қатарына мартен пештерінде болат балқытатын цехтарды жатқызамыз. ТМД-да мұндай әдіспен 32 млн. тонна болат балқытылады. Жалпы болат өндірісінің көлемінде мартендік өндірістің үлесі Ресей мен Украинада 26,3 және 48,2 % құрайды (кесте 5). 2001 ж. дүние жүзінде мартен пештерінде 36 млн. тонна болат балқытылған. Яғни, Ресей мен Украина үлесіне дүниежүзілік мартендік болат балқытудың 87 % келеді.
ТМД елдеріндегі қара металдар өндірісінің техникалық деңгейі туралы болат балқыту өндірісінің құрылымдық өзгерісі мен үздіксіз болат балқыту үлесінің көрсеткіштері арқылы білуге болады.
Болат балқыту өндірісінің құрылымындағы айтарлықтай өзгерістер Ресей, Украина, Қазақстанда 1990-2001 жж. кезеңінде өтті. Бұл өзгерістер болат балқытудың жалпы құрылымында конвертілік өндіріс үлесінің ұлғайып, мартендік өндіріс үлесінің кемуімен сипатталады. Жағымсыз өзгеріс ретінде Украинадағы электрболат үлес салмағының төмендеуін айтуға болады. Болат балқыту өндірісінің құрылымындағы аса оң өзгерістер Ресейде байқалады. Егер, 1990 ж. Ресей мен Украинадағы мартендік үлес өндірісі бірдей болған болса, 2001 ж. ол Ресейде Украинаға қарағанда 1,8 есе төмен болды /21/.
Кесте 7
ТМД елдеріндегі болат балқыту өндірісінің құрылымы, %.
Елдер мен процестер |
Жылдар |
||||
1990 |
1992 |
1996 |
2000 |
2001 |
|
Жалпы ТМД
соның ішінде: конвертерлік мартендік электроболат |
100.0 35.3 51.6 13.1 |
100.0 37.1 49.3 13.6 |
100.0 49.4 38.4 12.2 |
100.0 54.8 32.6 12.6 |
100.0 55.7 31.7 12.6 |
Ресей
соның ішінде: конвертерлік мартендік электроболат |
100.0 31.7 53.3 15.0 |
100.0 34.5 50.0 15.5 |
100.0 51.5 35.9 12.6 |
100.0 58.0 27.3 14.7 |
100.0 58.7 26.3 15.0 |
Украина
соның ішінде: конвертерлік мартендік электроболат |
100.0 40.5 52.9 6.6 |
100.0 39.8 52.6 7.6 |
100.0 45.1 49.5 5.4 |
100.0 46.9 50.0 3.1 |
100.0 49.0 48.2 2.8 |
Қазақтан соның ішінде: конвертерлік мартендік электроболат |
100.0 70.1 22.4 7.5 |
100.0 70.5 24.7 4.8 |
100.0 78.8 18.7 2.5 |
100.0 98.0 — 2.0 |
100.0 98.0 — 2.0 |
Беларусь
электроболат |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
Грузия
соның ішінде: мартендік электроболат |
100.0 99.6 0.4 |
100.0 99.6 0.4 |
100.0 99.4 0.6 |
— — — |
— — — |
Әзірбайжан соның ішінде: мартендік электроболат |
100.0 94.6 5.4 |
100.0 100.0 — |
100.0 94.4 5.6 |
— — — |
— — — |
Молдова
Электроболат |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
100.0 |
Өзбекстан соның ішінде: мартендік электроболат |
100.0 31.5 68.5 |
100.0 30.2 69.8 |
100.0 29.1 70.9 |
100.0 28.0 72.0 |
100.0 28.0 72.0 |
ТМД-ның өзге елдерінде болат балқыту өндірісінің құрылымы аса өзгерген жоқ. Жалпы ТМД бойынша болат балқыту өндірісінің құрылымы айтарлықтай жақсарғанымен, метал өндіруші ірі елдер арасында ең жоғары дәрежеде емес (Қытай мен Үндістанда конвертерлі және электроболат балқыту процестерінің қосынды үлесі 2001 ж. 81,9 және 92,7 % сәйкес болған).
