Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
Автор: Романова Мөлдір Қасқырбайқызы
Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-03
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Күні: | Пәні: Биология | 9-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері | |
Сабақтың мақсаты: | Тіршілік үшін күрес түрлерінің ерекшеліктерін түсіне отырып, қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қатынасқа сипаттама береді. | |
Күтілетін нәтиже : | Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі туралы түсініктері қалыптасады. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруге толық мүмкіндік алады. Оқушылардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі. | |
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: | тарих, география | |
Сабақ барысы | ||
уақыт | Ұйымдастыру кезеңі • Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау • Оқушылардың көңілін сабаққа аударып,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. 1 топ «Эволюция іліміне үлес қосқан ғалымдар» 2 топ «Ғалымдардың еңбектері»3 топ «Эволюциялық терминдер» Психологиялық дайындық• Әрбір адам? /туысым,досым, жұрағат/• Әрбір сабақ? /үйрену,ұғу, ұлағат/• Әрбір ісің? /тірлік,тірек, адамдық/• Әрбір сөзің? /шындық,бірлік, адалдық/ | |
5-минут | ||
10-минут | Білу теориясы«Миға шабуыл»1. Тірі табиғаттың пайда болуы және дамуы туралы ертедегі ойшылдар қандай көзқараста болды?2. Киттер мен құмырсқажегіштердің тістерінің болмауын, жирафтардың иойнының ұзын болуын Ламарк қалай түсіндірді?3. Қолдан сұрыптау дегеніміз не? Оның қандай формалары бар?4. Эволюцияның қандай қозғаушы күштері бар?5.Дарвин Жер шарына саяхат жасаған кезінде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?6. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?7. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті Дарвин қалай түсіндірді?8. Сұрыпталу дегеніміз не?«Сен білесің бе?»3000 тұқым- Көкнар өсімдігінің бір қауашағының ішінде 3000 — ға дейін немесе одан да көп тұқымдар жетіледі. Бір түп көкнарда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырысады, сондықтан қарқынды түрде көбейе бастайдыМутация- кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгерістерҚосарлы атау тізімді енгізген ғалым-Карл ЛиннейЭволюциялық табыстың екі ұғымы – биологиялық алға басу, биологиялық кері кету Ч. Дарвин- эволюция іліміне үлес қосқан ғалым1831-1836- Дарвин «Бигл» кемесімен саяхатқа шыққан кездеріЭволюция-органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи дамуы процесі. | |
20 минут | Жаңа сабақ“Түсіну” “Салыстыру” Қолдан сұрыптау. Табиғи сұрыпталу “Қолдану” “Тірек мәтін” техникасы бойынша мәтінді оқып , не білгендігі туралы пікір алмасып, сұрақтар дайындау тапсырылады.«Жұмыс қабырғасы» сұрақтарға жауап береді топ мүшелері.“Талдау” 1-топ-Түраралық күрес2-топ-Түрішілік күрес 3- топ- Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес«Жинақтау»«Бірге ойлаймыз» /суретпен жұмыс/Проблемалық сұрақ Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді жыл сайынәрбіреуі 3-6 млн уылдырық шашады немесе үйшыбыны 5 күнде 20 мың жұмыртқа салады.Осындай қарқынды дамумен көбеймеу себебі неліктен?Жауабы:Мұндай қарқынды даму, тек қолайлыжағдай болғанда ғана өніп — өсіп, тіршілігін сақтап қалады. Түрлер неғұрлым көп қырылса,соғұрлым қарқынды дамиды. Бұл табиғи сұрыпталу нәтижесі.ҚорытындыМен көрдім ұзын қайың құлағанынБас ұрып қара жерге сұлағанын Жапырағы сарғайып, өлімсіреп Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік, Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп,Қалжырап, қансыраған, қабақ түскенКімге батар ол байғұс тартқа күйік?Мен көрдім сынық қанат көбелекті О да білер өмірді іздемекті, Күн шуаққа жылынар қалт – құлт етіп,Одан ғибрат алар жан бір бөлекті. В.А.Крылов Абай аудармасы | |
Рефлексия3 минут | ||
Үйге тапсырма:2 минут | Үйге тарсырма: § 40 Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері 186-189 бет А,В,С тапсырмалары.Іздену жұмысы: “Тіршілік үшін күреске тікелей адамның әсері” эссе жазу |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.