Тізбектелген сабақтар топтамасына «сыни тұрғысынан ойлау» модулі қалай және неге енгізілген туралы реффлексивтік есеп

0









Тізбектелген сабақтар топтамасына «сыни тұрғысынан ойлау» модулі қалай және неге енгізілген туралы реффлексивтік есеп

Автор: Байбосынов Кажымухан Абдихалыкович

Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-02


Материал туралы қысқаша түсінік

материал мектепте «тәжірибедегі рефлексия» сабағына керек болар деп ойлаймын




Тізбектелген сабақтар топтамасына «сыни тұрғысынан ойлау» модулі қалай және неге енгізілген туралы реффлексивтік есеп

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық -13бет ) Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (МАН -49 бет) Мен осы бағытты басшылыққа ала отырып, мектептегі тәжірибе кезінде 8 «б» сыныпқа математика пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «ЖИГСО» әдісін, «ББҮ» стратегиясын, «Сұрақ жауап » әдісі, «Стикердегі диалог» әдісі, «Ақылдың алты қалпағы», «Аквариумдағы балық» , «Қар кесегі», «Тыңдап отырған үштік» әдістерін қолдандым және жеке, топтық жұмыстары жүргізілді. Сабақтарымды меңгертуде тек пәндік білім беріп қоймай, оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше болды.«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда қолдануда мен өз алдыма қандай мақсаттар тағайындадым? Балалардың осы кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз ойларын ашық айта алмау, әрдайым сыни тұрғыдан ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты келеңсіздіктерді жоюға тырыстым. Оқушының алдына ұсынылған әрбір мәселеге, бергі сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бейімдеу. Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз етуге тырысу. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымда «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбыма байланысты «Квадрат», «Түбір», «Үшмүше» атты үш топқа бөлініп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы жаңа сабақ меңгерілді. Оқушылар бұл тапсырманы қызыға орындады. «Стикердегі диалог» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көрдім. Ыстық орындыққа Қ оқушы отырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға өз ойын нақты дәлел келтіре отырып айтты. Осы кезде оқушының сыни ойлау қабілетінің жоғары екені байқалды. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін -бірі «Бағдаршам» арқылы, үш шапалақ, смайликтер арқылы бағалап отырды. «Түртіп алу» әдісі арқылы тақтадағы есептерді дәптерлеріне түртіп алып отырды.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы екінші сабағым «Квадраттық функция. y=ax2+n және y=a(x-m)2 түріндегі функциялар» тақырыбында болды. Бұл сабағымның мақсаты: «квадраттық функция ұғымымен, оның дербес түрлерімен, белгілі графиктердің көмегімен квадраттық функцияның графигін салу». Осы мақсатымды жүзеге асыру барысында тақырыпқа сай есептер беріліп, ол есептер «Аквариумдағы балық» әдісі арқылы шығарылды.Есепті біреулері тез шығарса, ал біреулері жай шығарады. Тез шығаратын оқушылар жай шығаратын оқушыларға үйретіп, түсіндіріп, өздерімен бірге топты қорғады. Есепті жай шығаратын балаларға көңіл бөлдім, өз ойларын ортаға салуды ұйымдастырдым. Бұл әдістің маңызы бала негізгі топқа келгенде айтамын деген оймен түсініп, шығарып келген есепті егжей-тегжейіне дейін зерттеп, бірінің айтқанын тыңдап есепті шығаруға талпынады. Бос уақытта өз беттерінше есеп шығарып, талдап отырды. Сыныптағы үздіктер шығып есеп шығарып жатқанда,үнсіз оқушыларым да бір –бірінен қалмай есеп шығарды.Алдын-ала ескерте отырып, келесі сабақтарда есептің көлемін өзгертіп отырдым, яғни бүгін жеңіл есеп шығарғандарға келесі сабақта деңгейлік есептерді ұсындым. Топта есеп шығару кезінде шу болды, бұл шуды мен есеп шығару кезіндегі шу деп қабылдадым. Келесі сабақтарда топқа бөліну кезінде түсініспеушілік болған жоқ. Оқушылар өздеріне белгіленген жауапкершілікті сезініп, аса қызығушылықпен есеп шығарды.