ТМД елдерінде, ең алдымен, Ресей мен Украинада үздіксіз болат құю үлесі өсуде. Жалпы ТМД елдері бойынша үздіксіз болат құюдың үлес салмағы ірі метал өнімдерін өндірушілер арасында ең төмен болып отыр (Қытай мен Үндістанда үздіксіз болат балқыту үлесі 2001 ж. 87,3 және 63,3 % сәйкес болса, дүниежүзінде орташа 86,6% болды).
1990 ж. бұрынғы КСРО үлесіне әлемдік дайын болат өнімдерін тұтынудың 18 % келген. Дайын болат өнімдерін тұтынудың адам басына шаққандағы көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО (404 кг/ад) Жапониядан артта қалып (752 кг/ад), АҚШ-ң (351 кг/ад), ЕО-ң (333кг/ад) және орташа әлемдік деңгейдің (126 кг/ад) алдында болған. КСРО-ның ыдырауы мен нарықтық реформалардың басталуынан кейін дайын болат өнімдерін тұтынудың абсолютті және үлестік көрсеткіштері ТМД елдерінде тез төмендей бастады.
1996 ж. бастап ТМД елдерінде өнімді өндірудің орташа үлестік көрсеткіштері орташа әлемдік деңгейден төмен түсті.
1999 жылдан бастап Ресейде металл өнімдерін тұтынудың көрсеткіштері ұлғая бастады – соңғы 3 жылда шамамен 67 %-ға өсті.
1990 ж. Ресей дайын прокаттың нетто-импортеры болған. КСРО-ның ыдырап, нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін Ресей дайын болаттың нетто-экспортерына айналды. 1990 жылға дейін экспорттың жыл сайынғы көлемдері ұлғая берді. Осылайша 1990-2001 жж. кезеңінде дайын прокат өндірудің 1,35 есе төмендеп, нетто-экспорттың 25,8 млн. тоннаға ұлғаюы жағдайында тұтыну көлемі 65,6-дан 23,2 млн. тоннаға, яғни 2,8 есе төмендеді /20/.
Прокат тұтынудың көлемі ТМД-ның барлық елдерінде төмендеді. Украинада 1990-2001 жж. ол Ресейден де көп қысқаруға ұшырады, ал жалпы бұрынғы КСРО елдерінде орташа 4 есе. Украина дайын прокаттың өзге республикаларға дәстүрлі сатушысы болып табылады. 1990 ж. украиндық нетто-экспорттың көлемі 12,5 млн. т. жетті. КСРО-ның ыдырауы, бұрынғы шаруашылық байланыстардың жойылуы мен ТМД-ның барлық елдерінде металл өнімдерін ішкі тұтынудың күрт төмендеуінен кейін Украинадан нетто-экспорт көлемі төмендей бастады. Бұл процесс 1995 жылға дейін дамыды. Ары қарай металл өнімдерін ТМД-дан тыс шығару көлемінің ұлғаюы арқасында нетто-экспорт күрт жоғарылады – 1995-2001 жж. кезеңінде шамамен 2,3 есе.
ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан басқа дайын прокаттың айқын нетто-экспортерларына Қазақстан мен Молдаваны жатқызуға болады. Бұл елдерде экспортталатын прокат үлесі оның өндірісінің 80 және 95 %-н құрайды. ТМД елдерінен алыс шетелге жөнелтілетін прокат экспортының 50 %-ы Ресей үлесіне келеді.
Беларусьте 1999-2000 жж. жыл сайынғы прокат экспорты импорт көлемінен шамамен 1,5 есе жоғары болды. Сондықтан бұл ел де металл өнімдерінің нетто-экспортеры болып табылады. ТМД-ның өзге елдері металл өнімдерін импорттайды.
Ресей болат трубаларының дәстүрлі нетто-экспортеры болған. 1998 жылға дейін трубалардың тұтынуы, өндірісі, экспорты және импорты төмендеді. 1999 ж. бастап бұл көрсеткіштердің барлығы ұлғая бастады. Алайда трубаларды тұтынудың 1,7 есе өсуі жағдайына олардың өндірісі 1,9 есе өсті. Нәтижесінде 2001 ж. трубалардың экспорты мен импорты іс жүзінде теңесті – 927 және 947 мың тонна. Жалпы 1990-2001 жж. кезеңінде болат трубаларын тұтыну 2 еседен артық кеміді /22/.
