Тіндердегі патологиялық процестер | туралы қазақша

0

Тіндердегі патологиялық процестер гипобиотикалық және гипербиотикалық болып жіктеледі. Гипобиотикалық процестер деп жасуша мен тіндердің жеткіліксіз өсіп-көбеюін айтады. Бұған жататындар: атрофия, дистрофия, некроз және гангрена.

Атрофия деп жасушаның жеткіліксіз қоректенуі немесе зат алмасуының бұзылуы салдарынан оның көлемінің кішіреюін айтамыз. Пайда болуына қарай атрофия физиологиялық және патологиялық болып жіктеледі.

Физиологиялық атрофия — организмнің қалыпты тіршілік ету байқалатын процесс, мысалы, жануардың буаздығынан кейінгі жатырдың қалпына келуі, жемсау безіндегі кері даму.

Патологиялық атрофия – әр түрлі ауру тудыратын факторлар әсерiнен пайда болады, мысалы, ағзаның функциясы төмендегенде, ағза немесе тін қысылғанда, нерв зақымданғанда, эндокринді жүйенің функциясы бұзылғанда.

Дистрофия (грекше: Duse — бұзылу, trohhe — қоректену) —зат алмасудың бұзылуы салдарынан жасуша мен тіндер құрылымының, сонымен қатар олардың физикалық, химиялық қасиеттерінің және қызметінің өзгеруі. Дистрофиялар бірнеше түрге ақуыздық, май, көмірсулық, минералдық, т.б.

Дистрофия кезінде жасуша цитоплазмасында, ядросында және жасуша аралық затта саны мен сапасы жағынан өзгерген зат алмасу өнімдері жиналып, құрылымдық өзгерістер тудырады.

Кахексия (грекше кachexia — жүдеу) күрт әлсіздікпен, ағза мен жүйелердің қызметінің бұзылуымен және организм тіршілігінің төмендеуімен сипатталады. Кахексия ұзаққа созылған ауру кезінде, әcipece созылмалы індеттерде, инвазияларда, улануда байқалады (туберкулез, маңқа, паратуберкулез, iciктep, пироплазмоз).

Некроз (грекше necros — шipy, өліеттену) жасушалардың, тіндердің, ағзаның тұтастай немесе жартылай өліеттенуі. Тіндер некрозы механикалық, физикалық химиялық жолдармен және індетті агенттердің ықпалынан пайда болады. Некроздың eкi түрi бар: құрғақ және ылғалды. Құрғақ некрозға туберкулезге, маңқаға тән сүзбе тәрізді некроз, анемиялық инфаркт, т.б. жатады.

Ылғалды некрозға сұйығы мол ағзалар мен тіндер ұшырайды (мысалы, ми).

Гангрена. Тіндердің және ағзалардың некрозға үшырап, қан пигментінің өзгеруінен некроздалған ошақ көгерген немесе қарайған түске енеді. Көптеген жағдайда гангрена себебі тамырлардың зақымдалуы болып саналады. Сыртқы ортамен тікелей қатынасы бар ағзалар ұшырайтын некроздың бір түрi болып келеді. Гангрена құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ гангренаға тepi жиі шалдығады. Себебі: кейбір індетті аурулар, үсу, күю, т.б. Ылғалды гангренаға өкпе, ішек, жатыр шалдығады.

Гипербиотикалық процестер. Жасушалардың, тіндердің және ағзалардың шектен тыс өсіп-көбеюін гипербиотикалық процестер деп атайды. Бұл процестерге жататындар: гипертрофия, гиперплазия, регенерация, iciктep.

Гипертрофия — құрамындағы жекеленген жасушалардың көлемінің ұлғаюынан немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Жасуша саны қалыпты.

Гиперплазия – жасуша санының көбеюінен тіндердің немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Гипертрофия мен гиперплазияның сырқат организмде ішкі орта тұрақғылығын сақтауда мәнi зор.

Гипертрофия нағыз және жалған, физиологиялық және патологиялық болып жіктелінеді.

Нағыз гипертрофия паренхиматозды жасушалардың кобеюінен тіннің немесе ағзаның ұлғаюы және қызметінің артуы (мысалы, жүрек гипертрофиясы, буаздық жатырдың гипертрофиясы, т.б.)

Жалған гипертрофия дәнекер немесе май тін арқылы ағзаның ұлғаюы. Мұндай мүшенің қызметі кемиді.

Физиологиялық гипертрофия организмнің қалыпты тіршілік кезеңінде байқалады. Бұл жағдайда ағзаның ұлғаюы және қызметінің күшеюі байқалады (мысалы, буаздық кезіндегі жатырдың, жүрек және қаңқа бұлшық етінің гипертрофиясы).

Патологиялық гипертрофия ағзаға қолайсыз жағдай әсерiнен шамадан тыс күш түскен кезде байқалады. Tiн немесе ағза құрылымының және қызметінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, жүрек ақаулары кезіндегі жүрек гипертрофиясы, бір бүйректі алып тастағанда екіншісінің оның жұмысын қосымша атқару салдарынан гипертрофияға үшырауы.

Регенерация — бүлінген немесе жойылған тіндердің, ағзалардың қайтадан қалпына келуі. Регенерация тipi атаулыға тән құбылыс. Жануарлар сатысы неғұрлым төмен болса, регенерация процесі соғұрлым жоғары болады (мысалы, шаян үзіліп қалған аяғын бұрынғы қалпына келтіре алады). Жоғары сатыдағы жануарлар тіндерінің жекелеген түрінің регенерациясы емес. Жиі зақымдалатын тіндер тез қалпына келеді. (Мысалы, эпидермис, кілегейлі қабықтар, дәнекер тін).

Регенерация eкi түрлі болады: физиологиялық және патологиялық.

Физиологиялық регенерация дегеніміз— тіршілік кезінде қалыпты организмде болатын процесс (мысалы, қан жасушаларының, терінің, ішек-қарын, тыныс алу жүйелерінің эпителийінің алмасып тұруы).

Патологиялық регенерация дегеніміз — ерекше тітіркендіргіштің ықпалынан зақымдалған тіндер мен ағзалардың қалпына келу процесі.

Жараның жазылуы. Жара деп механикалық әсерлерден терінің немесе ағзалардың бүтіндігінің бұзылуын айтады.

Жараның жазылуында регенерация процесінің маңызы зор. Зақымдалған тері, сүйек, тамырлар, дәнекер тін қайтадан қалпына ерекше жақсы келеді. Ішкі ағзалардың жазылуы дәнекер тін арқылы өтеді, тыртықпен аяқталады. Жүйке жүйесінің тіндерінің закымдалғаннан кейін қайтадан калпына келуі өте әлсіз болады.

Жараның жазылуы бірінші және екінші жетілу арқылы өтеді. Жараның жазылу процесі организм икемділігіне, қоректенуіне, жасына, жануар түріне және басқа да факторларға байланысты.

#Тіндердегі #патологиялық #процестер