Осылайша топ мүшелері бірін-бірі есеп шығаруға, сол арқылы сыни ойлауға үйренді. Есеп шығарып болған соң, әр топ өздеріне берілген есептің жауабын постер арқылы қорғады. Постер жасау барысында бірінші топ басқа топтарға қарағанда логикалық ойлау қабілеттерін жоғарғы деңгейде екендігін байқатты. Постерді қорғау аясында С атты оқушым ашылып, белсенділік танытты. Г. деген оқушының оқу үлгерімі нашар болғанымен де постер жасаған сәтте графикті жақсы сала білетіндігінің арқасында сыныптастарының арасында беделге ие болып, өзін бұрындары елемей келген балалардан кем еместігін ұғынып, өзін бұдан былай, еркін ұстай білуге талпынғандай әсер қалдырды. Сабақта сыни тұрғысынан ойлауды үйрету модулін кеңінен қолдану арқылы оқушыларды топта бірлесе жұмыс жасау және өз құрдастарының пікірімен санасуға, тапсырмаларды түрлендіруге мүмкіншілік туғыза алдым деп ойлаймын. Бағалау одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [ МАН 56 б], осы терминге сүйене отырып, бағалау парағын қолдану арқылы бағалау критерийлерін де енгізген едім. Мен осы бірінші сабағымда формативті және суммативті бағалауды қолдандым. Бағалау критерийлері арқылы оқушылар бірін –бірі бағалай отырып формативті баға қойды. Баға оқушының тапсырманы қаншалықты толық, нақты жауап беруіне қарап қойылды. Себебін өздері түсіндіріп, бір- бірін әділ бағалау дағдысы қалыптасып отырды. Оқушылардың жиынтық бағасы шығарылды . Кері байланыс маған оқушылардың өтілген сабақ бойынша ой пікірлерін білу және алдағы уақытта нені күтетіндерін біле отырып келесі жұмысты бастауға септігін тигізді. Мен үшін бұл өте маңызды болып саналды себебі, оқушылардың түйгендерімен санасып, оны жүзеге асыруым қажет болды. Сондықтан оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін анықтайтын «Блоб ағаш» әдісі арқылы сабағымды қорытындыладым.Үшінші сабағымның «y=ax2+bx+c квадраттық функциясы, оның қасиеттері және графигі» тақырыбында жүргіздім. Бұл сабақта үй тапсырмасы «Кім жылдам» әдісі арқылы тексерілді. Бұл әдіс оқушылар үшін өте қызықты өтті. Жоспарлаған жаңа сабағымды «Еркін әңгіме» әдісі арқылы орындалды. Бұл сабақты оқушылар квадраттық функция графигінің жалпы түрін, квадраттық функцияның графигін салу алгоритмін, квадраттық функцияның графигін салуды меңгерді. Оқушылар топтық жұмысқа қызыға белсене қатысты. Оқушылардың өзара пікірлерімен бөлісу, әңгімелесу, баяндау, өз ойларын постер жасау арқылы түсіндіріп беру, сұрақ-жауап кезеңдерінде жақсы байқалды. Нашар оқитын оқушым да өз ойын ортаға салып, қолынан келгенше тырысып бақты. Г. деген оқушының бойынан бір өзгерісті байқадым. Бұл оқушы бұрын тыс қалып қойса, топтық жұмыстар кезінде ашылып, есептерге шама-шарқына қарай жауап беріп отырды. Осыны ескере келе, келесі жолы тапсырмаларды түрлендіріп беру арқылы қызығушылығын оятуды мақсат еттім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы есептер шығарылды. Осында Д деген оқушым барлығынан баса озып, өзінің шапшаңдығын көрсетті. Сабақты қорытындылау мақсатында «Семантикалық карта» әдісі қолданылды. Оқушылар тақырып бойынша калай түсінгендері туралы толтырды. Сабақтан алған әсерлерін анықтау максатында «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдандым. Бағалау кезеңі оқушылардың сыни ойлау қабілеттеріне де әсер етті. Әр тапсырма сайын оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы, «Смайликтер», «бағалау критерийі», «Үш шапалақ», «Бағалау парақтары» арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамып отырды.Қазіргі таңда оқушыларды дәстүрлі сабақтар жалықтырары сөзсіз, сабақ жүргізу әрекетінде мұғалімнен мұқият дайындықты, жауапкершілікті, жоспарлы жұмысты талап етеді. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тапсырманы түрлендіре отырып, балалардың бойындағы қабілетті басты назарда ұстауы қажет. Тапсырмалар ойлануға, талдап жинақтауға, жаттығулар барысында қолдана білуге құрылады. Түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады. Қазіргі кезде орта білім беру саласы мұғалімдерінің назары оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз бетімен білім алуы және мұғалім мен оқушы жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады. Қоғамда «сын тұрғысынан ойлау» терминінің көп анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сын тұрғысынан ойлау ғылым не теория болып табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға беру қабілеті. Сын тұрғысынан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен, ол әр уақытта әр қилы аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сын тұрғысынан ойлау идеясын меңзеген ( nis.edu.kz) сайты.Алдағы уақытта осы жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді түрлендіріп, болашақта барлық сыныптарымда, барлық сабақтарымда түрлендіріп отырамын. Мен жаңа замандағы мұғалім ретінде Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағының білімді де білікті , саналы сыни тұрғыдан ойлай алатын мәдениетті азаматтармен азаматшаларды тәрбиелеп шығаруға өз үлесімді қоссам деймін.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.