Ресейге трубалардың басты бөлігі Украинадан импортталады. 2001 ж. Украинаның жалпы импорттағы үлесі 68 % құрады.
1990-1995 жж. ТМД, жалпы алғанда, болат трубаларының нетто-импортеры болды. Алайда импорт көлемі аса үлкен болмады және болат тұтынудың шамамен 10 %-н құрады. 1996-1997 жж. алыс шетел мемлекеттерімен болған экспорт және импорт көлемі теңесті. Жалпы алғанда болат трубаларын тұтыну мен өндіру көлемі 1990-2001 жж. шамамен 3,3 және 2,7 есе төмендеді /21/.
Трубалардың нетто-импортерлары қатарына Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан мен Молдова жатады. Бұл елдерде тұтынылатын трубалардың барлығы импортталады. 1995 жылдан бастап нетто-импортерлар қатарына Әзірбайжан қосылды, себебі бұл елдегі труба өндірісі аса төмендеп кетті.
ТМД елдері арасында трубалардың нетто-импортеры Украина болып табылады, экспортқа өндірілетін трубалардың 75 %-ы кетеді, оның 45 %-ы Ресейге. Болат өнімдерін (дайын прокат және болат құбырлар) тұтынудың төмендеуі 1990-2001 жж. аралығында шикізаттың барлық түрлерін материал, жартылай факрикаттарды тұтынудың төмендеуімен қатар жүрді. Ресейдегі шойын өндірісі мен тұтынудың балансы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 8
Ресейдегі шойын өндірісі,экспорт, импорт және тұтыну, млн. т.
1990 |
1994 |
1995 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
|
Өндіріс
Экспорт Импорт Тұтыну |
59,3 2,8 1,3 57,8 |
36,5 3,3 0,2 33,4 |
39,8 2,9 0,2 37,1 |
34,7 2,5 0,02 32,2 |
40,8 2,8 0,004 38,0 |
44,6 3,6 0,002 41,0 |
45,0 3,6 — 41,3 |
Ресей шойынның нетто-экспортеры болып табылады. 1998 ж. кейінгі кезеңде шойын экспортының абсолютті және салыстырмалы көлемдері ұлғайды. Бүкіл кезең бойында ТМД шойынның нетто-экспортеры болды. 2001 ж. Ресей мен Украина шамамен 6 млн. т. шойын экспорттады (түгелімен дерлік алыс шет ел мемлекеттеріне). Бұл бүкіл өндіріс көлемінің 8,5 %-н құрады.
1990 ж. Украина ТМД елдері арасында шойынның ең ірі нетто-экспортеры болды. Бұл елде экспортталатын шойын үлесі өндірістің 19 %-н құрады. Алайда 2001 ж. қарай экспортталатын шойын үлесі 7 %-ке дейін төмендеді. Сондықтан шойын тұтынудың төмендеу қарқындылығы Украинада өндіріс көлемінің төмендеуіне қарағанда төмен.
Ресейде жағдай Украинадан өзгеше. Егер 1990 ж. шойынның нетто-экспорты тек 1,5 млн. т. құраса, 2001 ж. ол 3,6 млн. т. дейін ұлғайды, ал экспортталатын шойын үлесі өндіріс көлемінде 4,7-ден 8,0 %-ға өсті. Осыған байланысты Ресейдегі шойынды өндіру мен тұтыну көлемі қарастырылып отырған кезеңде 1,3 және 1,4 есе төмендеді.
ТМД-ның домналық өндіріс жоқ елдерінің барлығы шойынның нетто-импортеры болып табылады. Алайда импорт пен шойын тұтынудың көлемдері бұл елдерде аса аз. Ресейдегі электроферроқорытпа өндірісі мен тұтыну балансы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 9
Ресейдегі электроқорытпа өндірісі, экспорт, импорт және тұтынылуы, мың т.
