«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Автор: Бердугожина Сания Қайрбековна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-21


Материал туралы қысқаша түсінік

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы. Апталық өткізгенде пайдасы өте көп. Бұл материал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін пайдасы орасан зор деп ойлаймын. Материалдың ішінде жоспар, сабақ жоспары, қорытындысы және сабаққа өзіндік талдау барлығы жазылған.




«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы 2017 жылы 20 — 24 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өтті. Апталық жоспары бойынша әрбір сынып оқушылары түрлі іс- шараларға қатысып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.20.11.2017 күні саптық жиында оқушылар апталықтың жоспарымен таныстырып, ашылуында өлеңдер мен қара сөз оқып, қабырға газетін шығарды. Ойын «Әңгімедегі қимыл — қозғалыстар» ұйымдастырылды. 5 – 9 сынып оқушылары белсене қатысып, газет шығарды. Барлық сыныптың газеттері талапқа сай. Шығарған газеттері барлық сыныптарда үздік деп танылды.21.11.2017 күні  саяси хабарлама «Әдеби әлемге қош келдіңіздер!» (жұмбақтар шешу, мақалдар айту, сұрақтар). Бұл сайыста 10 ұпайлық,20 ұпайлық, 30 ұпайлық конверттің ішінде викториналық сұрақтар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар жасырылды. Әркім өзі таңдаған конверттің ішінен сұрақтарды алып, жауап берді. Ең көп ұпай жинаған 7 – сынып оқушылары. Атап айтқанда Қаниев Мадияр үздік жауап бергені үшін марапатталды. «Ана тілің – арың бұл» тақырыбында шығармалар байқауы өткізіліп, анықталып, 5- сынып оқушысы Әскерхан Ақнұр мен 6 – сынып оқушысы Буленқанов Бектас шығарманы үздік жазғандары үшін марапатталды.22.11.2017 күні «Абай оқулары» байқауы (өз таңдаулары бойынша қара сөз жаттау). Оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздерін жатқа мәнерлеп айтып, мағынасын ашты. Атап айтқан байқауда 9 – сынып оқушысы Тілепалдинова Шұғыла мен 8 – сынып оқушысы Қабашов Әнуар үздік оқығандары үшін сыйлық табыс етілді.23.11.2017 күні жатқа мәнерлеп өлең, монолог, мысал өлең оқу. Сайысқа   оқушылар белсене қатысты. Оқушылар сайыс барысында өздерін еркін ұстады. Монолог оқығанда 6 – сынып оқушысы Буленқанов Бектас «Қылау» әңгімесіндегі Сатайдың образын жақсы көрсетті. Ал өлеңді 9 – сынып оқушысы Тілепалдинова Шұғыла мәнерлеп, айтты. Мысал өлеңді 5 – сынып оқушысы Қабылжанова Ажар нақышына келтіріп, жатқа оқыды. 27.11.2017 күні 6 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сын есімнің мағыналық түрлері» тақырыбында ашық сбақ өткізілді. Пән мұғалімі Бердугожина Сания Кайрбековна. Ашық сабақ  директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды.            9 – сыныпта әдебиет пәнінен «Жазу тарихы»  тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Ахметчанова Гаухар Бериковна.    Ашық сабақ  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, интерактивті тақтамен және өз ойларын ортаға салып талдады.

Күні: 27. 11. 2017Сыныбы: 6Пәні: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы. Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б)тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру,топтастыру, сұрақ-жауап, тест жұмысы, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру,сергіту сәті, жаттығу жұмысы, бекіту, қорытындылау, бағалау.Пәнаралық байланыс: әдебиетСабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі.

  • Тренинг «Танысу». Шарты: Өз есімінің басқы әріпінен басталатын сын есім ойлауы керек.
  • Кезекші мәлімдемесі.4.Журнал бойынша түгелдеу.

Топқа бөлу. Өздеріне ұнаған түсті гүлді таңдайды. Екі топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды.Әр кезең бойынша топ басшылары бағалау парағына бағалап отырады.

  • Күміс қоңырау тобы.

