Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз — Сценарилер — Bilim
Тіл — тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Қажиякпарова Дидар Көпжасарқызы
Алматы қаласы
№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей
«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тілдер мерекесі.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Жүру барысы:
І жүргізуші: Қайырлы күн, кұрметті оқушылар мен ұстаздар! Біз бүгін Қазақстан Республикасының Тілдер күніне жиналдық.
Мемлекетіміз біреу. Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі. Сан ғасырлы тарихымыздың куәсі — көпұлтты еліміз бар. Сол көпұлтты халқымыздың басын біріктіретін — рәміздеріміз. Бүгінгі салтанатымызды Мемлекеттік рәміздерге құрметтен бастайық.
Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының Тілдер күіне арналған салтанатқа қош келдіңіздер! Сіздерді ұлттық мереке — Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз!
І жүргізуші: Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
22 қырқүйеқ күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қантарда елбасымыз Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланды.
ІI жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға ана тілімізді ұмыт қылмай 3 тілді меңгеруді міндет етті.
Көп тіл білу – өмірді жаңа қырынан ашу. Өйткені біз тілмен бірге сол халықтың салты мен дәстүрін. Мінез- құлығын, жан дүниесін ашамыз. Біздің мектебімізде де 20 дан астам ұлт өкілдері оқып, білім алады. Олар бір –бірімен бір үйдің баласындай тәрбиеленуде.
І жүргізуші: Осы шаңырағымыздың басшысы, мектебіміздің директоры ……. сөз кезегін ұсынамыз.
ІI жүргізуші: Елімізде 140- тан астан ұлттар мен ұлт өкілдері тұрыды. Әр ұлттың өз мәдениеті, тілі, тарихы, бір-бірімен байланысты тағдыры бар.
І жүргізуші: Тілдер мерекесінің идеясы: тіл – халық мәдениетнің бір бөлігі. Ұлттардың мәдениеті — мемлекетіміздің өркениетінің бір бөлігі.
ІI жүргізуші: Сондықтан да мемлекетіміздегі әр ұлт өзінің тілін үйренуге, сақтап ұрпақтан–ұрпаққа беруге құқылы.
І жүргізуші: Қазақ тілімен орыс тілінен басқа тілдеріміз де дамуда.
ІI жүргізуші: Елімізде ұлттық мәдени орталықтар, ұйғыр, қазақ, татар, неміс, украин, түрік сыныптары бар мектептер жұмыс істейді.
І жүргізуші: Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы.Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.: Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан.
ІI жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдеріне сөз берейік.
І жүргізуші: Қазақ халқы. Ортаға шығады.(Қазақ халқы туралы қысқаша мәлімет.)
Қазақ биі «Қамажай». 6 «Г» сыныбының орындауында. Қабыл алыңыздар!
ІI жүргізуші: украин ұлтын қошеметпен қарсы алыңыздар! Ортаға шығады. ( Украин халқы туралы қысқаша мәлімет.)
Украин әні
І жүргізуші: Орыс халқы өкілдерін ортаға шақырамыз. Ортаға шығады.(Орыс халқы туралы қысқаша мәлімет.)
Орыс биі
ІI жүргізуші: Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ол ғылым,саясат, экономика тілі. Сондықтан біз оны білуіміз қажет. Ел басымыз да біздің алдымызға осындай мақсат қойып отырғаны белгілі.
І жүргізуші: біздің мектептің оқушылары осы міндетті қалай орындап жатыр екен.
6 «а» сыныбын ортаға шақырамыз. «Маша мен аю»
І жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
Музыка ойнап, «Қазақ тілі» көрінісі көрсетледі.
Қазақ тілі (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын? ……
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды.
Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.
Төле би: Темірлан.
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Қазыбек би. Алдияр
Налыма!
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би: Альнұр
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
1-оқушы: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
2-оқушы: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
3-оқушы: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
4-оқушы: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
5-оқушы: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
1-оқушы: Туған тілім — тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,-
2-оқушы Халқым- теңіз толқыған, тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем.
3-оқушы: Ана тілің — арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
4-оқушы: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
ІI жүргізуші: Ән «Ана тілі» . 5 «а» сыныпоқушылары.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
Ән «Қазақ елі осындай» 6 сынып оқушылары.