Көрсеткіштер |
Ж ы л д а р |
||||||
1990 |
1994 |
1995 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
|
Өндіріс
Экспорт Импорт Тұтыну |
1588 — — — |
765 548 608 825 |
876 494 608 990 |
699 335 294 658 |
868 402 244 710 |
966 398 390 958 |
942 372 372 942 |
Ресей 1990-1997 жж. кезеңі бойында электроферроқорытпалардың аса ірі нетто-импортеры болды. Бірақ тұтынудың төмендеу барысында импорт көлемі жүйелі түрде қысқара отырып, 1998 ж. Ресей нетто-экспортерлар қатарына қосылды. 2000-2001 жж. ферроқорытпалардың экспорты мен импорты іс жүзінде теңесті. 2001 ж. Ресей, негізінен, ферросицилий (экспорттың 57,2 %-ы) мен феррохром (32,2 %-ы), сонымен бірге ферротитан, ферросиликотитан және феррованадий (5,3 %-ы) экспорттады. Ал сол жылы Ресей негізінен ферросиликомарганец (импорттың 50,7 %-ы) және ферромарганец (37,3 %-ы) импорттады /23/.
1990-2001 жж. кезеңінде электроферроқорытпалардың аса ірі нетто-экспортеры Украина болды. 2001 ж. қарай экспортталушы электроферроқорытпа үлесі бүкіл өндіріс көлемінің шамамен 70 %-н құрады. Сонымен қатар ферроқорытпалардың нетто-экспортерларына Қазақстан мен Грузия жатады. Электроферроқорытпалардың импортерларына Беларусь, Әзірбайжан, Молдава, Өзбекстан жатады. Бүкіл кезең бойында ТМД жалпы электроферроқорытпалардың нетто-экспортеры болды. Ресейдегі кокс өндірісі мен тұтыну балансы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 10
Ресейдегі кокс өндірісі, экспорт, импорт және тұтыну, млн. т.
Көрсеткіштер |
|||||||
1990 |
1994 |
1995 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
|
Өндіріс
Экспорт Импорт Тұтыну |
39,2
— — — |
25,4
1,4 0,2 24,2 |
27,7
1,2 0,3 26,8 |
23,6
1,3 0,1 22,4 |
28,1
2,3 0,1 25,9 |
30,0
1,5 0,2 28,7 |
29,9
2,1 0,1 27,9 |
Ресей де, Украина да кокстың нетто-экспортеры болып табылады. 2001 ж. Ресей өндірілген кокстың 70 %-н экспорттады. ТМД-нан алыс шетелге экспортталатын кокстың жалпы көлемінің 70 %-ы Ресей үлесіне тиеді. Ресейдің 1990-2001 жж. кезеңінде кокс тұтынуы шамамен 1,3 есе төмендеді.
Кокстың нетто-импортеры Қазақстан болып табылады, мұнда кокс импортының көлемі оның тұтыну көлемінің 20 %-н құрайды. Қазақстанға кокс негізінен Ресейден импортталады.
Ресейдегі темір рудасының өндіріс пен тұтыну балансы төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 11
Ресейдегі тауарлық темір рудасының өндірісі, экспорты, импорты және тұтынылуы, млн.т.
Көрсеткіштер |
|||||||
1990 |
1994 |
1995 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
|
Өндіріс
Экспорт Импорт Тұтыну |
106,8
— — — |
73,3
10,9 5,7 68,1 |
78,3
13,9 10,7 75,1 |
72,3
13,8 6,6 65,1 |
82,3
10,8 3,3 74,8 |
86,8
19,2 9,2 76,8 |
82,8
14,0 8,8 77,6 |
Қарастырылып отырған кезеңде Ресей — темір рудасының нетто-экспортеры болды. Сонымен бірге ТМД елдерінен темір рудасының импорт көлемі зор. Алыс шетел мемлекеттерінен импорт іс жүзінде болған жоқ. ТМД-ның қазіргі кезде тауарлы темір рудасын өндіретін елдерінің барлығы нетто-экспортерлар болып табылады. Олардың ішінде ең ірілері Украина мен Ресей. Украинада экспортталатын руда үлесі өндіріс көлемінің 30 %-н алады /24/.
ТМД елдері арасында қара металлургия өнімдерінің саудасы саласында дәстүрлі тығыз байланыс болған. Бірақ уақыт өте келе алыс шетелге экспортталатын қара металлургия өнімдерінің үлесі айтарлықтай өсті. Әсіресе бұл кокс, прокат және болат трубаларына қатысты.
