Тіл мерекесіне арналған сценарий

0

Пән мұғалімі: Асқанбаева Қалжан

6 сынып
Тақырыбы: Тілім менің — мәңгілік тақырыбым
Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, кеспе қағаздар, т. б.
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар!
2 — жүргізуші: Армысыздар оқушылар!
1 — 2жүргізуші: Бүгінгі біздің «Тілім менің — мәңгілік тақырыбым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

1 — жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!-
деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі 6″А»- сынып оқушыларымен өткізілетін «Тілім менің — мәңгілік тақырыбым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер»

Сабағымыз 4 бөлімнен тұрады.
1. «Ана тілім — мерейім»
2. «Ана тілі — білімнің кілті»
3. «Тіл — жұтамас байлық»
4. Қорытынды.

2 — жүргізуші: Туған тілім бабам тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз тілім.
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар: өз ұстанба,- дей отырып біз оқушыларға сөз берейік. Оқушылар «Ана тілім — мерейім» бөлімінде ана тілі туралы өлеңдерін жатқа оқиды.

2 — жүргізуші: Ту еткен шешендік өнерді,
Қазақтың үш биі беделді.
Елінің елдігін ойлаған,
Шақырам: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек биді.

1 — жүргізуші: Енді,»Ана тілі — білімнің кілті» бөлімінде «Қазақ тілі» — деп аталатын грамматикалық сұрақтарға кезек берейік.»Қазақ тілі» деген жазудан әрбір оқушы бір әріп таңдайды. Ондағы жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Қ — Халық ауыз әдебиеті.
1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
2. Еңбек туралы мақал — мәтел айт
3. Жаңылтпаш айт

А — Қазақ әдебиеті.
1. Абай (Қ) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады.

З — Қазақстан тарихы.
1. Ата заң қашан қабылданды?
2. Тәуелсіздік күнін қашан тойлайды?
3. Алғашқы «Алтын адам» қайдан табылған?

А — География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
3. Қазақстанда қанша облыс бар?

Қ — Қазақ тілі.
1. Көп тілді білетін адам кім?
2Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
3. Сөз таптарын атап бер.

Т — Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата
2.»Үш бәйтерек» кімдер?
3.»Бес арысты» ата

І Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты балуаны?
2.»Айша бибі кесенесі қайда орналасқан?
3. Шыңғыстауда(Семейде) қандай атақты адамдар туған?

Л — Полиглот жұмбақ
1. Асқар тауда қара орман(шаш — волосы — хеir)
2. Қимылдаса қос шебер, Қыруар — қыруар іс өнер (қол, рука, hand)
3. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді (айна, зеркало, mirror)

2 — жүргізуші: Бәйге сұрақтары.
1. Өнер алды не? (қызыл тіл)
2. Ең бірінші бақытым…. (халқым)
3. Үш биді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
4. Тілдің ең негізгі қызметі? (сөйлесу қарым — қатынас жасау)
5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім)
6. Ашу дұшпан -… (ақыл дос)
7. «Үш бәйтерек дегеніміз кім? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
8. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (бәйге)
9. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж. 11 — шілде)
10. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы? (құран)

1 — жүргізуші: «Мақал сөздің мәйегі»
1. Жеті рет өлшеп…(бір рет кес)
2. Тіл тас жарады,…(тас жармаса бас жарады)
3. Тіл — жұтамас…(байлық)
4. Көп тыңда… (аз сөйле)
5. Өнер көзі -… (халықта)
6. Ана тіліңді ұмытқаның -… (өз ұлтыңды ұмытқаның)
7. Ақыл азбайды… (білім тозбайды)
8. Өнерлі…(өрге жүзеді)

2 — жүргізуші: Ендеше біз «кім жылдам, кім шапшаң» ойынын ойнайық. Мен сендерге 2 мәрте жаңылтпашты қайталап айтамын, ал сендер соны 3 мәрте үздіксіз жатқа айтасыңдар.
1. Аспан ақ па?
Ақ қар ақ па?
Ақ қар ақ,
Ақ парақ па?

2. Ал же,
Же бал.
Бал же,
Жеп ал.

3. Қанша ана сана
Шана шөп келді.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз осымен бүгінгі»Тілім менің — мәңгілік тақырыбым» атты ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Ал енді біз мұғалімдерге сөз берейік.(Қатысушы мұғалімдерге сөз беріледі)

Қорытынды.
Мұғалім: Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі — қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз — Ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа! Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу — білім, еңбек жолында ана тілінің қамқоры бола біліңдер!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!