6. Жаңа сабаққа дайындық.ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  • Өткен сабақты тест тапсырмасы арқылы сұрау.
  • Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  • Дәптерлерін алмастыру.
  • Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардан «Сын есімнің жасалуы» такырыбы жайлы сұраймын, түсіндіремін.Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жүмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б. Бүл сияқты сөздер — әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.Басқа сөз табынан жүрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел),кеш-кі, (ауа.),өнер-лі (жігіт), аудан-дық (әкімшілік), азамат-тъқ (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат), т. б. Түлғасы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшаданұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер дегеніміз — жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады. Мысалы : қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам), т. б. сын есімдердің түбірі зат есімдер болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыс-палы (егіс), үсте-ме (ақы), т. б. сын есімдердің түбірі — етістіктер. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнактар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есімдер, сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы- шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа, т. б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Ал бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды түбірден) тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:

  • -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т. б.
  • -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, ат-сыз, т. б.;

3)-ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-гы, күз-гі, түн-гі, т. б.;

  • -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік,т.6.;
  • -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т. б.;
  • -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т. б.;

7)-дай, -дей, -тай, -тей: үй-деп, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей, т. б.;

  • -кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, бәле-қор,жем-қор, шай-қор, өнер-паз, жең-імпаз, т. б.;
  • -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, түрк-і, қалмақ-ы, алтай-ы, т. б.Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жүрнақтар мыналар:
  • -ғак, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қақ, тай-ғақ, ур(і)к-ек, қор(ы)қ-ақ, бөл-ек, т. б;
  • -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік, т. б.
  • -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш, т. б.;
  • -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, үш-қыр, ал-ғыр, тап-кыр, біл-гір, т. б.;
  • -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ, т. б.;
  • -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т. б.;
  • -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, құра-нды, түй-інді, т. б.;
  • -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т. б.;
  • -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т. б.;
  • -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т. б.;
  • -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;
  • -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, ес-пе, боя-ма, т. б.

Ескерту.1. Көрсетілген жү-рнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, лік, -дық, -дік, -тық, -тік жүрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б.; -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, тоты-дай сайрады, көйлек-шең т.б.1) Сематикалық картамен жұмыс.2) Жаттығу орындау (тақтамен, кітаппен жұмыс)

в) Сергіту сәті: Ойын «Көрерменнен көрімдік»

г) Сабақты бекіту: 1. Тапсырмалар орындау (топпен жұмыс)2. Венн диаграммасы (топ басшыларымен жұмыс)

д) Сабақтың қорытындысы:

  • «Инсерт» кестесі (жекелей жұмыс)
  • Үйге тапсырма: «Қонақта» тақырыбында сын есімді қатыстырып, шағын эссе жазу. 3. Топ басшылары бағалайды.

Тексердім:

Сабаққа өзіндік талдау 6 – сыныпта барлығы 7 оқушы бар. Оның 2 – еуі қыз бала, ал 5 – еуі ұл балалар. Оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынасы өте жақсы, бауырмал, көмекке әрқашан әзір. Сыныпта биологиялық кемшілігі бар оқушы Кәкөшев Ғабит. Оның көру кемістігі бар. Оқушыларда психологиялық кемшіліктер жоқ. 6- сыныптың сабаққа дайындықтары жақсы, үйге берілген тапсырманы уақытылы орындайды. Ата – анамен қоршаған ортаның рөлі қалыпты. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру,топтастыру, сұрақ-жауап, тест жұмысы, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру,сергіту сәті, жаттығу жұмысы, бекіту, қорытындылау, бағалау.Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушыларға сын есімнің жасалуы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Пәнаралық байланыс: әдебиет. Себебі, тапсырмалар орындағанда мақал – мәтелдер, мәтіндер кездеседі.Оқушылардың қабілетіне сәйкес топтастыру стратегиясы, сематикалық карта, «Инсерт кестесі», Венн диаграммасы және т.б қолданылды.Көрнекіліктермен жұмыс жасап, тапсырма орындаған сайын қызығушылықтары артты.Сабақ барысында оқушылар жекелей де, топпен де жұмыс жасады. Техникалық құралдар, көрнекіліктер мүмкіндігінше пайданалынды. Жалпы қойған мақсатқа жеттім. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, сабақты өте жақсы меңгерді.

«Жаңа – Үлгі негізгі орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің жасалуы»

Мұғалімі: С. К. Бердугожина

2017 – 2018 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.