Қарастырылып отырған кезеңде ТМД елдеріне ресейлік экспорт 4,6 есе кеміп, алыс шетелге экспорт 6 еседен астам өсті. Украинада да осындай жағдайды көруге болады – ТМД елдеріне экспорт 7 есе кеміп, алыс шетелге сондай деңгейде өсті.
ТМД шегінде тауарлы темір рудасы Ресейден тек Украинаға экспортталады. Бұл елде темір рудасының Ресейден келіп түсуі тұтынудың 20 %-н құрайды. Кокс Ресейден негізінен Қазақстанға экспортталады (бүкіл экспорттың 56 %-ы) . Ресейдің шойыны ТМД-ның барлық елдеріне дерлік экспортталады. Шойынның басты импортерлары – Беларусь және Украина — олардың үлесіне жалпы шойын экспортының 90 %-ы келеді. Прокаттың аса ірі импортерлары Беларусь, Қазақстан, Украина болып табылады. Беларуське экспорт 2001 ж. 65 %-і беттік прокаттан тұрған. Қазақстан мен Украинаға экспорттың 80-85 %-ы сұрыптық прокаттан тұрады. ТМД-ның өзге елдеріне де, Молдовадан басқа, сұрыптық прокат экспортталыды. 1999-2001 жж. прокат экспорты ТМД елдеріне 2,2 есе ұлғайды /22/.
Жалпы атап өтуге болатын нәрсе – ресейлік металлургиялық компаниялар үшін ТМД елдерінің рыноктары аса зор маңызға ие.
Ресейден трубаның ірі импортерлары Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Түркіменстан. Ал жалпы Ресейдің қара металлургия өнімдерінің ірі импортерларына Украина, Қазақстан, Беларусь және Өзбекстан жатады.
2001 ж. темір рудасы, кокс, шойын, лом, ферроқорытпа және прокатты Ресей түгелдей дерлік ТМД елдерінен импортталған (90% астам). ТМД елдерінен импорттың ең төмен үлесі болат трубаларында тіркелді (70 %).
Кокс бойынша 1999 ж. дейін ТМД елдерінен импорт үлесінің төмендеуі байқалды. 2000-2001 жж. ТМД елдерінің үлесі күрт өсті.
Темір рудасы Ресейге негізінен Қазақстаннан импортталады. Осылайша, 1995-1998 жж. ТМД-нан импортталатын кокс, шойын, ферроқорытпа, болат құйма, сұрыптық және беттік прокаттың 75-100 %-ы Украинадан әкелінетін. Ресейдің ТМД елдерімен болған қара металлургия өнімдерінің саудасындағы теріс сальдо ферроқорытпа, болат құбырлары мен дайын прокат, темір рудасының импорт көлемінің экспорт көлемінен жүйелі түрде асып отыруынан болды.
ТМД елдерінен болған саудадағы оң сальдо тек кокс, металлолом, ал 1999-2001 жж. шойын бойынша болды. 2001 ж. қарастырылып отырған кезеңде алғаш рет дайын прокат бойынша оң сальдо тіркелген /кесте 12/.
Кесте 12
Ресейдің ТМД елдерімен қара металлургия өнімдері саудасының көлеміндегі қатынасы, млн. долл.
Көрсеткіштер |
Ж ы л д а р | |||||
1994 |
1995 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
|
Барлығы
Соның ішінде: Темір рудасы Кокс Шойын Ферроқорытпа Металлолом Болат құймалары Дайын прокат Болат құбырлар |
-368,3
-141,9 +56,1 -3,8 -199,4 +20,9 -4,1 -20,5 -70,1 |
-1103,6
-273,1 +39,5 -16,8 -246,6 -23,7 +1,0 -311,3 -257,3 |
-424,9
-126,4 +39,9 -0,5 -125,9 +73,0 +3,3 -26,1 -317,9 |
-272,5
-126,4 +35,9 +2,1 -102,3 +47,9 -2,1 -34,6 -95,2 |
-441,3
-101,7 +34,0 -3,3 -151,4 +76,3 -1,2 -110,3 -128,1 |
-168,5
-155,0 +67,8 +27,7 -122,6 +43,4 -1,5 +1,4 -22,0 |
.
Тағы рефераттар