Тіс қатарының жартылай кетіктерін ЖАПП, доғалы протездермен емдеу көрсеткіштері слайд,презентация

0

Тіс қатарының жартылай кетіктерін ЖАПП, доғалы протездермен емдеу көрсеткіштері слайд,презентация

 

 

Қалып алу ерекшелігі:Қалып алу кезінде стандартты қасықтар мен қалыптық материалдарды дұрыс таңдау маңызды. Қасықтың өлшемін және қалыптық массаны дұрыс таңдамау келесідей қателіктерге алып келуі мүмкін:ауыз кіреберісінің шырышты қабатының созылуына,ол болашақ протездің вестибулярлы шекараларын қысқа болуына,протез фиксациясының бұзылуына алып келеді;қою қалыптық массаны қолдану протез орны шырышты қабаттарының компрессиясына алып келеді. Толық анатомиялық қалыптар екі жақтан да алынады. Бұл мақсатта эластикалық( альгинатты және силиконды) қалыптық массалар қолданылады. Алынған қалыпта протез орнының рельефінің түсуіне назар аудару қажет.  Қалыпта ешқандай көпіршіктер, сызықтар,тесіктер болмау қажет, айқын контур түсу қажет.Қалып  стандартты қасық көмегімен алынады. Науқастан қосқабатты қалып алынады,оның бірнеше артықшылықтары бар:жоғары дәлділік,ұзақ уақытқа дейін сақталады, деформацияға ұшырамайды. Ал антагонист тістерінен альгинатты массадан толық анатомиялық қалып алынады.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!