Тік ішектің хирургиялық анатомиясы және физиологиясы туралы қазақша

0
267

Тік ішек (rectum) тоқ,немесе жуан ішектің жамбас қуысында орналасқан ең соңғы (дистальді) бөлігі болып есептеледі. Оның ұзындығы орта есеппен 15-17 см тең. Тік ішектің орналасуына қарай негізгі екі бөлімін ажыратуға болады: а) жамбас қуысында орналасатын және б) бұтаралық бөлімдері. Ал тік ішектің өзі үш бөлімнен құралады: а) ампула үсті немесе ректосигмоидты бөлім (ұзындығы 4-5 см); б) ампулярлық бөлім (8-10 см) және в) бұтаралық немесе анальдық бөлім (3-4 см). Тік ішек парсыз, яғни сыңар (жоғарғы тік ішек артериясы, а rectalis superior) және екі парлы (ортаншы a. rectalis media және төменгі тік ішек a. rectalis inferior) артериялармен жабдықталған. Тік ішектің көк тамырлары оның артерияларымен аттас болады. Олар қосарласып қақпа және төменгі қуыс веналарына құйылады.

Тік ішекті зерттеу тәсілдері. 1. Anus айналасын көзбен шолып көру. Бұл тәсілмен аталмыш аймақтағы өзгерістерді, қабыну белгілерін (ісіктену, қызару т.с.с.) немесе басқадай патологиялық өзгерістерді анықтайды.

  1. Тік ішекті саусақпен зерттеу. Қолға резеңке қолғап киіп зерттеуші сұқ саусағын тік ішекке енгізіп, саусақ жеткен жер аралығын зерттейді. Бұл зерттеу қарапайымдылығына қарамай тік ішек ауруларының диагнозын анықтаудағы маңызы ерекше.
  2. Ректоромано — және аноскопия. Тік ішекті арнайы аспаптар, ано және ректороманоскоптың көмектерімен тікелей көзбен көріп зерттеу.

4.Колоноскопия. Тік және, қажет болса, тоқ (жуан) ішектің барлық бөліктерін (соқыр ішекке дейін) арнайы аспаппен (фиброколоноскоп) зерттеу.

#Тік #ішектің #хирургиялық #анатомиясы #және #физиологиясы